§2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін адамдардың (органдардың) әкімшілік-іс жүргізу мәртебесі Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) мамандандырылған әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) ҚР ӘҚБтК-те уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)құзыретiнiң аражiгiн ажырату Судьялар ҚР ӘҚБтК-пен өздерiнiң жүргізуіне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, ҚР ӘҚБтК-тің 684-бабында көрсетiлген iстердi қоспағанда, iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолданады.
Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде әкімшілік қамаққа алу, шетелдiктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты адамға берiлетін арнайы құқықтан айыру (оның iшiнде көлiк құралын жүргізу құқығы), заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
ҚР ӘҚБтК-тің 24-бабына сәйкес, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан адамның жазбаша арызы бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi, егер бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қарауға дейін берілсе, судья қарайды.
Кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене бітімі немесе психикалық жағдайы бойынша құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып табылатын: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның немесе жәбірленушінің заңды өкілінің жазбаша арызы бойынша не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша іс мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттарда, мұндай болмаған кезде – жалпы юрисдикциядағы соттарда қаралуы мүмкін.
ҚР ӘҚБтК-тің 36-тарауында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайтын органдар мен лауазымды адамдардың тізімі қаралған (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволығы, лауазымды адамдардың iстердi қарау және
әкiмшiлiк жазаларды қолдану жөнiндегi құзыретi).
§3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың әкімшілік-іс жүргізу мәртебесі. Әкімшілік процеске қатысушылар Талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор әкімшілік процеске қатысушылар болып табылады. Әкімшілік сот ісін жүргізудегі өкілдік Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің ережелері бойынша жүзеге асырылады. Әкімшілік процестік құқық қабілеттілігі және әкімшілік процестік әрекет қабілеттілігі
Барлық жеке және заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар үшін әкімшілік сот ісін жүргізуде процестік құқықтарға ие болу және процестік міндеттерді мойнына алу қабілеттілігі (әкімшілік процестік құқық қабілеттілігі), егер олар осы Кодекске сәйкес өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін соттың қорғауы құқығына ие болса, тең дәрежеде танылады.
Өз әрекеттерімен процестік құқықтарды жүзеге асыру, оның ішінде әкімшілік іс жүргізуді өкіліне тапсыру және әкімшілік сот ісін жүргізуде процестік міндеттерді орындау қабілеттілігі (әкімшілік процестік әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған және әрекетке қабілетсіз деп танылмаған жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға тиесілі болады.
Заңда көзделген негіздер бойынша эмансипацияланған кәмелетке толмағандар өздерінің процестік құқықтары мен процестік міндеттерін эмансипацияланған кезден бастап жеке өздері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істер бойынша өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін өздері қорғауға құқығы бар. Соттың кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерін осындай әкімшілік істерге қатысуға тартуға құқығы бар.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектелген деп танылған адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды, алайда сот кәмелетке толмаған адамның өзін немесе әрекет қабілеттілігі шектелген деп танылған адамды, сондай-ақ прокурорды осындай істерге қатысуға тартуға құқылы.
Он төрт жасқа жетпеген кәмелетке толмаған адамның, сондай-ақ әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды.