192
Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.
ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін
дамытуда ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру
және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің
сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері
пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін
беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің
ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни
ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау,
сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және
кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде
мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік
пәндік Web–сайттар ашу
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық
сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім
алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын,
барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының
қатыспай
қалуы
мүмкін
болмайтын
оқыту
процесін
ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына
қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-
қатынас
жасауды
дамытуды
ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын
пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру
негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді,
интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды,
қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-
коммуникациялық
технологиялар
кеңістігін
құруға
жағдай
жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы
жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық,
интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық
байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line
сабақтар
арқылы
іске
асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану
арқылы
оқушының
ойлау
қабілетін
арттырып,
ізденушілігін
дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып
айқындалады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді
қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
193
Ақпараттық
технологиялар
орталарын
пайдаланудың
мақсаттары:
1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық
деңгейін жетілдіру: оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру, пәнаралық
байланысты тереңдету, қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.
-коммуникативтік
қабілеттерді
дамыту,
- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын
қалыптастыру.
- компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы эстетикалық
тәрбие
беру,
- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу:
Сабақта
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
пайдаланудың
тиімділігі:
•оқушының
өз
бетімен
жұмысы;
•аз
уақытта
көп
білім
алып,
уақытты
үнемдеу;
•білім-білік
дағдыларын
тест
тапсырмалары
арқылы
тексеру;
•шығармашылық
есептер
шығару;
•қашықтықтан
білім
алу
мүмкіндігінің
туындауы;
•қажетті
ақпаратты
жедел
түрде
алу
мүмкіндігі;
•экономикалық
тиімділігі;
•іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
•қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері
болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін
көріп,
сезіну
мүмкіндігі;
•оқушының
ой-өрісін
дүниетанымын
кеңейтуге
де
ықпалы
зор.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға
тиіс
мәліметтер
көлемін
ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында
отырып қол жеткізуге болады;
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу
сапасын
арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге
мүмкіндік
алады.
5. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау
мүмкіндіктері артады.
Сабағымда қолданылатын электронды ресурстарға тоқталғым келеді.
1.Оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Электрондық оқулықпен
оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау,
сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін , шығармашылық қабілетін дамыту.
Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс,
анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы,
диктант, тест тапсырмаларын , қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды
оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық
материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік,
дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы,
практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты
көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ
игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық
құрал. Барлық пәндер бойынша, оның ішінде математика сабағында электрондың
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
194
оқулықты пайдаланамын. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше
шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына
мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала
алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз
бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда
инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі. Тәжірибе
көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын
баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым
мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика сабақтарында
қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-
танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен
мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде
қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.
Екіншіден электронды оқыту жүйесі е-Learning туралы айта кетсем, ЦОР яғни
сандық оқыту ресурсы модуліндегі Е –кітапханасындағы бейнероликтер, интерактивті
басқару, тестілерді кеңінен қолданамын. Сонымен қатар оқушыларға осы электрондық
оқыту жүйесі арқылы тест беремін. Оқушылар бұл тестіні үйде орындайды.
Орындаған бетте оқушылар өз бағаларын көре алады. Бұл жүйе оқушылардың тест
орындаған бетте бағасын шығарып береді.
е-Learning электронды оқыту жүйесі:
* оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне;
* білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруіне;
* қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауына;
* қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігіне;
* оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де зор ықпал етеді.
Сандық оқыту ресурсында (ЦОР-да) бастауыш сыныптара арналған математика
пәнінен көптеген сабақ үлгілері берілген. Түсіндіру мен қатар жаттығулар мен
тапсырмалар, қортынды тестер берілген. Оқушыларға ұнайды. Қызығушылықпен
орындайды.
3. Келесі кезекте сабақта қолданылатын электронды ресурстар, оның ішіндt Bilimland
порталына тоқталғым келеді. Бұл порталда мектеп бағдарламасы бойынша жасалған
10 000-ға жуық интерактивті сабақтарға жол ашады. Мұғалімдерге арналған мыңдаған
көрнекі құралдар ұсынады. Оқу мен жаңа технологияларды тиімді ұштастыра отырып,
виртуалды зертхана яғни заманауи электрондық жаттықтырғыш оқулықтар берілген.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған қосымша оқу
құралдарымен сәйкестендіріп, сабақ методикасын дербес құрылымдауға зор мүмкіндік
береді. Аталған ресурсты оқытуда қосымша құрал ретінде, сондай-ақ оқушылардың
бойында ғылыми зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етерлік білімдер жүйесін
қалыптастыру жабдығы ретінде пайдалануға болады. Анимацияланған интерактивті
симуляторлар оқушылардың мұғалімдер көмегімен бақылау және сынақ жүргізуіне,
сондай-ақ ғылыми негізде шынайы өмір мен заңдылықтар арасындағы байланысты
айқын тануына мүмкіндік береді.Оқушылар сабақтың күнделікті өмірмен
байланыстылығын ұғынса, тақырып мазмұнын да тез түсініп, жылдам меңгереді.
4. Мен өзімнің іс-тәжірибемде AktivStudia. AktivInspare бағдарламасы бойынша
флипчарт және AktiVoote құралын кеніне қолданамын.
Ақпаратты технологияларды математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және
жұмыстың тез орындалуы арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік
береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін
арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік,
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
195
шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға
көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді
Осы айтылғандардан математика сабақтарында компьютерді қолдану кезінде
күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға болады:
математика мен информатиканың пәнаралық байланысын дамыту;
компьютерлік сауатталықты қалыптастыру;
оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарын дамыту;
оқушылардың ақпараттық мәдениетін, іс-әрекетінің шығармашылық стилін
қалыптастыру;
білім алуда ақпараттық технологияларды және басқа да ақпараттық
құрылымдарды қолдануға оқушылардың дайындығы;
жеке және тұлғалық-бағдарлы ыңғайды іске асыру.
Сабақтың тиімділігі көпшілік жағдайда оқытудың техникалық құралдарын
қолданудағы қауіпсіздікке және оптималды пайдалану тәртібіне тәуелді. Сондықтан
техникалық құралдарды қолданудың ұзақтық мерзімін ескеріп отыру керек.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді
біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім
алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік
береді.
Интерактивті тақтаны қолдану кезінде сабақты 3 кезеңге бөлемін:
1-кезең
- бұл кезде оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсіреді
- оны жаңа сабақпен байланыстырады
- пәнге деген қызығушылығын арттырады
2-кезең
- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша
жұмыс істейді
- өз пікірлерін жеткізе алады
3-кезең
- оқушылар үйренгенін саралап өткізеді
- компьютер үдістері арқылы бір жобаға салады.
Осы кезеңнен кейін оқушылардың танымдылық іс-әрекетінің дамуының
деңгейін анықтау кестесін қолданамын. Оқушылардың есеп шығару барысында
қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын ескеріліп қиындығы әртүрлі есептер берген
жөн.
Оқушылардың тапсырмаларының негізі болып оқушылардың ақыл-ойымен іс-
әрекеттерін
шығармашылықпен
дамитынын
көрсетеді.
Оқушылардың
шығармашылық қабілетінің аттыру мақсатында әр-түрлі есептер дайындап келулерін
ұсынамын. Оқушылар тапсырманы орындауға теориялық дайындықпен келуге тиіс.
Оқушылар жұмысты аяқтағанан кейін тексеру парағын таратамын. Оқушы шығарған
есептерін мұқият тексеріп өзіне-өзі баға береді. Өзін-өзі бағалау оқушыны
шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды.
Ақпараттық технологияның міндеті-оқушыларды білімге қызығушылығын,
ізденушілікке баулу. Заман талабына сай сабақта қолданылатын электрондық
байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар,
түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды
нақтылауға мүмкіндік береді. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін,
анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін
пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті,
оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
196
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші –
мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға
бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар
қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы, 2011 жыл
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
5. .Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық –
коммуникациялық
технологияларды
қолдану
бойынша
құзырлылықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
Аннотация
В статье автор рассматривает новые формы работы информационных
технологий. По мнению автора для того чтобы получить результат важно быть не
только образованным, надо заниматься исследовательской работой и уметь
применять эти знания.Сегодня ребенок-завтра рулевой мира.Поэтому в
информационной среде важно применять коммуникативную и информационную
культуру для воспитания личности, умеющей : выражать свою точку зрения,
работать в режиме Он-лайн, пользоваться интерактивной доской.
Райхан Жадігерқызы КЕНЖАЛИНА,
«Ақтөбе қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектебі» ММ, информатика
пәнінің мұғалімі
Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Түйін
Қазіргі білім беру жүйесін қайта құру, мазмұның жаңғырту –қоғамдағы өзекті
мәселенің біріне айналып отыр. Жаңа заман талабына сай білім мазмұнын жетілдіру
12 жылдық оқытуға көшумен байланысты. Осы орайда автор 12 жылдық жүйеге көшу
әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізу екендігіне тоқталады .
Он екі жылдық білім беру жүйесіне көшкен кезде оқушының тұлғалық дамуы мен
мұғалімнің кәсіби әрі шығарашылық әлеуеті қабысып жатуы тиіс. Сонда ғана «ХХІ
ғасырда нені оқыту керек, қалай оқыту керек?» деген сауалдың түйіні шешілері сөзсіз.
Мақалада 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің қоғамдағы өзектілігі және табысты
әрі сапалы оқытуға қол жеткізу жолдары айтылады.
Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп
отырады.Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз
жетіле
отырып,
барынша
күрделене
түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан
үлкен үміт күтілуде.
«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр» деп
Р.Эмерсон өзінше баға бере білген. Мектептегі басты тұлға ұстаз десек, білім саясаты
ең алдымен ұстаздар қауымы арқылы жүзеге асырылады. Ал біздің келешектегі
мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
197
қалыптастыру.
Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы
жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени
ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай
қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын
толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір
ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр.
Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білі беруді ұйымдастыру 12 жылдық
оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне
шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын
анықтауында.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде
«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте
ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана
еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның
келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.
«Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты
орын
алу»
деп
елбасшымыз
әңгіменің
басын
ашып
айтқаны
бар
12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы
мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді
де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен
тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі
соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен
шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,
ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын
ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір
шеті мынада жатыр.Жаңа көз – қарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің
шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек.
Әрине, өз мүмкіндіктерінее баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму
бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын
деңгейін
естен
шығармаған
жөн.
Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік
білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын
түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық
білім
беру
мазмұнында
жатыр.
Жаһандану үрдісі басым болғандықтан ба, батыстық өркениетке еліктеуі
күшейіп келе жатқандықтан ба, қазіргі кезеңде білім саласындағы әр адамның
көкірегінде қазақтың жарық жұлдызына айналған Мағжан Жұмабаевтың мына бір
сөзіне құлақ асу абзал-ақ: «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің
қандай негізде құрылуына барып тіреледі». Келешекте ақынның сөзі алдыңғы буын
өкілдерінің
жолбасшысы
болары
анық.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі,яғни болашақ
мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына
педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын,
қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан,
бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Елге
танымал аты шулы ғұламалардың бірі Әл-Фараби былай деген екен: «Тәрбиесіз қолға
білім салма» деген бағдарлы ойын тек қана ескеріп қана қоймай, педагогиканың
діңгегіне, мектеп жұмысының тірегіне айналдыру баршамыздың міндетімізге айналуы
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
Достарыңызбен бөлісу: |