Спектрдiң ультракүлгін бөлiгiндегi бiр топ сызықтар Лайман (1906) сериясы деп аталады:
n=2,3,4,...
Сонымен, сутегi атомының барлық спектрлiк сызықтарын мынадай жалпы формуламен өрнектеуге болады:
39. Сілтілік металдар атомдарының энергия деңгейлері.кванттық ақау.Сілтілік металдар-Lі, Nа, К, Rb, Сs, Fr атомдарының бір сыртқы электроны бар, ол калыпты күйде s-электрон болып табылады. Бұлардың спектрлері - әдеттегі бір электрондық спектрлер.
Сутегі атомы жэне сутегі тәрізді иондарда ядро жалғыз электронға тікелей әсер ететін болса, сілтілік металл атомдарында сырткы электронға ядро ғана емес, оны тасалайтын ішкі электрондық қабықтар да әсер етеді.
Lі-ден басқа топтың барлық элементтері үшін (n — 1 )p6 -қабық соңғы толған қабық болып табылады; осы қабық үшін бас кванттық сан сыртқы электронның бас кванттық санынан бірге кем болады: Nа үшін 2р6 (сыртқы электроны 3s), К үшін Зр6 (сыргқы электроны 4s) және т.т. Lі-дің ішкі қабығы 1s2 және 2s -электронға қатысты ішкі болатын р-электрондары жоқ.
Сыртқы электрон салыстырмалы әлсіз байланысқандықтан, сілтілік металл атомы сфералық симметрияға ие атомдык қалдықтардан (инертті газ атомының конфигурациясы) және атомдық қалдықтан салыстырмалы үлкен қашықтықта болатын сыртқы (валенттік) электроннан тұрады деген модельді қабылдауға болады (1 - сурет). Атомдық қалдықтың заряды бейтарап атом үшін +1е-ге тең, ал иондар үшін +Zае, мұндағы +Zа=2 бір мәрте ионданғанда және т.т.
Атомның осы моделі үшін Шредингер теңдеуін шешіп, атомның стационарлық күйінің энергиясы өрнегін алуға болады.
Осы теңдеуді шешкенде валенттік электронның өзінен басқа электрондарды теуіп ядроны тартуынан пайда болатын атомдық қалдықтың поляризациясын ескеру қажет. Сондықтан Шредингер іеңдеуіне қойылатын U(r) потенциалдық энергия екі мүшенің косындысынан тұрады: бұлардың біріншісі нүктелік зарядтың өрісін, ал екіншісі бұған қабаттасатын диполь өрісін бейнелейді:
Достарыңызбен бөлісу: |