1. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына қандай пәнді кіріктірген тиімді және оның жолдарын атаңыз



бет5/37
Дата17.01.2023
өлшемі2,87 Mb.
#61620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
экзамен кіріктіру (жауаптарымен) (копия)


Билет №3



  1. «Металдардың жалпы сипаттамасы» тақырыбына химиямен қосымша пәнді салыстырып, талдау жасаңыз.

Металдар туралы оқу материалын өткенде химиялық элемент жай зат және күрделі зат, заттың құрлысы мен қасиеттері, химиялық реакция, т.б.ұғымдар нығаяды, жаңа деректермен толысады. Периодтық заң, атом құрлысы, химиялық байланыс және иондық теория жөніндегі білім қолданыс табады. Металлургия өнеркәсібі және металдардың халық шаруашылығындағы маңызы туралы нақтылы ұғым қалыптасады. Алдымен металдардың периодтық жүйедегі орны туралы кіріспе оқылып, мына мәселелерге назар аударылады: “металл” термині химиялық элементтерді және олар түзетін жай заттарды белгілейді; бір термин арқылы берілетін екі ұғымның әрқайсысының өзіндік мазмұны және көлемі нақтыланады; периодтық жүйеде орналасуы, салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірі, атом радиусы, иондану энергиясы, т.б. элементке тән сипатталады. Металдарға жататын химиялық элементтер саны жағынан бейметалдардан гөрі көбірек, сексеннен асады. Олар I-III негізгі топшаларда және барлық топшаларда периодтық жүйенің сол жағында орналасқан. Металл атомдарының негізгі ерекшелігі –сыртқы қабатындағы электрон саны аз, атом радиустары едәуір үлкен. Әр период s-деңгейшесін электрондармен толтыратын сілтілік металдардан басталады. Үлкен периодтардың ортасында орналасқан металл атомдары d-деңгейшесін, аса үлкен периодтарда орналасқан металдар d-деңгейшесін, f-деңгейшесін толтырады.
Химиялық элементтерді оқып-үйрену жоспары және жалпы қасиеттері щқушыларға таныс болғандықтан, негізгі және қосымша топшалардың металдары мәселесі әдіспен және оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оқытылады.
Алғашқы сабақтарда оқушылар сілтілік металдардың негізгі сипаттамаларын еске түсіріп, активтілігін салыстырады. Бейметалдармен, сумен және қышқылдармен тотығу реакцияларының теңдеулерін жазады. Сілтілік металдардың ашылу тарихы, табиғаттағы қосылыстары, алынуы және қолданылуы туралы хабарлама жасайды.
Кальций және оның қосылыстары толығырақ қарастырылып, судың көміртегілігі және оны жою жолдары жөнінде жаңа ұғым беріледі. Алдымен зертхана жағдайында кермек су алу және оның қасиеттерін сынау тәжірибесі көрсетіледі. Әкті су арқылы көміртегі (IV) оксиді жіберіледі, түзілген тұнба көмірқышқыл газын көбірек жібергенде ериді. Байқалған құбылыстың химиялық мәнін талдап, осыларға ұқсас әрекеттердің табиғатта жүзеге асатыны айтылады. Жер қыртысында әктас және бор түрінде кездесетін кальций карбогаты су және ауада әрдайым болатын көмірқышқыл газының әсерінен еріп, табиғи суларға кермектілік береді. Судың кермектілігі кальций және магний катиондарының, сульфат және гидрокарбонат аниондарының болуы байланысты. Магний және кальций гидрокарбонаттары бар судың кермектілігі карбонатты немесе уақытша кермектілік деп аталады және қыздырғанда жойылады:
Ca(HCO3)2=CaCO3↓+H2O+CO2↑
Бейкарбонатты немесе тұрақты кермектілік суда кальций, магний сульфаттарының және басқа тұздардыңның әсерінен болады, қыздырғанда олар жойылмайды. Уақытша және тұрақты кермектілікті көбінесе, химиялық жолмен жояды:
Ca(HCO3)2+Ca(OH)2=CaCO3↓+H2O
CaSO4+Na2CO3=CaCO3↓+Na2SO4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет