1. Ғылымға берілген анықтамаларды салыстырып, басты қағидаттарды кластерге түсіріңіз. Қымбат


Оқулық пен монографияның айырмашылығын Т-кестеге салыңыз. Қымбат



бет28/54
Дата21.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#142123
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
36. Оқулық пен монографияның айырмашылығын Т-кестеге салыңыз. Қымбат

МОНОГРАФИЯ

ОҚУЛЫҚ

Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбек библиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады.
Монография – университет дәрежесін алу үшін қажет ұзақ академиялық жолда қалмайтын жұмыстардың бірі. Ғылыми монография – бір немесе бірнеше авторлар жазған, бір тақырып немесе бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше жиынтық тақырыптар кеңінен ашылатын еңбек.



Оқулық – ғылыми жұмыстың ерекше бір түрі. Ол ғылыми идея мен тұжырымның дидактикалық тұжырыммен тоғысуынан жаралады. Оқулық оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұны ғылыми негізде, жүйемен баяндалатын кітап. Оқулық оқушыға ғылым негізін меңгертумен қатар, оны білік, дағдыға, алған білімін өмір кәдесіне жаратуға баулуға тиіс. Бұл оқулықта мақсатты жүйелілікті жүзеге асыруға байланысты.
Оқулықта оқушылардың психологиялық ерекшеліктері де ескерілуі керек. Олай болса, психологиялық жүйелілік те оқулықтың сапалы болуының кілті. Оқулықты күрделі құрылым, біртұтас бітім, жүйе дейтініміз де содан.

37. Зерттеу жұмысының сәтті шығуына ықпал ететін факторларды ПОПС формуласы бойынша беріңіз. Шырын


менің ойымша, зерттеу жұмысының сәтті аяқталуына көптеген факторлар қажет етіледі. Ең алдымен ғылыми ізденістер, бірнеше кезеңдерден тұратын танымның мақсатқабағытталған үрдісі болып табылады. Оның нәтижелері ғылыми зерттеудің көрінісіне байланысты болады: ғылыми мақала, эссе, курстық жұмыс, дипломдық жоба, диссертация (магистрлік, докторлық), монография және т.б. Кез-келген құбылысты зерттеу, тану, ғылыми ізденістер жүргізудің барлығы өз дәрежесінде жаңалық болып табылады. Осындай түрлі ізденістер мен сауаттылықтың, яғни ғылыми түрде сөйлеп, дұрыс жаза білудің нәтижесінде сәтті аяқталады деп ойлаймын.
Себебі, нақты әрі ғылыми түрде сауатты жазылған жұмыс пен, зерттеудің ішінде қолданылған құнды ізденістер мен мәліметтер алынған тақырыпты әрлеп, зерттеу жұмысымыздың жемісті болғандығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет