1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


ГУЛАГ, КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР лагерлері



бет8/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
16. ГУЛАГ, КарЛАГ, СтепЛАГ, АЛЖИР лагерлері.
ГУЛАГ- еңбекпен түзеу лагерьлері мен жер аударылғандар қоныстарының Бас басқармасы КСРО-да 1934-56 ж. айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының бөлімі. Солтүстік, Сібір, Орта Азиялық, қиыр шығыстың аймағын қамтыды.
КарЛАГ-ең үлкен лагерь болды. Орталығы “Долинка” ауылы болған. Қарағанды еңбекпен түзеу лагерьі. Лагерьдің мақсаты- соцализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану еді. Аумағы: Солтүстіктен Оңтүстікке дейінгі 300 шақырым, шығыстан батысқа дейінгі 200 шақырым жерді алып жатты. 1959ж. 27 шілде де жабылды. Бір мезгілде 74 мың тұтқын ұсталды.
СтепЛАГ-“халық жауларына “арналған ерекше лагерь. 1947ж. номері-47 ерекше лагерь СтепЛАГ деп аталды. Басты міндеті-Жезқазған мыс комбинатын тез арада салып бітіру. Лагерь 1940 ж 1 сәуірінен бастап жұмыс істеді. 1942 ж 1 қаңтарында лагерьде 120-140 тұтқын ұсталды. Лагерь 3 негізгі бөлімшеден тұрды: 1)Кеңгір. 2)Жезқазған. 3)Қарсақбай
Алжир-Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері. Лагерь 1938 ж басында Төңкеріс елді мекеніндегі еңбек қоныстарының 26-кенті базасына еңбекпен түзеу лагері ретінде ашылды. 1938 ж 1953 ж дейін Алжир арқылы 20 мыңға жуық тұтқын өтті. 1939 ж 29 желтоқсаннан бастап КарЛАГ құрылымына ресми түрде “Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің Ақмола бөлімшесі” ретінде кірді.


17. С.Асфендияровтың қайраткерлік істері.
Санжар Асфендияров(1889-1938)- көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, педагог.
1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына аттандырылады.Жараланған және науқас болған сарбаздарға медициналық көмек көрсетумен айналысты.
1917 жылы Бұхардағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жылғы қараша айында Түркістан автономиясын жариялаған Мұсылман депутаттарының төтенше съезіне қатысты.
1918-19 жылы Асфендиаров аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды.
1919 жылы Асфендияров — денсаулық сақтау халық комиссары
1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылған Қазақ мемлекеттік университеттінің алғашқы ректоры (1928 – 31)
Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медецина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 – 33)
С.Асфендиаров жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирург кафедралар ашты.


18. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Көшпелілер («қала-дала» жүйесі) және отырықшылар: екі шаруашылық-мәд ени типтерінің өзара қарым-қатынасы.Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
Көшпелілік- тарихи тұрғыда қалыптасқан тарихи- мәдени әлеуметтік жүйе. Б.з.б 2 мың жылдықта климаттың өзгеруіне байланысты егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Сол себепті адамдардың тіршілік ыңғайына қарай егіншілік бірте – бірте мал шаруашылығымен алмастырылды. Көшпелі мал шаруашылығына көшу артық өнім алуға мүмкіндік берді. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы терімшілер сияқты емес, көшпелілер жылқы түйе қой мен сиыр малын ұстап малшылықпен айналысып, олардан түрлі өнім алды. Көшпелі мал шаруашылығына көшу себептері- табиғатта құрғақшылық белең алып, жауын-шашын азайды. Осылайша егіншілікпен айналысу қиындады. Ат-әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. Және мал басының көбеюі жайылымдарды қажет етті.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі "аң стилі" Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.
IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті. Көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен өсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет