1. Ферменттерді бейорганикалық катализаторлармен салыстыра отырып,сипаттаңыз Ферменттер энзимдер


Ферменттердің медицинада қолданылуы



бет54/54
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#11921
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
enzim-2019

45. Ферменттердің медицинада қолданылуы

Энзимопатология (ферменттердің жетіспеушілігінен немесе болмауымен сипатталатын аурулар); ферменттердің синтезін немесе активтілігін реттеу механизмдерінің бұзылуына негізделген патологиялық процестің молекулярлық даму негіздерін зерттейді.Ферменттер катализаторлық қызмет атқарумен қатар, айқын органотропты және жоғары талғамды қасиеттері болғандықтан, патологиялық процестерге бағытталған нәзік және әрі талғамды құрал ретінде қолданылады.урудың молекулалық дефектісі фенилаланиннің (Фен) ауыстыруға болмайтын аминқышқылын тирозинге (Тир) айналдыруына тосқауыл қоюына негізделген. Себебі бұл реакцияны катализдейтін, қалыпты жағдайда тек бауыр клеткаларынан анықталған фен-4-монооксигеназа ферменті синтезделмейді.Фенилаланин алмасуының бұзылуы нәтижесінде ағзада фенилаланиннің және фенилаланин алмасу қалдықтарының ( фенилпирожүзім қышқылы ) организмде, әсіресе ми тіндерінде, қан сарысуында жиналуына алып келеді. Фенилаланинді немесе фенилпирожүзім қышқылын химиялық жолмен анықтау негізінде диагноз қойылады. Емі баланың қоректену рационынан ана сутінен фенилаланинді алып тастауға негізделген. Ал тирозин балаларға маңызды амин қышқылы болып табылады.Тұқымқуалаушы аурудың басқа бір турі – галактоземияның даму негізіне бауыр клеткаларында галактозаның глюкозаға айналуын катализдейтін фермент синтезделмеуі болып табылады. Нәтижесінде ағзада галактозаның жиналуынан нәрестелерде катарактаның дамуы, бауыр және ми тіндерінің зақымдалуы дамиды. Емі - рационнан сүт қантын алып тастауға негізделген.Тұқымқуалаушы аурулардан басқа, энзимопатология әртүрлі соматикалық аурулардың, қатерлі ісіктердің, артериосклероздың және ревматоидты артриттің даму механизмдерін зерттейді. Синтезделуі немесе реттелуінің бұзылуы нәтижесінде патологиялық процеске алып келетінін ескере отырып ферменттік жүйелердің және жеке ферменттердің маңызы зор екендігін түсіну киын емес.



ЭнзимодиагностикаАғзадағы әрбір тінге сандық және сапалық жағынан әртүрлі ферменттер және изоферменттер тобы тән. Осы ферменттердің ағзада жетіспеуінен түрлі аурулар дамиды.Ферменттік диагностика аурудың диагнозын ғана емес, сонымен қатар жүргізіліп жатқан ем эффективтілігін анықтау үшін маңызды. Сонымен қатар энзимодиагностика - қан сарысуындағы, асқазан сөліндегі, зәрдегі, жұлын сұйықтығындағы ферменттер концентрациясын анықтауға негізделген биотесттер жасауда маңызы зор.Мысалы, жүрек жетіспеушілігі, жүректің ишемиялық ауруы кезінде қан сарысуында трансаминазалар (аспартатаминотрансфераза и аланинаминотрансфераза) активтілігі сәл жоғары болса, ал миокард инфарктысы кезінде 20 мин кейін трансаминазалар активтілігі 10-100 есе көбееді. Сонымен қатар қан сарысуындағы трансаминазадан басқа, миокард инфарктысын дәлелдейтін информативті әдіске лактатдегидрогеназды және креатинфосфокиназды тесттер жатады. Миокард инфарктысы кезіндегі жүрек бұлшықетінің некрозы нәтижесінде қанға ыдырау өнімдері мен ферменттер бөлінеді. Инфакт жағымды аяқталған жағдайда қан сарысуындағы ферменттер деңгейі 2-3 күні қалыпқа келеді. Қайталамалы миокард инфактысы болған жағдайда (көбінесе аурудың бірінші аптасында дамиды) электрокардиаграммада ешқандай өзгерістер болмауы мүмкін, бірақ ферменттік тесттер қан сарысуындағы ферменттердің жедел өсуімен көрінеді.Клиникалық практикаға изоферменттерді анықтау әдістерін ендіргеннен кейін ферменттердің диагностикалық маңызы өсті.Лактатдегидрогеназа (ЛДГ) – кең таралған фермент, ағзаның барлық дерлік клеткаларында синтезделеді, ЛДГ-нің 1-, 2-, 3-, 4- и 5-ші изоферменттері бар.Жүрек бұлшықетінің органикалық зақымдалуы кезінде, мысалға миокард инфарктысында қан сарысуында жалпы лактатдегидрогеназа жоғарлап, қана қоймайды. Нақты диагноз кою үшін манызы бар ЛДГ 1 және 2 изоферменттерінің қан сарысуында қүкт көтерілуі байқалады.

Бауырдың қабынулық аурулары кезінде изоферментті спектр солдан оңға ығысады (яғни, 5 және 4 изоферменттер 1 және 2 изоферменттерге қарағанда жедел жоғарылайды). Журек патологиясында макроэргиялық субстраттың негізгі фермент креатинфосфо-киназаның 3 изоферменттің түрінің де белсенділігі өзгереді.Диагностикалық энзимология тек аталған мүшелердің ауруларын анықтауда ғана емес, сонымен қатар бүйрек, ұйқы безі, асқазан, ішек және өкпе ауруларын анықтауда үлкен жетістіктерге жетті.Мысалға, клиникалық практикада бүйрек және ұйқы безінде түзілетін қан сарысуында кездесетін трансамидиназа ферментін анықтау; немесе тек қана бауыр клеткаларында және тері эпидермисінде кездесетін гистидаза ферментінің активтілігін анықтау. Аталған ағзалардың зақымдалуы кезінде, қабыну үрдісінде, жарақат алғанда, хирургиялық әрекеттер кезінде қан сарысуында қалыпты жағдайда байқалмайтын, бұл ферменттердің белсенділігі артады.



ЭнзимотерапияБұл тұқымқуалаушы, соматикалық және жұқпалы аурулар кезінде ағзаға жетіспейтін ферменттерді енгізу немесе мүшелер мен тіндердің функциясын ферменттер комплексімен қалыпқа келтіру (сур.47).Медициналық практикада ферменттер көбінесе жергілікті іріңді-некроздік процестер кезінде (трипсин, химотрипсин, рибонуклеаза және басқалар), тыртықтардың сіңуі (гиалуронидаза), пероральды ас қорыту процестерін жақсарту үшін (пепсин, химотрипсин, панкреатин, комплексті препараттар - фестал, дигестал және басқалар), тромбоздар кезінде фибринолиздік әсері бар ферменттік препараттар (фибринолизин, стрептокиназа, урокиназа және басқалар).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет