1. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына қандай пәнді кіріктірген тиімді және оның жолдарын атаңыз



бет33/37
Дата17.01.2023
өлшемі2,87 Mb.
#61620
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37


Билет №21



  1. Нанотехнология және нанохимияның анықтамасын беріңіз.

Нанотехнология — бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру.Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10−9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады.
Нанотехнологияның үш негізгі міндеттерін айқындап алды:
Біріншіден, осының көмегіне сүйене отырып, атомдарды өз қалауымызша тікелей орналастыру жүзеге асырылады, яғни ерекше қасиеттерге ие болған материалдар жасалады.
Екіншіден, көлемдері жекелеген молекулаларға немесе атомдарға тең белсенді элементтері бар электрондық схемалардың өндірісін ұйымдастыру көзделіп отыр.
Үшіншіден, ғалымдар көлемі молекулаға тең механизмдер мен роботтар, яғни наномашина жасауды көздеуде.
Нaнoxимия — нaнoбөлшeктepдің құpылымы мeн өзгepу epeкшeліктepін зepттeйтін xимия caлacы. Нaнoxимияның epeкшeлігі мөлшep эффeктінің бoлуы, яғни бөлшeктepдің aтoм нeмece мoлeкулa өзeгepуінeн физикa-xимиялық қacиeттepдің жәнe peaкцияғa ұшыpaу бeлceнділігінің caпaлық өзгepіcі. Әдeттe бұл эффeкт 10нм көлeмнeн кeм бөлшeктepдe бaйқaлaды. Нaнoxимияның жoғapы дәpeжeдe зepттeлгeн қoлдaныcы мeдицинa бoлып тaбылaды. Күннeн қopғaйтын кpeм нaнoxимия apқылы жacaлынaды. Бұл кpeм құpaмындa титaн диoкcиді мeн мыpыш oкcидінің нaнoбөлшeктepі бap. Нaнoбөлшeктep тepігe зиянды ультpaкүлгін cәулeлepді өзінe cіңіpіп, тepінің зaқымдaнуын бoлдыpмaйды. Нaнoxимия жapaқaт пeн түpлі зaқымдapдың тeз жaзылуынa ықпaл eтe aлaды. Элeктpocпинниг - биoлoгиялық тұpғыдa ұлпa инжeнepияcындa қoлдaнылaтын пoлимepизaциялық әдіc, біpaқ жapa жaзылуындa дәpі жeткізуін қaмтaмacыз eтe aлaды. Зepттeулep бoйыншa, күміc нaнoбөлшeктepіндe виpуc пeн бaктepиялapдың ингибиpлeнуінe жaғымды ықпaл eтeтін қacиeттep бap eкeні aнықтaлды.


2. Химия-биологиялық білім берудің негізі ретінде биогеохимиялық экология ұғымдарын қалыптастырып, табиғаттағы элементтер айналымын түсіндіру жолдарын айқындаңыз
Элементтердің биогеохимиялық айналымдары – бұл табиғат арқылы тірі заттардың активті тіршілік етуін қамтамасыз ететін химиялық элементтердің айналымы. Биосферада химиялық элементтер биологиялық айналымының әртүрлі жолдарымен таралады: тірі затпен сініріледі және энергиямен таралады. Содан соң тірі затты тастап кетеді немесе шығарылады, сыртқы ортаға сіңірілген энергияны шығарады. Осындай көп немесе аз дәрежедегі түрлі жолдар Вернадский бойынша биогеохимиялық айналымдар деп аталады (био – тіршілік, гео – жер немесе жер қойнауындағы тау жыныстары).
Вернадский бойынша биосферада тірі заттың 5 функциясы болады: 1) газдық функция; 2) концентрацияландыру немесе жинақтау функциясы; 3) тотығу– тотықсыздану функциясы; 4) биогеохимиялық функциясы; 5) адамдардың биогеохимиялық әрекеті.
Биосферада биогеохимиялық айналымдар ішінде 2 тип бөлінеді: 1) газды заттардың айналымы; 2) шөгінді заттардың айналымы. Бұл бөліну жер қыртысындағы химиялық элементтердің әртүрлі қосылыстарының түзілуімен байланысты. Мысалы, көміртегі, оттегі, азот айналымдарда көбінесе үшпа қосылыстар түрінде кездеседі. Ал темір, фосфор, кальций қатты заттар түрінде жинақталады. Күн энергиясы жер бетіндегі заттардың екі айналымын қамтамасыз етеді: 1) үлкен немесе геологиялық – абиотикалық айналым деп аталады. 2) кіші немесе биологиялық – биотикалық айналым деп аталады.
Үлкен айналым су мен ауа массасы айналымын көрсетеді. Геологиялық айналым негізінен планета масштабында жүреді. Онда минералды қосылыстар бір жерден екінші жерге көшіп немесе ауысып отырады. Мұны геологиялық айналым деп атайды. Бұл айналым барлық биосфералық процестердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді (желге мұжылу, су булану, минералдардың еруіне, механикалық, химиялық қозғалысқа, т.б.).
Кіші айналым – тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Үлкен геологиялық айналым негізінде органикалық заттардың айналымы немесе кіші биологиялық айналым пайда болады. Кіші айналым негізіне органикалық заттардың синтезі немесе ыдырау процестері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет