1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Тақырып 9. Әкімшілік алдын алудың жекелеген мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі іс жүргізу



бет55/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
дәріс1

Тақырып 9. Әкімшілік алдын алудың жекелеген мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі іс жүргізу
§1. Әкімшілік алдын алудың жекелеген мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өндірістің жалпы сипаттамасы
§2. Әкімшілік ескертудің жекелеген мәжбүрлеу шараларын қолданудың іс жүргізу тәртібі
§1. Әкімшілік алдын алудың жекелеген мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өндірістің жалпы сипаттамасы
Процестік мәжбүрлеу шаралары мыналар:
1) ескерту;
2) сот отырысы залынан шығарып жіберу;
3) ақшалай өндіріп алу процестік мәжбүрлеу шараларына жатады.
Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздері мен тәртібі
ҚР ӘҚБтК-тің 123-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Сот ҚР ӘҚБтК-тің 122-бабының 3) тармақшасында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұйғарым шығарады.
Осы ұйғарымға шағымдану процестік мәжбүрлеу шараларының орындалуын тоқтата тұрмайды. Ақшалай өндіріп алуды қолдануға жеке шағым беруге өндіріп алу орындалғаннан кейін жол беріледі. Егер таңдап алынған процестік мәжбүрлеу шарасы нәтиже бермеген жағдайда, процестік мәжбүрлеудің өзге шарасын қолдануға жол беріледі. Процестік мәжбүрлеу шаралары қайталап қолданылуы мүмкін. Адамға процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану бұл адамды ҚР ӘҚБтК-те белгіленген тиісті міндеттерді орындаудан босатпайды. Егер сот отырысы тәртібін бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жолдайды.
Ескерту
Төрағалық етуші сот отырысының залында тәртіп бұзған адамға ескерту жасауға
құқылы. Сонымен бірге төрағалық етуші тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда, оған қатысты неғұрлым қатаң мәжбүрлеу шарасының қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
Сот отырысы залынан шығарып жіберу
Әкімшілік процеске қатысушы адамдар өзіне жасалған ескертуден кейін сот отырысының залында тәртіпті бұзған жағдайда, төрағалық етуші оны әкімшілік істі қараудың барлық кезеңінде немесе оның бір бөлігінде шығарып жіберуге құқылы.
Тәртіп бұзушы басқа да қатысушы адамдар сот отырысында төрағалық етушінің өкімімен оларға алдын ала ауызша ескерту жарияланбай шығарылуы мүмкін.
Ақшалай өндіріп алу
Сот ҚР ӘҚБтК-те белгіленген жағдайларда ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Ақшалай өндіріп алу он айлық есептік көрсеткіштен бастап бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады және жеке, лауазымды адамнан, заңды тұлғадан не оның өкілінен өндіріледі. Сот ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарады, оның көшірмесі ақшалай өндіріп алу қолданылатын адамға тапсырылады.
Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені қарау мәжбүрлеу шарасы қолданылатын адамға алдын ала хабарлана отырып сот отырысында жүргізіледі. Іске қатысушы адамның талаптарды, соттың сұрау салуын орындамағаны, сотқа келмегені, сотты уақтылы хабардар етпегені, соттың кері шақыртуын уақтылы тапсырмағаны үшін сот он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады.
Соттың шешімін, тараптардың татуласу немесе медиация туралы келісімін бекіту туралы соттың ұйғарымын орындамағаны үшін ұйғарымда сот шешімі орындалуға жататын бір айдан аспайтын мерзімді көрсете отырып, сот елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады. Ақшалай өндіріп алуды төлеу ұйғарым табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және республикалық бюджеттің кірісіне өндіріледі. Ақшалай өндіріп алу қолданылған адам оны төлеуден босату немесе ақшалай өндіріп алудың мөлшерін азайту туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы. Арызсот отырысында арыз берушіні шақырта отырып қаралады.
Ақшалай өндіріп алу қолданылған кезде сот ұйғарымның орындалуын кейінге қалдыруға немесе екі айға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет