1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет8/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Тесты-на-ПГА-ИиР-ВОП1-2012-год-каз

Акушерия және гинекология

256. 30 жасар әйел. Жүктіліктің 28-29 аптасы. Белдегі тұйық ауру сезімі, 3 күн бойы зәр шығаруының жиіленуіне шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаттары қалыпты түстес. Дене температурасы 36,70С. Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры тыныш, ұрық бойлай орналасқан, баспен жатуы. Жүрек соғу жиілігі минутына 136 соққы.


Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Зәрді бактериалды себу
2. Жалпы зәр анализі
3. Жалпы қан анализі
4. Зимницкий бойынша зерттеу
5. Нечипоренко бойынша зерттеу

257. 25 жасар әйел. Жанұя құрған. Бірінші рет етеккірі 2 аптаға кешіккенін байқады. Айналарда объективті қарау: жатыр мойны мен қынаптың жоғарғы бөлігі көгерген. Қынапта: жатыры қалыптыдан кішкене үлкейген, домалақ пішінді.


Аталған гормондардың ішінде қайсысы жүктілікті анықтау үшін ЕҢ тиімді?
1. Эстроген
2. Прогестерон
3. 17 кетостероидтарды
4. Хориондық гонадотропин
5. Фолликулстимулдеуші гормон

258. 27 жасар әйел. Уақытында босанудан 10 тәулікте жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністердің болуына шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Жүректің соғу жиілігі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. Жүрек тондары тұйықталған.


Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Ультрадыбыстық зерттеу
2. Рентгенография
3. Бимануальді зерттеу
4. Айналарда қарау
5. Компьютерлі томография

259. 32 жасар әйел. Жүктіліктің 34-35 аптасы. Бас ауруына, жүрек айнуына, көз алдында «шыбын-шіркейдің» болуына, эпинастрий аймағында ауырлық сезімінің болуына шағымданады. Объективті: Беті, аяғы, іштің алдыңғы қабырғасы ісінген. Пульсі минутына 100 соққы. Артериалды қысымы 170/100 мм.сбб. Жалпы зәр анализі: үлес салмағы 1002, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, белок 1,66 г/л, гиалинді және дәнді цилиндрлер-3, бактериялар ++.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамдысы қайсысы?
1.Преэкламсия
2. HELLP-синдромы
3. Жүктілердің ісіктері
4. Жүктілердің пиелонефриті
5. Артериалды гипертензия

260. 25 жасар әйел. Жүктіліктің 36-37 аптасы. Бас ауру, көз алдында «шыбын-шіркейдің» болуы, жүрек айну, бір ретік құсуға шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаттары боз. Аяқтарында, іштің алдыңғы қабырғасында ісінулер. Пульсі минутына 90 соққы. Артериалды қысымы -160/90 мм.сбб. Қан анализі: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин-105г/л, лейкоциттер-12х109/л, ЭТЖ-42 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок-0,66 г/л, лейкоциттер 5-6 көру алаңында, бірлі-жарым цилиндрлер.


Аталған препараттарың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
1. Магний сульфаты
2. Эуфиллин
3. Бендазол
4. Каптоприл
5. Папаверин

261. 30 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде ауруына, жыныс жлдарынан іріңді-қанды бөліністерге, әлсіздікке, қалтырауға шағымданады. 2 күн бұрын 7-8 апта мерзімінде медициналық аборт жасады. Объективті: тілі құрғақ,ақ өңезбен. Дене температурасы 38,50С. Пульсі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 120/70 мм.сбб. Айналарда: бөліністер іріңді-қанды. Қынапта: жатыры 6 апта жүктілігіндей үлкейген, консистенциясы жұмсақ, пальпациялағанда ауырады.


Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Допплерометрия
2. Метросальпингография
3. Компьютерлік томография
4. Ультрадыбыстық зерттеу
5. Рентгенологиялық зерттеу

262. Қандай кезеңді босанудан кейінгі деп атайды?


1. Алғашқы 1-2 апта
2. Алғашқы 2-3 апта
3. Алғашқы 4-5 апта
4. Алғашқы 9-11 апта
5. Алғашқы 6-8 апта

263. 24 жасар әйел. жүктіліктің 37 аптасы. Бас ауруға, соңғы екі күнде көрудің нашарлауына, көз алдында «шыбын-шіркейлердің» болуына, эпигастрийдегі ауруына шағымданады. Объективті: терісі бозарған. Пульсі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 160/105 мм.сбб. Беті, аяғы, іштің алдыңғы қабырғасы ісінген. Қан анализі: эритроциттер 3,2х1012/л, гемоглобин-91г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 0,066‰, лейкоциттер 5-6 көру алаңында,бірлі-жарым цилиндрлер.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Артериалды гипертензия
2. Жүктілердің пиелонефриті
3. Жүктілердің ісіктері
4. Преэклампсия
5. Жүктілердің анемиясы

264. 28 жасар әйел. Жүктіліктің 21-22 аптасы. Объективті: пульсі минутына 76 рет. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры тыныш, ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет. Ультрадыбысты зерттеуде плацентаның жатуы анықталды.


Аталған асқынулардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Анемия
2. Азсулық
3. Көп сулық
4. Қан кету
5. Үзу қаупі

265. 33 жасар әйел. Бірінші жүктілік 32-33 аптасы. Соңғы аптада ұрықтың көп қозғалуына шағымданады. әйелдер кеңесінде қаралады. 15 жасынан 2 типті қант диабеті. Объективті: іштің айнала өлшемі 104 см. жатыр түбінің биіктігі 36 см. жатыры кернелген, ауру сезімсіз. Ұрық тұрақсыз, қиғаш орналасқан. Жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет, ырғақты, қатаң. Флюктуация симптомы оң.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Көп сулық
2. Ірі ұрық
3. Кеш гестоз
4. Плацентаның жатуы
5. Фетоплацентарлық жетіспеушілік

266. 32 жасар әйел. Жүктіліктің 34-35 аптасы. Бас айналуға, шаршағыштыққа, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына шағымданады. Объективті: бойы 164 см, салмағы 59 кг, терісі бозғылт, құрғақ. Тырнақтары сынғыш, жұқарған. Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. ұрықтың жүрек соғу жиілігі анық, ырғақты минутына 136 рет. Қан анализі: эритроциттер 2,6х1012/л, гемоглобин - 82 г/л, лейкоциттер 6,2х109/л,ЭТЖ- 5мм/сағ.


Аталған препараттар тобының ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Кальций
2. В тобының витаминдері
3. Фолий қышқылы
4. Аскорбин қышқылы
5. Темір

267. Орташа дәрежесіне ЕҢ тән жүктілердің құсу жиілігі қандай?


1. Тәулігіне 1-ден 5 ретке дейін
2. Тәулігіне 6-дан 9 ретке дейін
3. Тәулігіне 10-нан 13 ретке дейін
4. Тәулігіне 14-тен 16 ретке дейін
5. Тәулігіне 17-ден 20 ретке дейін

268. Етеккір қызметінің бұзылуы әйел өмірінің қандай кезеңінде ЕҢ жиі кездеседі?


1. Менархе басталуынан алғашқы 2 жылда
2. Жыныстық қатнас бастағаннан кейін
3. Оральді контрацептивтерді алып тастағаннан кейін
4. Менопаузадан кейінгі кезеңде
5. Босанудан алғашқы бір жылдың ішінде

269. 28 жасар әйел. Қынаптағы күйдіру сезіміне, қышуына, зәр шығарғанда және жыныстық қатнас болғанда дискомфорттың, көп мөлшердегі жағымсыз иісті ақ бөлінділердің болуына шағымданады. 5 жыл бұрын жатыр ішілік спираль қойылған. Айналарда: жатыр мойны, қынап қабырғалары қызарған, ісінген. Бөліністері көп мөлшерде, біртекті, крем тәрізді, «шіріген балық» иісті, сұр түсті.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Уретрит
2. Вагиноз
3. Кандидоз
4. Цервицит
5. Трихомониаз

270. 21 жасар әйел. Жыныстық қатнас кезінде тік ішекке берілетін іштің төмнгі сол жағында кенет ауру сезіміне, әлсіздікке, бас айнулуға, жүрек айнуына шағымданады. Етеккір циклінің ортасы. Объективті: терісі бозарған, пульсі минутына 102 рет. Артериалды қысымы 85/55 мм.сбб. Іші кернелген, сол мықын аймағын пальпациялағанда айқын ауру сезімі.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Жедел аднексит
2. Кистаның айналуы
3. Жедел сальпингит
4. Түтіктік жүктілік
5.Аналық безінің апоплексиясы

271. 32 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде ауруына, жыныс жлдарынан іріңді-қанды бөліністерге, әлсіздікке, қалтырауға шағымданады. 2 күн бұрын 7-8 апта мерзімінде медициналық аборт жасады. Объективті: тілі құрғақ, ақ өңезбен. Дене температурасы 38,50С. Пульсі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 120/70 мм.сбб. Айналарда: бөліністер іріңді-қанды. Қынапта: жатыры 6 апта жүктілігіндей үлкейген, консистенциясы жұмсақ, пальпациялағанда ауырады.


Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Доплерометрия
2. Метросальпингография
3. Компьютерлік томография
4. Ультрадыбыстық зерттеу
5. Рентгенологиялық зерттеу

272. Аталған факторлардың ішінде ювенильді жатырдн қан кетуге ЕҢ жиі себебі қайсысы?


1. Қан аурулары
2. Қалқанша без қызметінің бұзылуы
3. Жыныс жүйесінің органикалық аурулары
4. Жыныс гормондары түзілуінің бұзылуы
5. Анасында жүктілік және босану кезіндегі асқынулары

273. 28 жасар әйел. Жүктіліктің 8-9 апта мерзімінде жасаған медициналық аборттан кейін, 6 ай бойы етеккірдің болмауына, іштің төменгі бөлігінде кезеңмен ауруына шағымданады. Презервативтермен сақталады. Объективті: айналарда: жатыр мойны гипертрофияланған, 2,5х2 см эрозия. Қынапты: жатыры жүктіліктің 6 аптасындай, пальпацияға сезімтал. Аналық бездері ерекшеліксіз. Ультрадыбыстық зерттеу: жатыр қуысы кеңейген, сұйықтықтың жиналуы байқалады.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Жатыр ішілік синехиялар
2. Цервикальді каналдың атрезиясы
3. Резистентті аналық бездер синдромны
4. Әлсіреген аналық бездер синдромы
5. Аналық бездердің тежелу синдромы

274. К., 19 жаста, 35-36 апталық жүктілікпен гастроэнтерологиялық бөлімшеге


еткізілді. Шағымдары: асқазан тұсында ауру сезім, құсу. Ауруын сапасыз тамақатан ұшынғаннан деп есептеді. Бөлімшеде асқазаны жуылды. Содан кейін бас аыуруы байқалды. Перзентзханаға ауыстырылды. Зерттегенде: тері қабаты бозғылт, екі балтырында ісік бар. ҚҚ 160/100 мм с.б., 165/90 мм с.б. Зәр анализі: тығыздығы 1018, лейкоциттер – 3-4, ақуыз - 4 г/л, гиалинді, түйіршікті цилиндрлер - 4-5. Дұрыс диагноз:
1. 35-36 апталық жүктілік. Тамақтан улану.
2. 35-36 апталық жүктілік. Преэклампсия ауыр дәреже, созылмалы пиелонефрит
3. 35-36 апталық жүктілік. Ауыр дәрежедегі преэклампсия
4. 35-36 апталық жүктілік. Созылмалы гломерулонефрит асқынуы
5. 35-36 апталық жүктілік. Гипертоникалық криз

275. Плацентаның толық емес жату, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністер кетіп, жатыр мойының ашылуы 2-3 см болған кездегі дәрігердің тактикасы:


1. Алдын ала амниотомиямен кесар тілігін жасау
2. Амниотомиясыз кесар тілігін жасау
3. Табиғи босану жолдары арқылы босандыру
4. Амниотомия және босануды белсендіру
5. Амниотомия және бақылау

276. Қалыпты орналасқан плацента сылынуының ЕҢ жиі кездесетін себебі:


1. Қатты толғақ
2. Ішке соққы
3. Кешкі токсикоз
4. Қысқа кіндік бауы
5. Қағанақ суы мезгілінен ерте кету

277. 30 минут ішінде бала жолдасының бөліну белгілері болмағанда жасалатын ЕҢ мүмкін әдіс:


1. бала жолдасын қолмен бөліп алу және шығару
2. Креде – Лазаревич бойынша бала жолдасын бөліп шығару
3. Абуладзе бойынша бала жолдасын бөліп шығару
4. Жатырға сыртқы массаж жасау
5. Метилэргометринді қан тамыр ішіне еңгізу

278. 35 жастағы әйел. Жүктілігі 35-36 апта. Ішінің оң жағы ауруына, бір сағат бойы жыныс жолдарынан қанды бөлунулер шығуына шағымдары бар. Баспалдақтан құлаған. Объективті: тері қабаттары бозарған, суық тер. Тамыр соғуы 110 рет. Қан қысымы– 85/50 мм.рт.ст. Ұрық қимылдары аздап анықталады. Жатыр аурады, ұрықтың жүрек соғуы 160 рет.


Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы дұрыс?
1.Мерзімінен бұрын босану мүмкіндігі
2.Мерзімінен бұрын босану
3.Ұақытындағы босану
4.Плацентаның сылынуы
5.Жатыр жыртылуы

279. 24 жасар әйел. Қынап, вульва аймағында қышыну мен күйдіру сезіміне шағымданады. 10 күн ауырады. Соңғы 3 күнде жағдайы нашарлады, симптомдары күшейді. 20 жастан жыныстық қатнаста, некесіз. Контрацепция: 1,5 жыл бойы марвелон. Айналарда: қынап, жатыр мойнының қынаптық бөлігі қызарған, ісінген. Бөліністер сұйық, көп мөлшерде, сары-сұр түсті, көпіршікті, жағымсыз иіспен.


Аталған препараттардың ішінде қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Синтомицин 1 х 2 рет
2. Метронидазол 1 х 2 рет
3. Метилурацил 1 х2 рет
4. Клотримазол 1 х2 рет
5. Стрептоцид 1 х 2 рет

280. Дәрігер жүктіліктің ерте мерзімін анықтау үшін қынаптық тексеру жүргізді. Көрестілген белгілердің қайсысы жүктіліктің ЕҢ нақты көрсеткіші болып табылады?


1. Жатыр мойны аймағының жұмсаруы
2. Жатырға пальпация жасағанда оның тығыздануы
3. Жатыр көлемінің ұлғаюы, оның жұмсақ консистенциясы
4. Жатырдың бір бұрышының асимметриясы
5. Жатыр көлемінің ұлғаюы және солға ығысуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет