Атомдағы электронның әр түрлі күйлерінің l орбиталық кванттық санының мәніне байланысты латын альфавитінің кіші әріптерімен белгілеу қабылданған:
l кванттық саны
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Күй белгісі
|
s
|
p
|
d
|
F
|
g
|
h
|
n бас кванттық сан мәні берілген l күй белгісінің алдында көрсетіледі: 1s,2s,3s... 2p,3p,... 3d,4d,... 4f,5f,...
Күйлер тобы (қабықтар) 1s,2s,3s... 2p,3p,... 3d,4d,... 4f,5f,...
|
Қабықтағы күйлер саны 2 6 10 14
|
Сұрыптау ережесi. Атомдағы электрондардың электромагниттік сәулені (жарықты) шығаруы және жұтуымен байланысты мүмкін болатын кванттық ауысуларының шектейтін ережелері: l орбиталық кванттық сан б/ша: 1,яғни орбиталық кванттық сан 1-ге өзгеретін ауысулар ғана мүмкін б.ды.
магниттік кванттық сан б/ша: ,яғни осы шарт орындалатын ауысулар ғана мүмкін болады.
Ұрықсат етiлген ауысулар тек s-және p-күйлер арасында, p-және d-күйлер арасында d-және f-күйлер арасында болады деген мағына бередi. Бұл жағдайларда n бас кванттық сан кез-келген бүтін санға өзгере алады.
Кванттық теория тұрғысынан сұрыптау ережелерi бiр кванттық күйден басқа бiр кванттық күйге ауысу ықтималдығымен байланысты болады. Сонда сұрыптау ережелерi тиым салатын ауысулардың ықтималдығы iс жүзінде нөл болады екен.
35. Сутегі атомының энергетикалық спектрі. Шығару және жұтылу спектрі.
Ең қарапайым спектр сутегі атомының спектрі. Спектрдің көрінетін бөлігінде сутектің тек төрт сызығы бар,олар сызықтары.
Осы сызықтардың толқын ұзындықтарын бір формуламен өте дәл өрнектеуге болады. Оны ең алғаш Швейцариялық ғалым И.Бальмер тағайындаған:
(1)
Мұндағы В=364,6нм, ал бүтін мәндерін қабылдайды. Швед ғалымы И.Ридберг формуланы басқа түрде жазуды ұсынды:
(2) n=3,4,5…..
Мұндағы спектрлік сызықтың толқындық саны c , толқын ұзындығы, R-Ридберг тұрақтысы.
Бальмер формуласын қамтитын сутегі атомының спектрлік сызықтарының тобы Бальмер сериясы д.а.
(2) формуланы қамтитын сутегі атомының спектрлік сызықтар тобы Бальмер сериясы д.а. осы формулаға қарағанда n-нің мәні ұлғайған сайын көршілес сызықтардың толқын ұзындық айырмасы кеми береді,спектрлік сызықтар арасы жақындай тұседі.
Сутегі атомы спектрінде Бальмер сериясына жататын сызықтардан басқа сызықтар да бар. Олар бірнеше серия құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |