41. Көпшілік алдында ғылыми жұмысты ауызша қорғау талаптарын санамалап беріңіз... Маха
Көпшілік алдында сөз сөйлеу ол өнер. Ол шешендікпен байланысты
тіл тазалығы, Сөз тазалығы сақталу керек
дауыс ашықтығы, дауыс әуезділігі болу керек
қорғайтын жұмытың нақтылығы, слайдтың дұрыс безендірілуі шарт
жобаның логикалық тұрғыдан дұрыс құрылуы қажет
жоба реттілігінің тәртіпке сай болуы керек
регламентті сақтау керек
кімге, неге айтатыныңды, қалай сөйлек керектігін аудиторияның ыңғайыына қарай құру қажет
Егер сіз көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгергіңіз келсе, онда тап болатын бірнші кедергі – ішкі үрей. Оны еңсере білу керек.
Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көрегенділік таныту
Кез келген адамның ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», — деген ұлы Абай ескертуін ойдан шығармағанымыз абзал. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді.
Сөз шеберлігін қалыптастырудың жолы – тілдің нәрін ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдебиет арқылы бала бойына сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көпшілікке көркем етіп жеткізе білу – тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты.
Шешен сөйлеу – адамның тұлғалық қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытудың басты белгісі де сөз сөйлеу шеберлігінде жатыр.
Сонымен бірге сөз сөйлеу шеберлігі орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық нормаларға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөз сөйлеу шеберлігі ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан) маңызды болып табылады.
Сөз қолдану шеберлігі көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауыз екі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Шешендік топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Өзара тілдескенде немесе көпшілік алдында сөз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды келістіріп айта білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам, сөз сөйлеу мәдениеті мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады.
Кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Ондай адамдар арасында өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.