Пәнаралық байланыстың маңызы 1.Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.
4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына ғылыми көмектеседі.
2. Жұмыс дәптері. Қалыптастырушы бағалау.
Жұмыс дәптері деп оқушылардың білімділік және біліктілік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқу құралын айтамыз.
Жұмыс дәптерінің міндеті- бағдарламада берілген оқу материалдарының мазмұны мен көлемін бөлшектеп алу және білім беруді жүйелеу болып табылады. Оқушылардың әр қайсысына жұмыс дәптерін тарата отырып олардың білімін өтілген материалдар бойынша қаншалықты игергенін тексеріп, бағалау өте тиімді әдіс болып саналады.
Жұмыс дәптері оқушылардың білімін, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттырып, өтілген материалдарды пысықтауға, бекітуге және оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруына көмектесіп, оқушылардың білімдерін тексеруге арналып жасалынады.
Жұмыс дәптері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және түрлі қабілеттерін дамытуға, танымдық мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі және оқушылардың білімін тереңдетуге, дамытуға, өз бетінше жұмыс жасауға, ойлау қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Жұмыс дәптерінің ерекшелігі-ол әр өтілген материалдар бойынша сыныптағы барлық оқушыларды қамтып, олардың сабаққа қатысуын қадағалап, барлық оқушыларды бағалай алады.
Жұмыс дәптері оқулық бойынша мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, оқушыларға жеке-жеке таратылып беріледі. Сабақ соңында мұғалім жұмыс дәптерін жинап алып, жаңа өтілген материалдар бойынша оқушылардың қаншалықты жаңа материалдарды қабылдағанын, сабаққа қатысуын, оқушылардың білімі мен біліктілігін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, әр сабақ сайын сабаққа қатысқан оқушыларды үнемі қадағалап, олардың білім деңгейін бағалап отырады.