1. Фармакогнозия негіздері туралы жалпы түсінік, фармакогнозия негіздерінің оқу пәні ретінде фармациядағы маңызы


ҚР МФ талаптарына сәйкес дәрілік өсімдік шикізатында жалпы күлді анықтау әдісі



бет8/8
Дата21.04.2023
өлшемі184,25 Kb.
#85280
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
интродукция бари

16 ҚР МФ талаптарына сәйкес дәрілік өсімдік шикізатында жалпы күлді анықтау әдісі.
Күлділігі дегеніміз шикізатты жаққанан кейін қалған бейорганикалық қалдықты тұрақты массаға дейін келтіру. Өсімдік күлі әр түрлі бейорганикалық заттар қоспасы мен минералды қосылыстардан тұрады.
А) 1-3г (тек жалпы күлді анықтау кезінде) және 5г (жалпы және 10% НСІ-да ерімейтін күлді анықтау кезінде) майдаланған шикізатты алдын-ала тұрақты массаға дейін кептірілген фарфор тигельге салып, тигельдің жан-жағына тегістеп орналастырады. Тигельдегі шикізатты абайлап газды жанарғының әлсіз жалынында немесе электроплиткада жандырады. Шикізат толық жанғаннан кейін қалдықты толық құрыштау үшін тигельді муфель пешке ауыстырады. Күлдендіруді 550-6500С температурада тұрақты массаға дейін жүргізеді. Күлдендіру аяқталғаннан кейін, аздап суыған, бірақ әлі де ыстық тигельді эксикаторға қойып салқындатады да, массасын өлшейді. Егер қатар екі өлшеудің айырмашылығы 0,0005г-нан аспаса, тұрақты массаға жетті деп есептеледі. Егер салқындатқаннан кейінгі қалдықтың құрамында әлі де көмірдің бөліктері болса, онда оған бірнеше тамшы сутек пероксидін, концентрлі НNO3 немесе 10%-ті аммоний нитратын қосып, тартпа шкафтың астында су моншасында буландырады да, қайтадан қалдық біркелкі түске келгенше құрыштайды. Абсолюттік құрғақ шикізаттағы жалпы күлдің мөлшерін төмендегі формуламен есептейді.

Мұндағы, Х1 - жалпы күлдің мөлшері, %; m1 –күлдің салмағы, г; m2 –шикізаттың салмағы; г; W - шикізатты кептіру кезінде жоғалтқан массасы, %.

17. ҚР МФ талаптарына сәйкес дәрілік өсімдік шикізатында жалпы күлді және 10% хлорлы сутегі қышқылында ерімейтін күлді анықтау әдісі.
Тұз қышқылында ерімейтін күл жалпы күл мен тұз қышқылымен өңдеуден кейінгі қалдық болып табылады.
негізінен кремнеземнен тұрады.
Жалпы күлді анықтағаннан кейін қалдығы бар тигельге 25 мл 10% сұйылтылған тұз қышқылын қосады, тигельді сағат шынысымен жауып, қоспасы қайнағанша қайнап тұрған су моншасында немесе электр плитасында қыздырып, 10 минут ұстайды. Салқындағаннан кейін тигельдің мазмұнын күлсіз сүзгіден өткізіп, сүзіңіз
шөгу және сағат әйнегін ыстық сумен жуу. Тұнбасы бар сүзгіні әмбебап индикаторлық қағаз бойынша жуу суы бейтарап болғанша ыстық сумен жуады, сол тигельге ауыстырады, кептіреді және қызыл ыстықта (550-650 °С) күйдіреді, эксикаторда салқындатылады және өлшенеді. Кальцинация қалдықтың тұрақты салмағына дейін жүргізіледі.
Тұз қышқылында ерімейтін күлдің мөлшері 10%,
шикізатта/дайындауда пайызбен (X) мына формула бойынша есептеледі:

m1 күлдің массасы, г;


m – сүзгі күлінің массасы, г (егер соңғысының күлі 0,002 г артық болса);
м2 – шикізат/препараттың массасы, г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет