Алаша хан - Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған, XIV-XVғғ. арасындағы сәулет өнерінің басты ескерткіштерінің бірі.
Бұл күмбездің өзіне тән бір ерекшелігі- үстіңгң қабатында күмбез барабанын айналдыра жасаған галереясы бар. Оған кесененің ішінен көтерілетін басқыш арқылы шығады.
Ортағасырлық қала орындарында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде Отырар, Күлтөбе, Түркістан, т.б. орталықтарда қыш-құмыра қолөнерінің дамығандығын көрсетеді. Мәселен, Отырардан табылған қыш-құмыра ауылы 2 гектарға жуық жерді алып жатыр екен. Мұнда алты шеберхана табылған. Ол екі бөліктен тұрған. Бірі өндірістік бөлік, екіншісі тұрғын үй. Бұлардағы негізгі өндіріс түрі - су таситын құмыралар мен құмандар, керамика-қыш кеспектер болған.
XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария бойындағы қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі дами бастады. Кірпіш күйдіретін шеберхана Отырардың оңтүстік шетінен табылған. Оның орталығы кірпіш күйдіретін пеш болған да, оның төңірегінде тұрғын үйлер мен өндіріс орындары болған. Сонымен қатар қалаларда мыс қорытып, қоладан түрлі бұйымдар жасау кәсібі өркендеді. Қоладан түрлі әшекей бұйымдар, шырағдандар мен қола айналар жасалған. Зергерлік бұйымдар жасау дамыған. Қазба жұмыстары барысында қала орындарынан түрлі күміс орама білезіктер, сырғалар, т.б. табылған. Әйнек жасау кәсібі де қайта жанданған. Әйнектен жасалған түрлі түсті ыдыстардың сынықтары табылған
Аңыз бойынша, бір ханның баласы алапес болып дүниеге келіп, сол үшін елден жырақта өмір сүреді (елінен қуылады; өзі сұранады; «жазылғанша» деп апарып тастайды және т.с.с.). Баланың қасында Алшын, Болат, Үйсін бастаған үш жүз жігіт пайда болады (жағдайын біліп келу үшін жіберілген; баланы қайтып алып келу үшін жіберілген; жазықты болып елінен қуылған және т.с.с.). Соңында осы үш жүз жігіт (Алшын - Кіші жүз - Жанарыс, Болат - Орта жүз - Бекарыс , Үйсін - Ұлы жүз - Ақарыс) Алашаны хан көтеріп, жеке хандық құрады. «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда» деген мақалдың шешіміінда жатыр деп түйіндейді халық аңыздары. Одан бөлек халық арасында ұшырасатын «алты Алаш» ұғымы және «керегеміз - ағаш, ұранымыз - Алаш» деген мәтелдің де негізгі түйіні - түбі бір көшпелі түркі халықтарының өзара тамырластығы, әрі белгісіз бір замандарда бір ханның алдынан тараған ел (мемлекет) болғандығының халық жадында күні-бүгінге дейін сақталып жеткен түрі. Аңыздағы Алаша ханның бейнесінен тарихи тұлғаны көру туралы мәселеге келсек, бұл жерде, керісінше, ғалымдар арасында нақты бір шешім жоқ. Шоқан Уәлиханов Алаша ханды ХІV ғасырда өмір сүрген билеуші десе, Мұхаммеджан Тынышбаев пен Қаныш Сәтбаев Алаша ханды «Хақназар хан» деп болжайды, ал Әлкей Марғұлан қазақ аңыздарындағы Алаша хан бейнесін мақұлдап, ортағасырлық жазба деректерде Оғыз қағанның бабаларының ішінде аталатын «Абулшамен» байланыстырады.