1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Артықтан тағылым ал, кемге – үйрет



бет25/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

Артықтан тағылым ал, кемге – үйрет;


48. Ортағасырлық ескерткіштер, кесенелер: Айша бибі, Қарахан, Алаша хан т.б.
Айша бибі кесенесі (11-12 ғ) - қарахан әулетіне тиесілі ескерткіш, адалдық пен махаббат нышаны ретінде танылған. Тараздан 18 км.
Орта Азияда өне бойы оюлармен өрнектелген жалғыз кесене. 4 алаша ағаштан баған, 62 тақта терракоттадан қаланған. Ауданы 7 м ортасында сырты оймыш әшекейленген плиталардан құлыптас орнатылған.
Кесененің артқы жағында Қараханның сүйіктісіне арналған өлең үзінділерін оқуға болады. Ол жерде: «көз бұлттар, әлем неткен ғажайып» деп басталады.
Қасында Айшаның күтушісі Бабаджа хатун жерленген, ол адал, берілгеннің нышанына айналды.
Сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады.
Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Асу атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды.
Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет