1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет38/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71

           Қазіргі  кезде  егемен  еліміздің    білім  берудегі  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік 

білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу  -  тәрбие  үрдісіндегі  елеулі 

өзгерістерге байланысты болып отыр.  


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

241 



 

Бұрынғы парадигма: 

Білім мазмұны        білім беру формасы         оқыту әдісі      оқыту көрнекілігі- тізбесінде 

қаралып келсе, енді жаңа оқыту технологиясының енгізілуі 

Қазіргі  парадигма: 

   Оқып- үйрену       меңгеру     өмірге енгізу     дамыту – тізбесінде қаралып отыр. 

  Білім  беру  парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас, 

жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен 

білім  беруде  педагогтың  инновациялық  іс  –  әрекетінің  ғылыми  -  педагогикалық 

негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.  Білім саласындағы  міндеттерді  жүзеге 

асыру үшін, әр педагог күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді 

сабақтарында енгізіп отыру қажеттілік етеді.  Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың 

озық  технологияларын  меңгермейінше  жан-жақты  сауатты  маман  болу  мүмкін  емес. 

Өйткені, оқыту мен тәрбиелеуге көптеген тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас 

педагогикалық  үрдістер  өзгертіліп,  білім  берудің  тиімді  деп  танылған  жаңа 

технологиялары  дүниеге  келеді.  Кез-келген  оқыту  техноло-гиясы  мұғалімнен  терең 

теориялық,  психологиялық,  педагогикалық,  әдіс-темелік  білімді,  үлкен  педагогикалық 

шеберлікті,  тәрбиеленушілердің    жан  дүниесіне  терең  үңіліп,  оны  ұғына  білуді  талап 

етеді.  Сондықтан  тәрбие-ленушінің    рухани  өсуіне  жағдай  туғыза  алатын, 

жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагог қана бүгінгі 

қоғамның  мүддесі  мен  әр  тәрбиеленушілердің  үрдісінен  шыға  алады.    Кез  келген 

педагогтың басты мақсат-міндеті – балаларға сапалы білім беру, жан-жақты  жетілдіру, 

шығармашылық  қабілетін,  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыру.    Осы  орайда  ұлы 

педагог  К.Д.  Ушинскийдің:  «Бала  –  балқытылған  алтын»-  деген  қанатты  сөзі  бірден 

ойға  түседі.  Балаға  қалай  бағыт  берсең,  солай  өседі.  Сондықтан  баланың  бойында 

жақсы  қасиеттердің  болуына  ықпал  етуіміз  керек.  Кез-  келген  бала  да  адамның 

мәдениеті де ойын арқылы дамиды.  

  5-6  жасар  балаларға  сабақ  процесі  кезінде  ойын  элементтерін  пайдаланудың  көмегі 

зор.  Бала  мектепке  келуіне    байланысты,  оның  өмірінде  елеулі  де  маңызды  кезең 

басталады.  Олар  енді  тәрбиеленуші  атанады.  Бұл  уақытта  балаға  жаңа  талаптар 

қойылып, жаңа міндеттер пайда болады. Бірақ олар тез шаршағыш, жоғарғы дәрежеде 

әсерленгіш болады. Ұжымдық түрде жұмыс жасау көптеген балалар үшін қиын болады.

 

Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету 



арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптас-тыруды 

мақсат  етеді.  Демек,  мұғалім  сабағын  баланың  қабілет-қарымына,  психологиялық 

ерекшелігіне  сай  байланысты  жоспарлау  керек.  Сонда  ғана  сабақ  тартымды,  жеңіл 

болады, оқушыларды жалықтырмайды.

 

 

  Балалардың  мектепке  дейінгі  басты  қызметі-  ойын  болғандықтан,    оқу-тәрбие 



үрдісінде  олар  біртіндеп  ойын  әрекетінен  оқу  әрекетін  орындауға  бейімделуі  тиіс.  Ол 

сабақ  барысында  пайдаланылатын  дидактикалық  ойындар  арқылы  жүзеге 

асады.   Ойынның  мақсаты  -  бағдарламада  алған  білімдерін  қалыптастыру,  тиянақтау, 

пысықтау. Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. 

  Дидактикалық  ойындар  -  балалардың  білімдерін  арттырудың  құралы.  Сабақта 

ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.  Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты 

көздейді  және  нақты  міндетті  шешеді.  Ойын  сабақтың  басында  –  өткен  сабақты  еске 

түсіреді.  Сабақтың  ортасында  –  көңіл-күйін  сергітеді,  ерік-жігерін  дамытады,  сабаққа 

ынтасын  арттырады.  Сабақтың  соңында  –  тақырыпты  бекіту,  сабақта  алған  білімді 

жинақтау  мақсатын  көздейді.              Ойын  –  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын 

арттыратын  құрал.  Сонымен  бірге  ойынды  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлескен  оқу 

әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады

 

 

 



Ойын  -  дегеніміз  не?  Бала  өміріндегі  ойындардың  маңызы  туралы                В. 

Сухомлинский    былай  деген:  «Ойын  дегеніміз-  орасан  зор  жарық  терезе.  Осы  терезе 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

242 



 

арқылы  балалардың  рухани  дүниесіне  қоршаған  дүние  туралы  түсініктердің, 

ұғымдардың  ширақ  тасқыны  келіп  құйылады.  Ойын  дегеніміз-  бұл  ынталық  пен 

құмарлықтың  отын  жағатын  ұшқын».  Ойын  дегеніміз  -  халықтың  баланы  әдептілікке, 

сауаттылыққа  баулитын  құралдарының  бірі.       Бала  саналы,  мәдениетті,  адамгершілігі 

мол болып, жан-жақты дамуы үшін, тілін дамытып, сөз байлығын дамыту  үшін  және  

айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың  маңызы  зор.    Ойын үстінде 

баланың  түрлі қасиеттері, қабілеті  мен белсенділігі  де көрінетіні туралы аса көрнекті 

педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет 

саласында,  көбінесе  сондай  болады».  Сондықтан  келешекке  адамды    тәрбиелеу  - 

бәрінен  бұрын  ойын  арқылы  жүзеге  асыралады.  Ойын  -  балалар  үшін  айналадағыны 

танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір 

сүретіндігімен  байланысты.  Ол  алғашқы  айлардан  бастап  -  ақ  маңайындағылармен 

қарым-қатынас    жасауға  ұмытылады,  соның  арқасында  күш  қуатты,    тілді    біртіндеп  

меңгереді. Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да болуы мүмкін. 

Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде   де сөйлесіп 

жүреді. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

 

 Ойын  жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  көңіл-күйін  көтеретін,  ойландыратын 



үрдіс.  Ойын-төзімділікті,  алғырттықты,  тапқыр-лықты,  ұқыптылықты,  ізденпаздықты, 

іскерлікті,  дүниетаным  өрісінің  көлемділігінің,  көп  білуді,  сондай-ақ,  басқа  да  толып 

жатқан  сапалылық  қасиеттерді  қалыптастыруға  үлкен  мүмкіндігі  бар  педагогикалық, 

тиімді  әдістерінің  бipi.  В.А.Сухомолинскийдің  сөзімен  айтар  болсақ,  «Ойынсыз  ақыл 

ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес».

 

 



Негізгі рөл балалардың ойынға қатысуындағы психологиялық және интеллектуалдық 

дайындығымен  сипатталады.  Ойын  кезіндегі  көтеріңкі  көңіл-күй,  өзара  түсіністік, 

достық  қарым-қатынасты  қалыптастыру  үшін  мұғалім  әр  ойынға  қатысушының  мінез-

құлқын,  темпераментін,  жинақылығын,  ұстамдылығын  және  денсаулығын  ескеруі 

керек.Ойынның  мазмұны  қатысушылар  үшін  қызықты  және  ойын  соңында  нәтижесі 

анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын 

әрекеті  сабақ  кезінде  алған  білімдері  мен  білік-дағдыларына  негізделеді,  ол  әрекеттер 

күнделікті  әсерлі  шешімдер  қабылдауға,өздерін  және  қоршаған  орта  мүмкіндіктерін 

дұрыс  бағалай  білуге  тәрбиелейді.  .  Міне  осы  жағдайларды  ескере  отырып,  ойын 

түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

 

  Мазмұнды  бейнелі  ойын:  отбасы,  балабақша,  мектеп,  аурухана,  ұшқыштар,  мал 



фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер; 

  Қимыл  қозғалыс  ойындары:  «ақ  серек,  көк  серек»,  «ұшты-ұшты»,  «аңшылар», 

«сиқырлы  таяқ»,  «мысық  пен  торғайлар»,  «бақташы  мен  қозылар»,  «соқыр  теке», 

мысық пен тышқан.     Ұлттық  қазақ  ойындарынан:  «Қыз  қуу»,  «Орамал  тастау, 

«Асық»,  «Бәйге»,  «Жамбы  ілу»,  «Хан  талапай»,  т.б.    ойын-дарын  қолдануға  болады. 

Дидактикалық  ойындар:  Ойлан  тап,  кім  жылдам?,  «Орныңды  тап»,  «түсті  лото»,  «Тез 

ретке келтір», «Көршілер», «Аралар», «Дүкен», «Сен жалғастыр», «Дәл тауып айт», т.б. 

Дидактикалық  ойындар    кішкене  балаларға  мейлінше  тән  оқыту  формасы  болып 

табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені 

үйрететін  ойындарды  жасаған  халық  педагогикасы.  Мысалы:  «Сиқырлы  қалпақтың 

сырын  ашайық»-  деген  ойында  балаларды  зат  туралы  айта  білуге  үйрету,  олардың 

жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында 

не  бар  екенін  білу.  Дидактикалық  ойындар  айналамен  танысу  сабағында,  көркем 

әдебиет,  тіл  дамыту    сабақтарында  жиі  қолдануға  болады.  Халық  даналығындағы: 

«Ойнай  білмеген,  ойлай  да  білмейді»,  «Ойында  озған  өмірде  де  озады»  деген  аталы 

сөздің сырына жүгінсек 5-6 жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым  – қатынасы, 

мінезі олар өсіп – есейгенде де өмірінде жалғаса береді.   Халық өзін қоршаған дүниенің 

қыры  мен  сырын  егжей-тегжейлі  білуді  баланың  санасына  ойын  арқылы  беруді 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

243 



 

көздеген.    Сондықтан  кез-келген  сабақты  өткізу  үшін  дидактикалық  ойындар  қолдана 

білу  керек.  Мысалы    «Сиқырлы  сандар»  сабағында  баланың  логикалық  ойлауында 

дамытатын  ойындар  «Құрастыру»,  «Бөлігін  тап»,  «Көршісін  тап»,  «Ойлан  тап»    т.б. 

«Математикалық  жарыс»,   «Математикалық   шытырман»,  «  Математикалық   пойыз», 

т.б.  ойындарын  ойнауға  болады.  Ой-  өрісін  дамытатын  «Санамақ»  ойынының  да  түрі 

көп. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау 

арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.    Мысалы:      

     Бір дегенім   білеу, 

Екі дегенім   егеу, 

Үш дегенім   үскі, 

Төрт дегенім  төсек, 

Бес дегенім   бесік, 

Алты дегенім  асық, 

Жеті дегенім желке, 

Сегіз дегенім серке, 

Тоғыз дегенім  торқа , 

Он дегенім оймақ, 

Он бір қара жұмбақ. 

  Ал,  «Тіл  дамыту»  сабағында  «Ұйқасын  тап»,  «Сиқырлы  қоржын»,  «Анаграмма», 

«Тауып  ал»,    «Логикалық  ойындар»,  «Баспалдақ»,  «Жалғастыр»,  «Кім  көп  біледі?» 

, «Ол кім, бұл не?»

 

т.б. ойындар арқылы өткізуге болады. Мысалы: «Жалпы атауын ата» 



ойынында балаларға конверттің ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары 

бар  бірнеше  сериялы  дидактикалық  материалдар  таратылып  беріледі.  Осы 

материалдардың  жалпы  атауын  сәйкес  топтастыру  қажет.  Сонан  соң  өзінің  неге  олай 

топтағанын дәлелдеп айту керек.  

  Танымдық  ойлауын  дамыту  мақсатында  тәрбиеленушілерге  сөзжұмбақ,  ребустар 

беремін.  Бұл  тәсіл  арқылы  оқушының  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттері  дами  түседі.  Тіл 

дамыту    сабағында  жұмбақ  шешу  ойынын  жарыс  түрінде  өткізуге  болады.  Бұл  ойын 

балаларды  өздігінен  ойлауға  үйретеді,  дерексіз  ойлаудан  нақты  ойлауға  жетелейді. 

Сабақ  күрделене  түскен  сайын  оқушының  ой  өрісі  де  өсе  түседі.  Осыған  сәйкес  ойын 

түрін де өзгертіп отыру керек.  

  Тіл дамыту  сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады.  

Мысалы:  «Телефон»  ойынында  диалогтық  сөйлеудегі  әңгіменің  мақсаты  -  бір  нәрсе 

жайында  сұралап,  баланың  оған    жауап  беруге,  белгілі  бір  әрекетке    түрткі  болуға 

үйрету болып табылады. 

  Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың  сөздік қорын жаңа 

сөздермен  толықтырып,  түсінігін  молайту  қажет.  Баланың  тілін  дамытуда  ойын 

түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: 

«Қуыршаққа  қонаққа  бару»,  «Мен  кіммін»,  «Қуршақты  киіндіреміз»,  «Шарбақты 

құрастыру»,    «Көлемі  бойынша  қой»  деген    секілді  ойын  түрлерін  қолдануға  болады. 

Әсіресе  дидактикалық  ойындарды  тіл  дамыту  сабақтарында  пайдаланудың  тиімділігін 

тәжірибе көрсетіп отыр.      Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле 

отырып орындау, сахналық көрініс көрсету. Рөлдік ойындар мектепке  дейінгі балалар 

өмірінде  елеулі  орын  алады.  Бұл  ойындар  ұзақа  та  ,  қысқа  да  болуы  мүмкін.  Мысалы 

«Дүкен»  ойынын  ойнағанда  балалар  сатушы  сатып  алушының  әрекеттеріне  еліктейді.  

«Шаштараз», «Отбасы», «Мектеп», «Дәріхана», «Базар» ойындары арқылы айналадағы 

өмірді  бақылауға, күнделікті  өз өмірлерінен алған білімдерін қоғамдағы өзгерістермен 

байланыстырылып отырылуы қажет. 

  Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен  тындайды. 

Ертегі  балалардың  ой-  қиялын,  сөздік  қорын  дамытады.  Ертегі,  әңгімелерді  балаларға 

оқып беріп, түсінгенін сұраумен шектелмей оларды сахналатып отырса, біріншіден бала 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

244 



 

тез 


қабылдайды, 

есінде 


сақтап 

қалады. 


Екіншіден, 

шығармашылығын  

(шығармашылық-  жаңалық    ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер  деңгейі),  яғни, 

әртістікке  баулуға  және  рөлге  бөліп  орындай  білуге  жаттығады.  Сөйлеу  тілін, 

байланыстыра  білуін  дамытады.    Ертегі  кейіпкерлерінің  суретін  көрсету.  Балалар 

қандай ертегі кейіпкері екенін тауып алу керек. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді 

анықтау, кейіпкерлерге сипаттама беру. 

 Әрбір  ойынның  өзіндік  ережелері  сақталуы  тиіс,  ойнау  тәртібін  біліп,  рөлдік  сипатын 

сақтап,  дұрыс  ұйымдастыра  білу  керек.  Педагог  өтілген  ойынға  талдау  жасап,  оның 

балаларға  тигізген  тәрбиелік  ықпалы  бағалауға,  өз  тобындағы  сюжетті-рөльді 

ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. 

  ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛА НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ? 

1. Балалар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. 

2.  Балалар  тек  бақылаушы  ғана  емес,  өздері  қатыса  отырып  қиын  мәселелерді  өз 

бетінше шеше білуге үйренеді. 

3. Оқу барысында алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді. 

6. Балалар үшін психологиялық жағымды. 

7. Ойын барысында шешім қабылдау балалардан аса жауапкершілікті талап етеді. 

8. Балалар үшін қауіпсіз. 

9. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде балалар ата-

аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелесе білуге үйренеді. 

Қорыта  айтқанда,  ойын  араласқан  сабақ  тартымды  өтеді,  балалардың   білуге  деген 

құштарлығын арттырады, түсініктерін тереңдетеді. 

Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы 

істер  туындап  өрбитінін  байқаймыз.  Өйткені  ең  алдымен  не  нәрсенің  болсын  жөн 

бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір 

өнердің бастауы деп білеміз. 

           

Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі 

ойынға  байланысты.  Бала  ойынсыз  өсіп  өркендей  алмайды.  Бұл  –  өмірдің  заңдылығы. 

Сондықтан  да  сабақта  ойын  технологиясын    пайдалану  тәрбиеленушілердің    ой 

белсенділігін  арттырудағы  маңызы  зор.  Ойын  арқылы  білімін  шыңдап,  ой-өрісін 

кеңейте  алады.  Ойын  арқылы  бала  өтіп  жатқан  тақырыпты  қаншалықты  деңгейде 

меңгергендігі  байқалады.  Ойын  арқылы  бала  өзін-өзі  басқарады,  ойлау,  сөйлеу,  ойын 

еркін жеткізу қабілеттері жетіліп қалыптасады. 

Бала  тәрбиесінің  бағбаны  атанған  ұстаздар  қауымының  тынымсыз  енбегі 

шығармашылық жетістіктерге толы болсын. 

 

Әдебиеттер: 

  1. «Отбасы  және  балабақша»   2009 ж   

  2.Бала тәрбиесі  2006 ж , 2008 ж                                           

  3. «Казахские детские игры» .  Молдагаринов А.  Алматы - Жалын» ,1987 г. 

  4. Қисымова Ә.Қ. Оқыту технологиялары. Алматы. 2007ж. 



 

Аннотация 

 

На данный момент в нашей стране внедряется изменение в сфере образования, 



и взяли направление по обучению по всемирному стандарту. Так как учебно-

вспомогательном процессе изменились парадигма образования, внедрены новшества и 

появились новые взгляды и взаимодействия в сфере образования.  

 

 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

245 



 

Олеся Владимировна ЛАГУТКИНА, 

КГУ «Средняя общеобразовательная школа №58», учитель начальных классов 

город Караганды, Республика Казахстан 

 

РАЗВИТИЕ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ МЛАДШИХ 



ШКОЛЬНИКОВ НА УРОКАХ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ 

 

Аннотация 

Данная  статья  посвящена  развитию  функциональной  грамотности  младших 

школьников  на  уроках  в  начальной  школе.  Основное  внимание  в  работе  автор 

акцентирует  на:  чтение  вслух;  жужжащее  чтение;  чтение-эстафета;  чтение  текста  с 

пометами (стратегия «Инсёрт»); чтение по цепочке; чтение по спирали. 

 

Высшее  образование  является  важнейшим  социальным  институтом, 



функционирующим  с  целью  удовлетворения  общественных  потребностей,  и  потому 

живо реагирующим на внутренние и внешние изменения и процессы. 

Современная  казахстанская  школа  ориентирована  на  развитие  гуманистических 

тенденций образования, восстановление поликультурной функции языка. Важная роль 

при  этом  отводится  гуманитарному  образованию,  которое  даётся  в  школе  на  уроках 

родного  языка  и  литературы.  Важным  аспектом  в  преподавании  этих  предметов  в 

начальной школе является работа по развитию функциональной грамотности

Современному  обществу  требуются  люди,  умеющие  быстро  адаптироваться  к 

изменениям,  происходящим  в  постиндустриальном  мире.  В  новых  обстоятельствах 

процесс  обучения  выпускников  в  школе  должен  быть  ориентирован  на  развитие 

компетентностей,  способствующих  реализации  концепции  «образование  через  всю 

жизнь».  Предпосылкой  развития  компетентности  является  наличие  определённого 

уровня функциональной грамотности.  

Формирование  функциональной  грамотности  у  учеников  начальных  классов 

обеспечивает  подготовку  детей  к  жизни  в  информационном  обществе,  способствует 

проявлению  и  развитию  индивидуальных  способностей  младших  школьников  в 

свободных  открытых  диалогах,  делает  их  интересными  собеседниками  во 

взаимодействии с другими людьми. 

Составляющие работы по обучению функциональной грамотности: 

Обучение чтению: 

-определять цель чтения и в соответствии с ней выбирать тактику и стратегию чтения 

(гибкость чтения). 

Развитие письменной и устной речи: 

-обогащение словарного запаса; 

-формирование и развитие грамматического строя речи; 

- развитие письменной разговорной художественной речи. 

Чтение и письмо – те базовые процессы, с помощью которых мы получаем и передаем 

информацию,  следовательно,  необходимо  научить  школьников  эффективно  читать  и 

писать.  

Целенаправленное  чтение активизирует  учащихся  в  процессе  чтения,  помогает 

заинтересовать  их  и  обеспечивает  глубокое  понимание  и  анализ  текста.  Этот  приём 

даёт 


возможность 

развивать 

в 

учениках 



заинтересованных, 

вдумчивых, 

размышляющих читателей. Текст необходимо разрезать на части и выдавать каждый 

последующий отрывок после обсуждения и ответов на вопросы. В противном случае 

ученики  будут  забегать  вперёд  и  полноценной  работы,  а  тем  более  прогноза  не 

получится.  



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

246 



 

Под 

функциональной 

грамотностью 

 чтения 

и 

письма 

подразумевается способность  учащегося  свободно  использовать  навыки  чтения  и 

письма  для  целей  получения  информации  из  текста,  т.е.  для  его  понимания  и 

преобразования, и для целей передачи такой информации в реальном общении

       Функциональная  грамотность  чтения   –  это  и  умение  пользоваться  различными 

видами чтения, и умение понимать и анализировать художественный текст.  

Как  же  правильно  построить  работу  по  формированию  функциональной 

грамотности младших школьников? 

Работу  по  развитию  навыков  грамотного  письма  нужно  начинать  уже  в  букварный 

период  на  основе  разъяснения  несоответствия  произношения  и  написания,  при 

составлении слого-звуковых схем. 

 

Развивать фонематический слух. 



 

Прививать интерес к чтению. 



 

Развивать словарный запас детей. 



Таким образом, на уроках грамоты в 1 классе наиболее эффективными методами для 

формирования функциональной грамоты являются следующие виды заданий: 

 

Чтение вслух 



 

Жужжащее чтение 



 

Чтение-эстафета 



 

Чтение текста с пометами (стратегия «Инсёрт») 



 

Чтение по цепочке 



 

Чтение по спирали 



Ребёнок, который читает осознанно и бегло, гораздо комфортнее чувствует себя 

и  на  других  предметах.  Он  легко  и  уверенно  может  прочитать  задачу,  полностью 

осознав её содержание, легко выполнить тестовые задания, самостоятельно прочитав 

вопрос.  Хорошо  читающий  ученик  –  это  находка  для  успешного  обучения  в  целом. 

Уверенность 

в 

своих 



способностях 

помогает 

ученикам 

стремиться 

к 

совершенствованию своих знаний, поэтому функциональную грамотность необходимо 



формировать на всех предметах в начальной школе

В  данном  случае  хотелось  бы  подробнее  раскрыть  вопрос,  касающийся 

формирования  функциональной  грамотности  учащихся  на  уроках  русского  языка  в 

начальной школе. 

Для выработки орфографической зоркости полезно использовать следующие виды:  

- списывание с доски отдельных слов; 

- списывание с доски целых предложений; 

- списывание с печатного текста; 

- комментированное письмо 

- списывание с доски с проговариванием; 

- письмо под диктовку с предварительной подготовкой; 

- письмо под диктовку без подготовки; 

- письмо по памяти; 

Грамотно  продуманные  задания  и  упражнения  позволяют  развивать  не  только 

творческие  способности,  но    и  исследовательские  умения  и  навыки  учащихся,  их 

воображение  и  речь,  способствуют  процессу  формирования  функциональной 

грамотности:  умение сформулировать вывод,  обосновать свои рассуждения, отстоять 

свою точку зрения, дать ответ на проблемный вопрос. 

Подобная  работа  дает  положительные  результаты,  если  строится  по  системе  с 

использованием  специальных  заданий  и  упражнений,  а  также  проводится  во 

взаимосвязи всех школьных дисциплин. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет