1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Қазақстанның ежелгі тарихы. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет7/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

12. Қазақстанның ежелгі тарихы. Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары
15. Сақтардың бас киімі туралы ақпаратты сараптау
Көсемдер мен ауқатты скифтер киімдерін бағалы аң терісі мен жоғары сапалы маталардан көркемдеп, әшекейлеп соңғы үлгіде тіккен. Ал, қарапайым сақтар бастарына киізден конус тәрізді бас киім, денесіне шақтап пішілген тізесіне дейін жететін бешпент киген. Сақтардың (скиф) барлығына ортақ киім үлгісінде көркемделіп салынған ою — өрнектер немесе алтын безендіргіш заттар мен түймелер кездеспейді. Сондай-ақ антикалық авторлар және парсылықтар өз жазба деректерінде сақтардың (скиф) конус тәрізді құлақпен желкені жауып тұратын бас киіміне көп тоқталған. Бұл сақ киім үлгісіндегі өзіне тән басты ерекшелігі болу керек.
Сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігіне Есіктен табылған сақ патшасының дулығасы нақты мысал бола алады. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында "жер айуандары" жолбарыстар мен ешкілер жүр. Шырқау биікте - құстар мен қанатты жолбарыстар. Ою-өрнекті дулыға жиегі, сақтардың түсінігінше дүниені жан-жағынан қоршап тұрған әлемдік тау қыраты болып табылады. Ою-өрнек, әлемнің төменнен жоғары қарай орналасқан үш бөлегін: жерасты дүниесін, жер мен аспан-көкті бейнелейді. Дөңгелек жиектің крест іспеттес болып орналасқан нүктесіне әлемнің жан-жағын; шығыс пен батысты, солтүстік пен оңтүстік күзеті тұратын аңдар бейнелері қойылған. Бас киімнің алдыңғы жағына күн белгісі - күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты - батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты-тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем - дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық үғымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет