1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Кейбір есімдер мыңдаған жылдар өтсе де, өшпестей із қалдырады. Осындай есімдердің бірі де даңқы мен беделімен әлемге танылған түркілердің атасы, ғұн билеушісі-Атилла



бет11/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

Кейбір есімдер мыңдаған жылдар өтсе де, өшпестей із қалдырады. Осындай есімдердің бірі де даңқы мен беделімен әлемге танылған түркілердің атасы, ғұн билеушісі-Атилла. Түрік тілінен алынған деректерге сәйкес Атилла көшбасшылық харизмасы, сөзсіз ақылдылығы мен батылдығы, әрі қатал көзқарасымен ерекшеленетін мінезге ие болған. Ал портретін сипаттар болсақ, Атилла қысқа бойлы, кең кеуделі, көздері қысыңқы, мұрны жалпақ, қара торы кісі болған. Өз билігі кезінде Батыс пен Рим империясына қарсы жорықтар жүргізген Атилла туралы Еуропалықтар арасында түрлі аңыз-әңгімелер таралған. Солардың бірі де ежелгі замандардағы наным-сенімдер бойынша, бір қылышы жоғалған соғыс құдайы Арестің қылышын иеленген Атилла деп айтылған. Аңыз әңгімелерде бұл қылышты иеленген адам әлемді басқаруымен міндеттелген, тіпті бұл міндетті Атиллаға тәңірдің өзі берген деген наным-сенімдер болған. Еуропалықтар Тәңір Атилланы олардың күнәлары үшін жазалауға жіберді деп, Атиллаға «Құдайдың Қамшысы» деген лақап ат қойды. Құдайдың қамшысы ретінде танылған Атилла өзінің ерекше көшбасшылық қабілетімен қоса бұл сыбыстар негізінде өзінің құдіретіне сендірген. Атилла басқа ғұндар секілді атқа мінуді, жебе атуды, қылыш пен қалқан қолдануды үйренген. Ғұндардың басым жағы да осы еді. Олар ерте жастан атқа мініп, ат үстінде ойнап, ұйықтаған. Үлкен қашықтықтардан көздемей атып, оқты дәл тигізген. Сонымен қатар атқа міну әдістерін жастайынан меңгерген ғұндар жылдамдықтарының арқасында адамдарға көрінбестен, көзден ғайып бола алады.


22. .Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары. 1930 жылдардың екінші жартысындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының ауыр жағдайы.
1926-1927 ж шабындық және егіндік жерлер қайта бөлінді. Алайда егіндік жерлерді қайта бөлу экономикалық жағдайды жақсарта алмады. Себебі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасып келген дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Шабындық және егістік жерлер ауқатты шаруалардан тартып алынды. Тартып алынған жерлер кедейлер мен орта шаруаларға берілді.Бірақ кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелеріне қайтарып берді. Осылайша бұл шаруа ауыл жағдайын бұрынғысынан да ушықтырып, шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды. Қазақстан орталық атқару комитеті мен халық комиссарлар кеңесі 1928 ж 27 тамызда ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы декрет шығарды. Бай және орташа байлардың мүлкін тәркілеп, мемлекетке өткізу керек деп шешті. Бұл декрет бойынша көшпелі аудандарда 400 ден астам ірі малдары барлар , ал жартылай көшпелі аудандарда 300 ден аса малдары барлар, отырықшы аудандарда 150-ден астам ірі малы барлар бай қожалықтарға жатқызылды. Алайда жоғарыдан берілген бұйрық екі есе артығымен орындалып бай мен орташа байлардың қатарына шатырлы үйлері мен 1-2 аты бар жазықсыз адамдар кіргізіліп, отырықшы аудандарда 100 тұяғы барлар да ірі байлар қатарына жатқызылып, тәркілеуге ұшырады. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды. Орташа шаруашылық иелері байлар қатарына жатқызылды. Барлық жинап терген мал-мүлкінен 1 күнде айырылғысы келмей шетел асып көшіп кеткендер де болды. Негізгі соққы ірі байларға бағытталды.
Қазақ ауылдарын күшпен отырықшыландыру барысында шаруашылықтан ешбір хабары жоқ партия мүшелері ұжымшар пункттерінде жүздеген мың мал басын шоғырландыры, киіз үйлерден көшелер мен кварталдар қалыптастырды. Алайда қораларға қамалып, ауруға ұшырап, жем-шөп қоры таусылған мал көптеп қырыла басталды. Осындай теріс саясаттың салдарынан негізгі күн көрісі мал болған қазақтар малдарынан айырылып, аштыққа ұшырай бастады. Егерде ұжымдастыру қарсаңында республикадағы мал саны 40, 5 млн болса, 1933 ж одан 4,5 млн-дай ғана қалды. 1930-1932 ж аштық жылдар қарсаңында қазақстан халқының саны 5,2 млн болса 1933 ж 2,1 млн адам қалды. Халықтың 49% аштықтан қырылды. 1млн 700 мың адам Қазақстаннан тыс аймақтарға көшіп кетті. Күшпен жүргізілген ұйымдастыру саясатына қарсы Қазақстанда жалпы саны 372 бас көтеру болған, оған 80 мыңдай адам қатысты. Бұл көтерілістердің барлығы кеңес үкіметі әскерінің күшімен басып, жанышталынып, көтерілісшілер аяусыз жазаланды.
Қазақстанда осы болып жатқан аштық туралы жүздеген қазақ азаматы, сонымен қатар Қазақстанға жер аударып келген ресейлік зиялы қауым өкілдері Мәскеуге хабар жіберді.Белгілі қазақ қайраткері Т.Рысқұлов 1933ж наурызда Сталинге ашық хат жіберді. Сонымен қатар Қазақстан өлкесін басқарған Ф.И.Голощекинге асыра сілтеу саясатына қарсы қазақтың қоғам қайраткерлері- Ғабит Мүсірепов, Мұташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков, Қадір Қуанышев, Мансұр Ғатауллин хат жолдады. Алайда бұл хаттарға үкімет тарапынан жауап болмады. Тек 1933 ж Голощекин биліктен алынды. Бірақ бәрі де кеш еді. Қазақ халқы орны толмас қасіретке ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет