1. Ферменттерді бейорганикалық катализаторлармен салыстыра отырып,сипаттаңыз Ферменттер энзимдер


Аллостериялық реттелуді жүзеге асыратын ферменттер



бет49/54
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11921
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
40.Аллостериялық реттелуді жүзеге асыратын ферменттер Жалпы, көптеген аллостерлік ферменттерде субстратты және модулатор(лар)ды байланыстар бөлімдер әртүрлі (S- және R-) суббірліктерде орналасқан. Оң модулятордың (стимулятор) реттеуші суббірлікпен байланысуы екі суббірліктің конформациялық өзгеруіне алып келеді және оның нәтижесінде субстраттың активті орталыққа туыстығы (сәйкестігі) күшейеді. Модулятордың бөлініп кетуі активтікті төмендетеді немесе тіптен тежейді. Метаболизм ферменттері тағы да басқа екі түрлі жолмен реттеледі. Кейбір ферменттердің активтігі басқа реттеуші жеке белоктармен байланысқанда күшейеді немесе тежеледі. Ал, тағы біреулерінің активтігі олардың құрамындағы белгілі бір пептид бөлігі протеолитикалық жолмен алынып тасталғанда активтенеді. Бірақ, бұл модуляторлармен реттелуден өзгеше – бұл реттелу қайтымды емес. Осындай екі түрлі реттелу жолдары ас қорыту, қан ұюы, гормонның қызметі және көру секілді физиологиялық процестерде орталық роль атқарады. Осындай реттелу жолдары бір реттеуші ферментке тән болуы да мүмкін. Сонымен, аллостерлік ферменттердің модуляторы күшейткіш немесе тежеуші болады. Көбінесе субстраттың өзі модулятор болып табылады. Егер реттеуші фермент үшін субстрат пен модулатор ұқсас болса – онда фермент гомотропты деп аталады. Керісінше, субстрат пен модулятордың молекулалары өзгеше болса, ол фермент – гетеротропты деген сөз. Гетеротропты ферменттерде субстрат та, модулятор да активтік орталықпен байланысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет