Фармакогнозияның негізгі терминдері Негізділігі, өзі екендігі , шынайылығы- талдауға алынған шикізаттын өзінің атауына сәйкестігі.
Диагностикалық белгілер – тек зерттелетін шикізатқа тән және оны басқалардан ажырататын, оның өзі екендігін дәлелдейтін, морфологиялық, анатомиялық және гистохимиялық белгілер жиынтығы.
Сапалығы – ДӨШ немесе одан дайындалған өнімдерінің стандарт талаптарына сәйкестігі (сапа көрсеткіштеріне сай болуы). Сапа көрсеткіштерін «сан көрсеткіштері» деп атайды, олар негізінен %-бен белгіленеді. Мысалы ББЗ мөлшері-кем болмау керек, ал ылғалдылығы, күлі, органикалық, минералды қөспалар - шегінен аспау керек.
Фармакопея жеке бабының құрылысы •
ДӨШ атаулары – қазақ, лат. орыс тілдерінде – Жөке ағашының гүлдері-Цветки липы-Flores Tiliae •
Кіріспе бөлігі – ДӨ атауы, тұқымдасы, дайындау кезеңі, өндіруші мекеме, кәсіп орын, мемлекет. •
Сыртқы белгілері – ДӨШ түріне қарай көзбен немесе лупа арқылы көрінетін сыртқы негізгі морфологиялық диагностикалық белгілерінің толық сипаттамасы беріледі. Зерттеу кезінде ДӨШ –морфологиялық тобының ерекшеліктеріне, өлшемдеріне, түсіне, дәміне, иісіне қөңіл аударады.
Микроскопиясы – микропрепараттағы ДӨШ негізгі анатомиялық диагностикалық белгілерінің толық сипаттамасы беріледі. •
Сапалық реакциялар – ДӨШ құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық реакциялармен анықтау әдістемелері немесе хроматографиялық, спектірлік талдау әдістері беріледі. •
Люминесцентті микроскопия – ДӨШ жасушаларының немесе тіндерінің УК жарығындағы түсі бойынша микроскопиялық анықтау әдістемесі беріледі.
Сан көрсеткіштері - % шектелетін ДӨШ құрамындағы әсер етуші заттар немесе экстрактивті заттардың мөлшері, ылғалдылығы, жалпы күлі, 10% тұз қышқылында ерімейтін күл, ДӨШ жатпайтын бөліктері, түсін өзгерткен бөліктері, органикалық, минералды қоспалар.
Сандық талдау – ДӨШ құрамындағы негізгі әсер етуші заттардың сандық мөлшерін анықтау әдістемесі беріледі. Кейбір ДӨШ құрамындағы ББЗ мөлшерін әсер бірлігі арқылы анықтайды (мысалы жүрек гликозидтерінің мөлшері БӨБ, МӨБ, КӨБ деп белгіленеді; ).