1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Портрет поэтикасы. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы портрет



бет52/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

87. Портрет поэтикасы. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы портрет
үлгілерін талдау.
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романы ХХ ғ.б. қоғамдық ахуал мен кезең көріністерін, өмір-уақыт шындықтарын,қыр көріністері мен ауыл суреттерін,жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберлік сырларын, шабытты шақ пен талант қолтаңбасын айқындаумен қоса негізгі тұлғаның (Ақбілек ) адами әлемі мен бедерлі бейнесін, тағдыр-талайын, ауыл-елдің тұрмыс – дәстүрлерін,қарым-қатнасын, тәрбие тағлымдарын т.т. жан-жақты ашады.
Ақбілек» әлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ел мұратын асқақтатқан,ұлт руханияты мен көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды.Жазушы еңбегі мен шығармашылықтағы ізденіс арналарын,жанр жүйесі мен көркемдік мұратты,тілдік-стильдік құбылыстарды бейнелі бедерлеген айшықты қолтаңба жемісі.
Жазушы Р. Тоқтаров «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады деген екен. Ақбілектің көзі құралай, күлкісі атқан таңдай болып, бойы құба талындай суреттеледі. Оның кейінгі тағдыры орыстың қолына түскен әлдеқандай сорлының қара құманындай, қора астауындай, Жырық шөміштей мұңды, қайғылы. Алыс Алтайдың аруы, Марқакөлдің көркем сұлуы амалсыз уақыт дегеніне көнеді. Әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының қарапайым қыз өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, көп қиыншылықты басынан кешірсе де мойымады. Жас ару бүлінген тағдыры, күлі көккеұшқан арманы, аяққа тапталған ары үшін уайым жейді.
Ақбілек – теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.
88. Ә. Кекілбаевтың «Күй» повесіндегі табиғат көрінісі
Ә.Кекілбаев шығармашылығында шоқтығы биік тұратын туындылардың бірі -«Күй» повесі. Автордың талай тарихи шындықтан хабар беретін, оқырманды сол күймен бірге ой шыңырауына түсіретін, ұлттық сана-сезімнің биігіне жетелейтін, кейіпкерлер тағдыры өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп тұратын тың шығарма. Жазушының стилі ерекше, әлемдік әдебиет сахнасында соны образдармен келуге болады, бірақ Әбіш шығармашылығы, әсіресе “Күй» - қазақтың ұлттық тамырымен астасып жатыр, болмысымен біте қайнасқан. Оның қаламгерлік шеберлігі, ұлттық әдебиеттегі орны сонысымен құнды.
Қоңыр дала, иесіз дала, бедерсіз кеңістік, жапан дала, аптап, ен дала, қауым молалар, Қарауыл төбе, теріскей көкжиек, нәр тамбаған ала дөң, көктеңізге іреп кіріп жатқан пышақтың жүзіндей жіп-жіңішке қара түбек, көк теңіз, салхар сахара, күн жеп, жел мүжіп тастаған қара жартас, ызғыған қара дөң, сағым ,т.т толып жатқан дүниелер – толықтай шығарманың сұлу суретін көз алдыңызға келтіріп қоятын реалды кеңістік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет