1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы



бет42/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Әйтеке би. Әдебиет, өнер тарихында рухани таза болмысымен, турашылдығымен, даналығымен, күйлі-қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл-ой алыптарының бірі – Алшын Әйтеке би. Ол ұлтының біртұтастығын сақтаған, мемлекеттің ігретасын көркейте қалаған, елінің есендігі мен еңсесі биік болуы үшін қайраткерлік, санаткерлік, мәмлегерлік, батырлық, шешендік өнерінің күш-қуатын мейлінше сарқа пайдаланған текті өнерінің күш-қуатын мейлінше сарқа пайдаланған текті тұлға.
Әйтеке би Нұрата тауының Бұқарға қарай созылған Қызбибі тауының сілемінде 1644 жылы өмірге келген (қазіргі Өзбекстан Республикасы Науайы облысы). Ол он екі жасына дейін ұлы әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген. Бұқар мен Самарқан медреселерінде араб-парсы тілдерін үйренген.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды
Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар,
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң тоқырар,
Кісіге бірге туыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Өрелі өркениетті біртұтас мемлекет болу үшін ынтымақ, бірлік ауадай қажет. Ел ішінде ауыз бірлік болса, берекелі, мағыналы істер мол болады. Адамның жүйкесі тозбайды, жұмысқа қабілеті ерекше артады, өмірін көркейтеді, елін есейтеді.
48.Төле бидің елдің бірлігі жолында атқарған қызметі және билік шешімдері.

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. Тауке ханның басқару кезінде


Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет