1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет9/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Тесты-на-ПГА-ИиР-ВОП1-2012-год-каз

Фтизиатрия

281. Науқас 37 жаста. Флюорограмма: оң жақ өкпенің 2-ші сегментінде белсенді айқын контурлы диаметрі 3 см домалақ көлеңке анықталды. Түбірінде кальцинаттар. Объективті өзгеріссіз, шағымдары жоқ.


Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін болады?
1. Хондрома
2.Эхинококкоз
3.Өкперагы
4. Туберкулома
5. Пневмония

282. Бала 6 жас. 6 ай бұрын туберкулезден қай тыс болған атасымен қатынаста болған. Сол иығында БЦЖ тыртығы 2 мм. Манту сынамасы– папула 15 мм. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың., эозинофилдер – 6, лимфоциттер - 16, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында: оң түбірінің көлемі ұлғайған, құрылымды емес, түбір көлеңкесінің интенсивтілігі жоғарылаған, полициклды.


Қандай диагноз ЕҢ мүмкін болады?
1. Өкпенің ошақты туберкулезі
2. Біріншілік туберкулездік қосынды
3. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
4. Өкпенің инфильтративті туберкулезі
5. Туберкулезді плеврит
283. Науқас 48 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Тершеңдікке, дене қызуының 37,7°С дейін жоғарылауына шағымданады. Қанда ЭТЖ – 22 мм/сағ, лейкоциты – 11,0 тыс.. Справа над лопаткой выслушиваются единичные хрипы. Рентгенограммада: жоғарғы бөлігінің проекциясында гомогенді емес қараю анықталады. Қақырықта ТМБ табылды.
Қандай диагноз ЕҢ мүмкін болады?
1. Өкпенің ошақты туберкулезі
2. Өкпенің инфильтративті туберкулезі
3. Өкпенің диссеминирленген туберкулезі
4. Өкпенің кавернозды туберкулезі
5. Туберкулезді плеврит

284. Науқас 30 жас. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Әлсіздікке, дене салмағының жоғалтуына, қақырықпен жөтелге, дауыстың қарлығуына шағымданады. Физикальды: бронхиальды тыныс, ылғалды сырылдар. Қан анализінде: лейкоциттер – 12,0 мың, лимфоциттер - 11, ЭТЖ - 24 мм/сағ. Рентгенограммада: екі өкпенің жоғарғы және ортаңғы бөлігінде 5-10 мм аз және орташа интенсивтілікті көптеген ошақтар.


Қандай диагноз ЕҢ мүмкін болады?
1. Өкпенің ошақты туберкулезі
2. Өкпенің инфильтративті туберкулезі
3. Өкпенің диссеминирленген туберкулезі
4. Өкпенің кавернозды туберкулезі
5. Туберкулезді плеврит

285. Бала 10 жас. Манту сынамасы – папула 13 мм. Кешке дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына, түнгі тершеңдікке, жөтелге шағымданады. Рентгенограммада: оң өкпенің S1 бөлігіндеөкпе түбірімен байланысқан гомогенді емес қараю, оң түбірінің көлемі ұлғайған.


Қандай диагноз ЕҢ мүмкін болады?
1. Біріншілік туберкулездік қосынды
2. Өкпенің ошақты туберкулезі
3. Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
4. Өкпенің инфильтративті туберкулезі
5. Туберкулездік плеврит

286.Жасөсперім 16 жас. Профилактикалық қаралу кезінде флюорогроаммасында өзгерістер анықталды. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Соңғы жылы жиі суық тиюмен ауырады. Манту сынамасы – папула 17 мм. Қан анализі қалыпты. Рнтгенограммада: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің S1-S2 проекциясында ошақты көлеңкелер тобы аныөталды, сыртқы котурлары айқын емес, түбірлер өзгермеген.


Қандай диагноз ЕҢ мүмкін болады?
1. Өкпенің инфильтративті туберкулезі
2. Біріншілік туберкулездік қосынды
3. Өкпенің ошақты туберкулезі
4. Өкпе туберкулемасы
5. Туберкулезді плеврит

287. Флюорографияның артықшылығы неде:


1. Көптеген сау кісілерді зерттеу
2. Өкпе туберкулезінен қалған қалдықты өзгерістерді анықтау
3. Өкпе туберкулезі жағдайларын ерте анықтау
4. Диагнозды анықтау үшін қосымша зерттеулерді жүргізу керек
5. Микробиологиялық лабораториямен байланыс керек.

288. Туберкулез кезінде қақырық бактериоскопиясының маңыздылығы неде?


1. Науқастардың ең ауыр контингенттерін анықтайды
2. Эпидемиология жағынан ең қауіпті туберкулезды анықтау
3. Асқынуы бар науқастарды анықтайды
4. Мультирезистентті туберкулез түрімен ауыратын науқастарды анықтайды
5. Үрдіс шектелген туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте анықтайды

289. Егер 2 аптадан астам жөтелетін науқас медициналық көмек беретін мекемелерге қаралса, онда бірінші кезекте қандай зерттеуді жүргізу керек:


1. Манту сынамасы
2. Дақылдық зерттеу әдісі
3. Қақырық жағындысына микроскопияны жүргізу
4. Компьютерлі томография
5. Бронхоскопия

290. Туберкулезбен ауыратын бактерия бөлетін бір науқас бір жыл ішінде қанша адамға жұқтырады?


1. 1-3 адамды
2. 4-5 адамды
3. 6-10 адамды
4. 11-15 адамды
5. 16-20 адамды

291. Туберкулезге эпидемиологиялық бақылауды жүргізгенде ең маңызды шара болып табылады ?


1. Қарым қатынаста болған кісілерді зерттеу
2. Туберкулезбен ауырған ауыр науқастарды анықтау
3. Госпитализацияға мұқтажды туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау
4. Туберкулезбен ауыратын жұқпалы науқастарды анықтау
5. Асқыну бар науқастарды анықтау

292. Туберкулезге күдікті науқастан қақырықтың үш үлгісін зерттеген және рентгенде өзгерістер анықталған. Микроскопияның мәліметтері бойынша зерттелген қақырықтың үш үлгісі теріс нәтиже берді:


1. Фтизиатрдың кеңесі
2. Қақырықты қайтадан зерттеу
3. Қайта рентген зерттеуін жүргізу
4. Бейспецификалық антибактериальды терапия
5. Десенсибилизациялық терапия курсы

293. Қоғамда туберкулездің таралуына қарсы тұратын нәтижелі қорғаныс жолы қайсысы деп саналады?


1. Дәкелі масканы тұрақты киіп жүру
2. Қорғайтын түріндегі киім
3. Уақытылы анықтау және туберкулездің жұқпалы түрін сапалы емдеу
4. Тұрғындарға санитарлық ағартуды кең жүргізу
5. Санбюллетень, туберкулез жайында информациялық парақтарды шығару

294. «Мультирезистентті туберкулез» деген термин нені білдіреді?


1. Туберкулез микобактериясы Н және Z төзімділігі
2. Туберкулез микобактериясы Н және S төзімділігі
3. Туберкулез микобактериясы Н және Е төзімділігі
4. Туберкулез микобактериясы Н және R төзімділігі
5. Туберкулез микобактериясы Н және К төзімділігі

295. DOTS стратегиясы бойынша жұмсақ ошақты туберкулез қай категорияда емделеді:


1. 1 категория бойынша
2. 2 категория бойынша
3. 3 категория бойынша
4. 4 категория бойынша
5. 2 диспансерлік есеп тобы бойынша

296. Өкпенің ошақты туберкулезінің қарқынды фазасын неше ай емдейді:


1. 2 ай
2. 3 ай
3. 4 ай
4. 5 ай
5. 6 ай

297. Өкпенің ошақты туберкулезінің сүйемелдеуші фазасын неше ай емдейді:


1. 1 ай
2. 2 ай
3. 3 ай
4. 4 ай
5. 6 ай

298. 27 жастағы әйелде тез шаршау, еңбекке қабілетінің төмендеуі, тәбетінің төмендеуі, жөтелу, кешке жақын температурасы 38о дейін көтерілуі байқалады. Өкпеде сол жақ жауырын аймағында ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада: - сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суретінің тұсында әлсіз қарқынды ошақты көлеңкелер көрінеді. Қан анализінде лейкоциттер -9,8 х 109 және ЭТЖ 29 мм/сағ.


Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?
1. Милиарлы туберкулез
2. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы
3. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі
4. Карциноматоз
5. Өкпенің ошақты туберкулезі

299. Өкпенің ошақты туберкулезінің қарқынды фазасында тағайындайтын емді көрсетіңіз:


1. изониазид + этамбутол + стрептомицин
2. изониазид + этамбутол
3. изониазид + рифампицин + пиразинамид + этамбутол
4. изониазид + этамбутол + канамицин
5. изониазид + этонамид + капостат

300. Өкпенің ошақты туберкулезінің сүйемелдеуші фазасындағы емді көрсетіңіз:


1. Изониазид + этамбутол
2. Изониазид + рифампицин
3. Изониазид + пиразинамид
4. Изониазид + стрептомицин
5. Рифампицин + этамбутол

301. Оң өкпенің бірінші сегментінде орналасқан инфильтратты туберкулез, ТМБ (+) алғаш рет 25 жастағы әйелде анықталған, 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фаза 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды. Рентгенограммада – оң өкпенің 1-сегментінде шеті анық диаметрі 3х3 см дейін гомогенді көлеңке көрінеді.


Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?
1. Дөңгелек инфильтрат
2. Толған киста
3. Шеткі қатерлі ісік
4. Эхинококкоз
5. Туберкулема

302. Әйел 25 жаста. Диагнозы: оң өкпенің 2 сегментінің туберкулемасы, БК (-). І категория бойынша 6 ай емделді. Туберкулеманың диаметрі 6 см. Наркоманиямен ауырады.


Төменде көрсетілген емдеушараларының ішінде ЕҢ қолайлы қайсысы?
1. Антибактериальды терапияны жалғастыру
2. Үнемді резекция
3. Эндотрахеальды дәрі құю
4. Жасанды пнемвоторакс
5. Пневмоперитонеум

303. 50 жасар ер кісі. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберкулезінің ыдырау фазасы. ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша толық терапиялық курсын алдыңғы жылы алған. Терапевтік нәтижеге жетіп, бактерия бөлінуі тоқтаған, бірақ ыдыраған жерде каверна түзілген. Рентгенограммада сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде айқын контурлы жұқа қабырғалы сақина тәріздес көлеңке көрінеді.


Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?
1. Инфильтративті өкпе туберкулезі
2. Абсцестеленген пневмония
3. Туберкуломаның ыдырауы
4. Өкпенің кавернозды туберкулезі
5. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

304. Әйел 35 жаста, 2 апта бұрын дене қызуы 39о С дейін көтерілген, жөтел, жағымсыз иісті тәулігіне 300 мл қақырық пайда болған. Объективті: сол жақ жауырын аралығындағы кеңістікте өкпелік дыбыс қысқарған және осы жерде әртүрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қанда: лейкоциттер 20х109 /л, ЭТЖ 55 мм/сағ. Рентгенограммада – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күнгірттену көлеңке тұсында көлденең сұйықтық сақина тәріздес қуыстар көрінеді.


Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?
1. Өкпенің инфильтративті туберкулезі
2. Бронхоэктатикалық ауру
3. Абсцесті пневмония
4. Метастазды ісік
5 Инфаркты пневмония

305. Дәрігер-терапевт мамандығына инфильтративті туберкулезден клиникалық жазылып, диспансерлік бақылаудан шығарылған науқасты жұмысқа тұрғызу сұрағын шешіңіз?


1. МӘСК-на жіберу
2. Мамандығын өзгерту
3. Жұмысқа кірісу
4. СЭС-дан рұқсат алу
5. Мүгедектік тобын рәсімдеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет