2. Өндірістің қатты қалдықтарын утилизациялау әдістерін түсіндіріп кетіңіз. Адам баласының кез-келген шаруашылық іс-әрекеті әр-түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауып-қатер тудырады. Кен үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп кұнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жиюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрге айналдыруға көптеген қаражат, энегия, уақыт жұмсалып жатыр.
Әр өнеркәсіп өндірістерді өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғалынады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шенберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайдаланылады.
Қауіпсіз қалдықтар — қауіпті және инертті қалдықтарға жатпайтын қалдықтар;
Қауіпті қалдықтар — құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес немесе өзге заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;
Қалдықтарды утилизациялау — механикалық немесе физикалық-химиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою; Қалдықтарды утилизациялау төрт әдіс: жағу, химиялық немесе биологиялық жолмен нейтралдау, көму арқылы жүргізіледі.
Билет №2
1. Химия мен математика пәндерін кіріктіре отырып, күрделі қосылыстардың құрамындағы элементтерінің тотығу дәрежесін есептеу жолдарын үйрету тәсілі. Химиялық теңдеулердегі коэффициеттердің оң және ортақ бөлгіші жоқ болатынын ескеріп кейде оларды алгебралық теңдеулер жүйесін қолданып табуға болады. Негізгі идея – химиялық реакция кезінде зат массасының сақталу заңы мен зарядтың сақталу заңының орындалуы. Химиялақ реакция кезінде реагерттердің құрамындағы бірде-бір атом ешқайда жоғалмайды, тек басқаша топтасады. Сол сияқты реакцияға дейінгі бөлшектердің зарядтарының жалпы қосындысы реакциядан кейінгі бөлшектердің зарядтарының қосындысына тең болады.
Мысалы
Zn + HNO3 -> Zn(NO3)2 + NH4NO3 + H2O
Математикалық әдіс арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді табу:
Коэффициенттерді белгілейік:
а Zn + b HNO3 -> c Zn(NO3)2 + d NH4NO3 + f H2O
Әр элементтің атом сандары бойынша баланс жасаймыз:
Zn: a = c
N: b = 2c+2d
O: 3b = 6c +3d+f
H: b = 4d+2f
3. Алынған теңдеулер жүйесін шешсек:
a = 4, b = 10, c = 4, d = 1, f = 3
4. Сонда:
4Zn + 10HNO3 = 4Zn(NO3)2 + NH4NO3 + 3H2O