1. Эритроциттердің морфофункционалды сипаттамасы. Эритроциттердің көрсеткіштері. Эритроциттер мен гемоглобиннің клиникалық диагностикалық мәні қалыпты және патологияда. Науқасты жалпы қан анализінее дайындау



бет16/16
Дата18.05.2023
өлшемі104,06 Kb.
#94539
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Судың адам организмінде мағызы
-Су-ағзаның жылу балансын реттеуші;
-Еріген заттарды бір мүшеден екінші мүшеге жеткізуші негізгі құрал;
-Клетка мембранасының және клеткаішілік матриксін структуралық компонентін құрайды;
-Биомолекулалардың синтезі үшін қолданылады;
-Тіршілікке қажетті процестің өтуінің негізгі ортасы;
-Бірқатар биохимиялық реакцияға қатысады-гидролиз,тотығу,гидратация,фотосинтез т.б.

20Буферлік жүйелер.Қышқылдық негізгі күй көрсеткіштері және олардың клиникалық диагностикалық маңызы. Қышқылдық негізгі тепе теңдік биохимиясы.Ацидоз және алкалоз түрлері.
Буферлік ерітінділер аналитикалық химияда, биохимиялық және физиологиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Буферлік ерітінділер тірі организмдерде үлкен рөл атқарады (мысалы, қанның, лимфалардың, клеткааралық сұйықтардың pH тұрақтылығы). Олардың бикарбонаттық,фосфаттық, белоктық (белоктар әлсіз қышқылдық әрі негіздік қасиет көрсетеді) табиғаты бар.
Биологиялық зерттеулерге қажет буферлік ерітінділер.
Аса маңызды физиологиялық буферлер тобы – белоктар болып табылады. Олардың құрамындағы амин қышқылдарының бүйір тізбегіндегі негіздік және әлсіз қышқылдық топтар белоктарға өте жоғары буферлік сиымдылық береді. Мысалы, қанның буферлік сиымдылығы ондағы гемоглобинмен анықталады. 
Әдетте буфер ретінде әлсіз қышқыл немесе негіз және осы қышқылдың тұзының қоспасы пайдаланылады (мысалы, сірке қышқылы мен натрий ацетаты).
CH3COOH (Сірке қышқылы)
CH3COONa ( натрий ацетаты)

Буферлік жүйелердің адам ағзасы үшін маңызы жоғары. Адам қаны буферлік жүйелерге жатады. Адам ағзасында әсіресе, бүйректің бөліп шығару және өкпенің тыныс алу қызметтері үшін буферлік жүйелердің маңызы жоғары. Адам ағзасындағы сұйықтықтар (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа т.б.) қасиетінің бірі - олардағы сутегі иондарының тұрақты кон-центрациясын көрсетуі. Ағза сұйықтығының қышқылдылығының тұрақты болуының маңызы зор.


Буферлі жүйелер деп қышқылдың немесе сілтінің аз мөлшерін қосқанда, сонымен қатар сұйылтқанда, сутек иондарының концентрациясы, яғни рН өзгермейтін ерітінділерді айтады.
Адам ағзасындағы рН деңгейін сақтап туру буферлі жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады.
Буферлі ерітінділер әдетте әлсіз қышқыл мен кушті негіз тұзының қоспасында (CH3CООH+CH3COONa 4 ацетатты буферлі қоспа) немесе әлсіз негіз бен оның күшті қышқыл тұзының қоспасынан (NH4OH+NH4CI аммиакты буферлі қоспа) тұрады. 
Адам қанының буферлік жүйесін 2 топқа бөлуге болады;
1. Қан плазмасындағы буферлік жүйелер;
2. Қанның формалы элементтерінің буферлік жүйесі
Оларды жекеше былай жіктейміз. Қан плазмасындағы буферлік жүйелер:
Бикарбонатты буфер (Н2С03 +NaНСО3)
Фосфатты буфер (NaH2P04+Na2HP04)
Бос амин қышқылдары мен олардың тұздары
Органикалық фосфаттар (фосфор қышқылының эфирлері).

Негіздік буферлі жүйелердің рН былай есептеледі:



Бұл теңдеулерден байқайтынымыз, берілген құрамдағы буферлік ерітіндінің рН қышқыл және түз, немесе негіз және түз концентрацияларының қатынасымен анықталады, сондықтан оларды сұйылтқанда ерітінді рН өзгермейді. Себебі ерітінді көлемі өзгергенде әр құрамдастың (компоненттің) концентрациясы бірдей өзгереді.
Буферлік әсердің сақталу шегін буферлік сиымдылықпен береді. Ол біртіндеп күшті қышқыл не негіз қосқанда буферлі ерітіндінің өзінің рН-ын тұрақты етіп сақтап қалу қасиетін анықтайды.
Буферлік сыйымдылық біренеше факторларға тәуелді:
1. Қышқылдық-негіздік компонент саны неғұрлым көп болған сайын бұның буферлік сиымдылығы жоғары болады.
2.Буферлік сиымдылық буферлі ертінділердің компонент концентрациясының әрекеттесуіне тәуелді яғни буферлі ертіндінің рН тәуелді. Буферлі сиымдылық компонент концентрациясы артқан сайын жоғарылайды.
Қанның және ұлпа сұйықтарының буферлік жүйелері өзара тығыз байланысты. Осыны ескере отырып, гемоглобиннің оттекті сіңіріп және оксигемоглобиннің О2-ні бөлінуіне СО2-нің ерекше әсері бар екенін 
түсіндіруге болады. Қан плазмасында 7-8%-ға дейін ақсылдар кездеседі. Ацетатная амин қышқылдарынан тұрады.
Ацетатная буферлік әсері оны құрайтын аминқышқылдарының амфотерлік қасиеттеріне байланысты. Қанның қышқылдык-негіздік тепе-теңдігінің Н+ иондарының сілтілік қорды көбейтіп, рН арту бағытына ығысуын алколоз деп атайды.
гемоглобин-оксигемоглобин - 35%
фосфатты жүйе - 5%
бикарбонаты жүйе: плазмада - 35%, эритроциттерде-18%
плазманың ақсылдары - 7%.

Ацидоз (латынша acіdus —қышқыл) – организмдегі қышқыл мен сілті арақатынасының бұзылып, қышқыл аниондарының артық түзілуі салдарынан пайда болатын ауру.
Ацитоздың басты белгілеріне;
-адамның орталық жүйке жүйесі қызметінің әлсіреуі,
-адамның есінен тануы, 
-қан қысымының төмендеуі жатады.
Ацитоз салдарынан жүректің қан айналымы нашарлайды, бүйректің зәр түзу қабілеті төмендейді. Ацитозды емдеу үшін қанға натрий гидрокарбонатын (NaHCO3) құяды.


Алкалоз (көне латынша alcalі — сілті, араб. әл-қала) — аниондар мен катиондар ара-қатынасының өзгеруінен денедегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы
Респираторлық алкалоз қаннан көмір қышқылының молырақ шығуынан, метаболизмдік алкалоз “ұшпайтын” қышқылдардың не сілтілердің алмасу процесінің бұзылуынан денеге негіздердің (сілтілі катиондардың) шамадан тыс көбірек жиналуына байланысты пайда болады.
Алкалоз қандағы сутегі көрсеткішінің (рН) өзгеруіне орай теңгерілген алкалоз және теңгерілмеген алкалоз болып екі түрге бөлінеді. Біріншісінде рН қалыпты деңгейде (7,35-7,45) болса, екіншісінде ол біршама көтеріледі (7,45-тен жоғары).
Алкалоз жағдайында адамның қан қысымы бұзылып, қантамырлар коллапсы сияқты ауруға шалдығуы мүмкін. Екіқабат әйел жүрегі айнып, қайта-қайта құса берсе, қарын сөлінде көп мөлшерде хлор ионы көп бөлініп, метаболизмдік алкалоз пайда болады. Оны болдыртпау үшін денеге калий ионы молырақ ендіріліп, қосымша қан құйылады. Сөйтіп қан айналысы реттелінеді. Респираторлық алкалоз кезінде тыныстануды қалпына келтіру шаралары жасалады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет