1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Жалпықазақ сьездері. Алаш партиясының құрылуы мен оның қызметі. Қазақ АКСР-дың құрылуы



бет45/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
гооссссссссc

81. Жалпықазақ сьездері. Алаш партиясының құрылуы мен оның қызметі. Қазақ АКСР-дың құрылуы.
Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды.
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.
1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды.


82. М.Тынышпаев- Император 1-Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтының инженер мамандығын бітірген. 1905 жылы қарашада автономияшылардың бірінші съезіне қатысып, «Қазақтар және азаттық қозғалысы» атты баяндама жасаған. Түркістан генерал губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. Т.Рысқұловтың 1915 жылдары оқуына ақшалай көмек береді. Қытайға кеткен қазақтарды қайтаруға атсалысады. «Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200» деген деректі анықтап берген кім? М.Тынышпаевтың қайраткерлік істері туралы толықтырып айтыңыз.
М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады. 1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады. Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды). Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады.
Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарық көреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет