1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию



бет3/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

Ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын
Жылу жинау - Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады.
Асар - Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.


5. Атқа міну мәдениетінің генезис
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Қазақ тарихынан жылқының алар орны орасан зор екені барлығымызға түсінікті. Аты аңызға айналған қазақ батырлары өзінің желден жүйрік сайгүліктерінсіз айтылмайды. Ертөстік, Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батыр, Қабанбай батыр сынды ертегілер мен тарихымыздағы алып тұлғалардың аты ақылды тұлпарларымен қатар айтылады. Желмен жарысқан жүйріктер Марғабылдың қарақасқа аты, Ақан серінің Құлагері сынды арғымақтар ұлтымыз тарихымен қатар жасай бермек. Жылқы малының қазақ ауыз әдебиетіндегі орыны ерекше. Әсіресе, халық әндерінде жылқы атаулары өте кең тараған. Ән сөздерінде жиі кездесетін жылқы атаулары: ақбақай, құлақасқа, үкілікер, майдақоңыр, екі жирен, бурылтай, т.б. Ал, ұлтымыздың күй өнерінде төрт түліктің осы түріне арналған күй саны санап тауысқысыз. «Салкүрең», «Қосбасқан», «Телқоңыр», «Қара жорға», «Өрелікер»... Әлемде жылқы түлігіне ең көп әуен арнаған халық қазақ екеніне дау жоқ. Бұның бәрі ұлтымыздың оған деген терең махаббатынан ғана емес, жылқының басқа жануарларға қарағанда артық жаратылысының әсерінен де болуға тиіс.
Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады. Атқа міну мәдениеті салт атты жауынгердің ықшам киім үлгісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кәдімгі шалбардың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің барлық түрі көшпенділер атқа мінгенде киген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұрагерлері» екені белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет