1. Эритроциттердің морфофункционалды сипаттамасы. Эритроциттердің көрсеткіштері. Эритроциттер мен гемоглобиннің клиникалық диагностикалық мәні қалыпты және патологияда. Науқасты жалпы қан анализінее дайындау


Тромбоциттер.Тромбоциттердің морфофункционалды сипаттамасы.Тромбоциттерді санау әдістері.Клиникалық диагностикалық маңызы.Науқасты жалпы қан анализіне дайындау



бет2/16
Дата18.05.2023
өлшемі104,06 Kb.
#94539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
3.Тромбоциттер.Тромбоциттердің морфофункционалды сипаттамасы.Тромбоциттерді санау әдістері.Клиникалық диагностикалық маңызы.Науқасты жалпы қан анализіне дайындау.
Тромбоцит— қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы. Тромбоциттер (Platelets – қан пластинкалары) диаметрі 2-4 мкм, пішіні дискі тәрізді және ядросы жоқ қанның өте ұсақ элементтері (29-сурет). Тромбоциттер – цитоплазманың жетілу барысындағы өнімі болып есептелетін жасушалар. Тромбоциттердің іштерінде құрылымы, көлемі, пішіні әртүрлі көптеген түйіршіктер болады, бұл түйіршіктерде фосфолийпидтер, серотонин, фибронектин, гистамин, ферменттер, АТФ, фибробласттарды белсендіруші факторлар, катиондық нәруыздар, өсу факторлары жинақталады. Шеткері қандағы тромбоциттердің жалпы саны 180 – 320 • 109 /л. Тромбоциттер бес түрге бөлінеді: жас тромбоциттер (0 – 0,8 %), жетілген (90,3 – 95,1 %), кәрі (2,2 – 5,6 %), тітіркендірілген түрі (0,8 – 2,3%) және дегенеративті түрі (0 – 0,2%). Қалыпты жағдайда тромбоциттер 7–12 күн тіршілік етеді. Кәрі тромбоциттер фагоцитоз процесінің нәтижесінде көкбауырда және Купфер жасушаларымен бауырда ыдырайды. Генезі иммундық және тұтынулық (тромбоциттердің артық қолданылуы) тромбоцитопениялар кезінде тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы бірнеше сағатқа дейін немесе 1–2 күнге дейін қысқарады да қанағыштық байқалады. Тромбоциттер зақымданған тіндерге өсу факторын бөле отырып, тіндердің өсіп-өнуіне және көбеюіне әсер етеді, яғни гемостаз жүйесінде маңызды рөл атқарады. Тромбоцитарлық қатардағы алғашқы нақтыланған жасуша мегакариобласт – (IV – класс жасушалары) болып саналады, олардың ізашар-жасушаларына колония құратын бірлік CFU-Meg, жатады. Мегакариобласт IV- кластың ең ірі жасушасы, өлшемі 25-35 мкм. Барлық бласты жасушалар сияқты ядросының пішіні домалақ, 2-4 ядрошықтары болады, цитоплазмасы анық базофилді, гранулалар болмайды. Мегакариобласттар барлық популяцияның 10%-ды құрайды. Жетілу барысында мегакариобласт V - кластың жасушасы промегакариоцитке айналады. Промегакариоцит жетілу кезеңіндегі жасуша, диаметрі 18-25 мкм, ядросының құрылымы дөрекі, ойыңқы және дөңес жерлері болады. Промегакариоциттер жасушалық популяцияның шамамен 15%-ын құрайды. Промегакариоциттер V кластың келесі жасушасы – мегакариоцитке айналады. Мегакариоциттер – сүйектің қызыл кемігіндегі ең ірі жасуша (100 мкм-ге дейін). Ядросы дөрекі, көп қалақты. Цитоплазмасы жасушаның басым бөлігін алып жатады, ашық көк түсті, түйіршіктер көп болады. Цитоплазмасының шетінде ұсақ гранулалардың жиынтығы болады, олар цитоплазманың көкшіл жиегімен қоршалады немесе цитоплазмасының осындай жиынтықтарға толуы байқалады – тромбоциттердің қалыптасуы. Мегакариоциттер генерациясы 3 деңгейге бөлінеді: а) базофилді мегакариоцит – тиімді тромбоцитопоэзге қабілеті жоқ жасуша; б) полихроматофилді мегакариоцит – тиімді тромбоцитопоэзге қабілетті, жетілген жасуша қатарына жатқызуға болатын жасуша; в) оксифилді мегакариоцит – тромбоцитопоэзге қатысуға қабілетті, функциялық тұрғыда жетілген жасуша.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет