1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат


Реферат, аннотация, мақала, конспект, тезис ерекшеліктері Дариға



бет15/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Байланысты:
ҒЗН сес

18. Реферат, аннотация, мақала, конспект, тезис ерекшеліктері Дариға
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады.
Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар.



  • рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек)

  • кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты)

  • негізгі бөлім

  • қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек )

  • пайдаланылған әдебиеттер тізім



Аннотация (аңдатпа) – бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын анықтауға көмектеседі.
Аннотацияны зерттеу жұмысының негізгі бөлігінің орындалып, зерттеу аясы түсінікті болған кезде жазу қажет. Оны ғалымның зерттеу кезінде ашқан мәселесін нақты түсіне отырып жазуы аса маңызды.
Аннотацияның құрылымы

  • Өзектілігі. Ғалымға берілген мақаланы оқудың қажеті неде?

  • Мәселенамасы. Зерттеу жүргізу арқылы Сіз қандай мәселені шештіңіз?

  • Шешімі. Қандай әдістер мен тәсілдерді қолданып, теориялық сұрақтарды көтердіңіз?

  • Нәтижесі. Зерттеудің нәтижесін сипаттаңыз.

  • Қорытынды. Сіздің зерттеп отырған тақырыбыңызды жұмысыңыз қалайша кеңейтті? Қандай жаңалық аштыңыз?

Ерекшеліктері:
Онда ешқандай бос сөз, жалпы фразалар, артық мағлұматтар болмауы тиіс. Бірінші жақты қолданудың, тізімдерді кіргізіп, дәйексөздерді жазып, кескіндер мен суреттерді енгізу мен сілтемелер жасаудың қажеті жоқ. Терминдерді аз қылыңыз, тым ұзын синтаксистік және грамматикалық конструкцияларды қолданбаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет