3. Атомдық спектр. Спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарын анықтау әдістері. Атом—химиялық элементтің оның химиялық қасиеттеріне ие ең кіші бөлшек. Атомның спектірі— сызықтық спектр. Спектрлiк сызықтардың толқын ұзындықтарын анықтау ең дәл физикалық өлшеулерге жатады. Спектрлiк сызықтардың толқын ұзындықтарын 10-4 нм-ге дейiнгi дәлдiкпен есептеуге мүмкіндік беретiн көптеген әр түрлi тәсiлдер бар. Спектрлiк прибордың дисперсиялық қисығы бойынша немесе прибордың толқын ұзындықтар шкаласын тiкелей пайдаланып толқын ұзындықты шамалап анықтауға болады. С 21
алыстыру спектрi. Спектроскопия практикасында толқын ұзындықты өлшеу үшін көбiнесе спектр фотографиялық тiркелiнедi. Өлшеулер үшін салыстыру тәсiлi қолданылады. Сонда толқын ұзындықтары жоғары дәлдiкпен өлшенген (нормальдар деп аталатын) сызықтары бар салыстыру спектрi сызықтарының аралығындағы өлшенетiн сызықтардың толқын ұзындықтарына интерполяция жасалады. Салыстыру спектрi ретiнде көбiнесе бiрнеше жақсы атластары шығарылған темiрдiң доғалық спектрi алынады. Кейбiр жағдайларда сынап, мыс, аргон, неон және басқа элементтер спектрi пайдаланылады. Дәл өлшеулер үшін екi спектр-өлшенетiн және салыстырылатын спектрде-бұлар жартылай немесе толық қабаттасатындай етiлiп суретке түсірiлуi тиiс. Сызықтық интерполяция. Прибордың сызықтық дисперсиясы тұрақты болған жағдайда сызықтың толқын ұзындығын анықтау үшін белгiлi екi сызықтың ара қашықтығын және бұлардың бiреуiнен өлшенетiн сызыққа дейiнгi қашықтықты өлшеу жеткiлiктi. Осы жағдайда өлшеу приборының толқын ұзындықтары 1 және 2 белгiлi сызықтарға келтiрiлгендегi көрсетуi (санауы) n1 және n2, ал өлшенетiн х сызыққа келтiрiлгендегi прибордың көрсетуi (санауы) nх болсын дейiк.