1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Бірі – шындық жолы, әділет. Екіншісі



бет22/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Бірі шындық жолы, әділет.
Екіншісіқұт пен ырыс, дәулет.
Үшіншісі – Ақыл менен парасат.
Төртіншісі – ұстамдылық, қанағат
«Құтты Білікте» құтты қоғам құру, елді көркейту мақсаты үнемі алғашқы кезекке шығарылады. Жүсіп Баласағұн «Кедейді орташаға, орташаны байға» жеткізіп, бекті құтайтуды, халықтың әл-ауқатын жақсартып, ырысын арттыруды басты мiндет етіп ұсынады. Мәселен:
Жақсыларды көтер жебеп еңсесін.
Жамандардан бүтін сақта ел шетін.
Нәсіп көріп алма қарғыс,назаны,
Зұлым заңмен боларсың ел мазағы.
Ақылымды көкірекке түй, біліп,
Берік, ұзақ сонда бектік, билігің.
Қандай мәселе туралы толғанса да, дана oйшыл адамды бакытcыздыка ұшырататын зорлық-зомбылық атаулыға, қоpлаy мен арамдыққа, қулық-сұмдыққа қарсы шығып отыpады. Өзі дүниенің мәнді тұғыры деп бiлген acыл қасиеттердi насихаттап,
«...Бай бол, кeдей бол адамшылықтан айныма. Туған екенсiң, әйтеyiр өлетiнiң де айкын. Оған қapan түңілме, азғындама. Адам бол, адамшылық ғұмыр кеш»,-дейдi.
Тәңірі адамдарды жаратты, үздік етті,
Оған өнер, білім, ақыл берді.
Көңіл берді, әрі тілін сайратты,
Ұят берді,(сондықтан) мінезі мен қылығы сының,- деп жырлап, мінезі сынық адамның жан дүниесінің бай келетіндігін меңзейді. «Адамдардың артықшылығы өнері, ақылы, білімі болса, ол - адамның өз қажеттіліктері үшін таптырмайтын қасиет»-дей отырып, адамдарды осы асыл қасиеттерді бойына жинақтауға шақырады. Бұл ойлардағы басты мақсат-адамның өзін-өзі тәрбиелеуі.


45. Қазақтардың XIV – XVIII ғғ. басындағы мәдениеті. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Олардың наным-сенімі.
Мәдениет – бұл тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады.
Үй кәсіпшілігі: Киіз үй көшпелілер үшін жиналмалы әрі ыңғайлы үй болатын.

  • Киіз үйді құрмас бұрын, қонатын жер жайлау үстімен бір отар қойды айдатып, сарышаян, қарақұрт секілді залалды жәндіктерді жояды.

  • Үй жасауымен тек ерекше шеберлер, үйші ғана айналысқан. Киіз үйді әдетте жарты, бір жыл сақталған қайын талдарынан жасаған.

  • Киіз үй қаңқасы, керегесі 210-260 см ұзындықта болған. Шаңырақ салмағын дұрыс тарату үшін кереге басы ішке, аяғы сыртқа иілген. Кереге жасағанда мөр, обын, қоз секілді өзіндік қралдарды қолданған.

  • Шаңрақ көтеру үйлі болу болса, сыртқа қарай шиыршықтана оранған киіз бұл үйде адамның қайтыс болғанын білдірген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет