1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде сауданың, қала өмірінің, мәдениет пен ғылымның дамуы



бет10/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
12. Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде сауданың, қала өмірінің, мәдениет пен ғылымның дамуы Қалалық мәдениетті археологиялық зерттеу жаңа материалды анықтауға, оны жүйелендіруге және бірқатар мәселелерді, соның ішінде қала мәдениетін көшпелілікпен тығыз қарым-қатынаста дамыту аспектісін қарастыруға мүмкіндік берді. Көне түркі мемлекеттері дәуірінде, әсіресе Қараханид мемлекеті кезінде көшіп-қонудың аумағы шектеледі, қоныстардың бағыттары тұрақталады, тұрақты қыстау мен жайлау бекітіледі, егіншілік дамып, жеке рулық бөлімдердің отырықшылыққа ауысуы орын алады. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат, жалпы тіл мен жазба қалыптасады, сауда және дипломатиялық байланыстар дамиды. Қалаларды әкімшілік тұрақтар, қолөнер, сауда, мәдениет орталықтары ретінде қалыптастыру үрдісі жүреді. Қала мен даланың өзара іс-қимылының мәдени аспектісі өзара әрекеттесу, алыс-беріс, еліктеу, интеграция сияқты құбылыстармен сипатталады. Мысалы, отырықшы халық көшпелілерден қару-жарақтың, әшекейлердің, бағалы металдардан жасалған ыдыстардың түрлерін қабылдап алды. Алайда, отырықшы халық толықтай көшіру жолымен емес, бұл бұйымдарға өздерінің ерекше элементтерін әкелді. Өз кезегінде көшпелілер өздеріне қажетті бұйымдарға деген сұраныстарды тек дамыған қала қолөнері болған жағдайда ғана толық қанағаттандыра алды. Негізінен ертедегi және дамыған ортағасырлық мемлекеттер кезiнде феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік бiрлестiктердiң пайда болуы, отырықшы егiншiлiк пен қалалардың өсуi, бiрiгiп, топтасуға бағытталған этникалық өзгерiстердiң күшеюi Орта Азия, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен экономикалық және мәдени байланыстар Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетiнiң өсуiне ықпал еттi.


13. Қарахандар мемлекетінде исламның мемлекеттік дінге айналуы және оның түркілердің рухани және мәдени өміріне тигізген әсері мен ықпалы. Қарахан мемлекеті ІХ ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығы арасында өмір сүрген ең ірі ортағасырлық мемлекет. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияның Шығыс жартысында Амударияға дейінгі аумақты алып жатқан бұл мемлекеттік құрылым тарихы өте қызықты әрі күрделі. Қарахан мемлекетінің құрылуы қазіргі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында маңызды орын алады. Қарахан мемлекетінің құрамына кірген қарлұқ, шігіл, яғма, тухси, т.б. тайпалар кейін қазақ, өзбек, қырғыз т.б. халықтардың қалыптасу процесінде шешуші рольге ие болды десек қателеспейміз. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның 995ж баласы Сатұқтың ұлы Мұсаның қолына өтті. Мұса қаған 960 жылы исламды Қарахан мемлекетінің мемлекеттік діні ретінде жариялады. Бұл исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған тұңғыш түрік мемлекеті еді. Мемлекеттің орталығы Қашғар қаласы болды. Сатұқ Боғра ханның екінші ұлы Сүлеймен ілік Баласағұнда билік жүргізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет