1. Әкімшілік процесс ұғымы және құрылымы


Тақырып 15. Атқарушылық іс жүргізу



бет53/59
Дата22.10.2023
өлшемі252,21 Kb.
#120527
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Байланысты:
дәріс1

Тақырып 15. Атқарушылық іс жүргізу
§ 1. Атқарушылық іс жүргізу ұғымы, құқықтық реттеу, мақсаттары мен міндеттері
§ 2. Атқарушылық іс жүргізудің субъектілері мен қатысушылары
§ 3. Атқарушылық іс жүргізу сатылары.
§ 1. Атқарушылық іс жүргізу ұғымы, құқықтық реттеу, мақсаттары мен міндеттері
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңымен атқарушылық іс жүргізу қызметі реттелінеді. Оған сай, атқарушылық іс жүргізу деп борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар танылады.
Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады.
§ 2. Атқарушылық іс жүргізудің субъектілері мен қатысушылары
Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану сот орындаушыларына жүктеледі.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану ішкі істер органдары қызметкерлерінің, жеке сот орындаушылары көмекшілерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Атқарушылық iс жүргiзу тілі
Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.
Атқарушылық құжаттардың тiзбесi
Мыналар атқарушылық құжаттар болып табылады:
1) сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;
1-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешімдері негізінде берілетін атқару парақтары;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;
4) төреліктің шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқару парақтары;
4-1) соттардың талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;
4-2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;
6-1) жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама;
8) атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары;
9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы;
11) әкімшілік жаза қолдануға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;
11-1) атқарушылық жазба;
12) қылмыстық іс бойынша шығарылған мүлікке тыйым салу туралы сот қаулысы;
13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрық.
Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда атқарушылық құжатты берген орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен беретiн оның
телнұсқасы өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады.
Ол бойынша атқарушылық iс жүргiзу қозғалған атқарушылық құжат атқарушылық iс жүргiзу материалдарында болады. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудің қозғалғаны туралы қаулыны аталған атқарушылық құжаттың көшірмесімен қоса орындау үшін жібереді.
Сот орындаушысының қаулысы
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, атқарушылық құжат орындауға берілген күннен бастап атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша сот орындаушысы қабылдайтын шешімдер қаулылармен ресімделеді.
Сот орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қаулылар қағаз жеткізгіштегі қаулылармен тепе-тең мәнде болады.
Сот орындаушысының қаулысында:
1) аумақтық бөлімнің атауы және мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы;
2) қаулының шығарылған күні;
3) қаулыны шығарған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
4) қаулы шығарылатын атқарушылық iс жүргiзудің атауы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулыда атқарушылық
құжаттың атауы мен нөмірі;
5) қаулы шығарылатын мәселе;
6) қабылданатын шешімнің заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтемесі бар негіздемесі;
7) мәселенің мәні бойынша қабылданған шешімді көрсететін қаулының қарар жазылған бөлігі;
8) қаулыға шағым жасау тәртібі көрсетіледі.
Сот орындаушысы қаулыда өзі жіберіп алған жаңылыс жазуларды немесе көрінеу арифметикалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың өтініші бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын
шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулымен енгізіледі.
Мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою аумақтық бөлім басшысының - аға сот орындаушысының тиісті қаулысымен жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жоюды оны шығарған жеке сот орындаушысы не іс жүргізуіне атқарушылық құжат берілген басқа жеке сот орындаушысы, оның ішінде сот актісінің немесе прокурордың наразылығының негізінде жүргізеді.
Сот орындаушысының қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді, міндетті түрде орындалуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сотқа он жұмыс күні ішінде шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы
Мыналар:
1) атқарушылық іс жүргізудің тараптары (өндіріп алушы және борышкер);
2) атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері;
3) сот орындаушысы;
4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сот приставы, жеке сот орындаушысының көмекшісі, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.
Атқарушылық iс жүргiзу тараптары
Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады. Атқарушылық iс жүргiзуге бiрнеше өндiрiп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүргiзуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.
Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi
Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік
келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет