176
-
Сары - біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол
жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.
-
Қызыл - жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол туралы
мұғалімге мәлімдейді.
Бұл әдіс мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға, ал оқушыларға
мұғалімнен алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.
Әрине, әдістер өте көп. Оларды жаппай ретсіз қолдануға болмайды. Әр
қайсысының сабақ кезеңдерінде өзіндік қолдану орны бар. Сондықтан менің оқыған
осы курстын берері мол болды.
Өз білімімді жетілдіру барысында негізгі белсенді оқыту әдісін тереңдей
ұғынғандай болдым. Жаңаша әдіс-тәсілдер оқушының кеңінен ойлануына, көркем
тілмен өз ойын ашық жеткізуіне жол ашатынына көзім жетті. Белсенді оқытуда
мұғалімнің
челленжер,
фасилитатор
болып
оқушыны
орындаушылықтан
ізденімпаздылыққа жетелеп, көшбасшылық қабілеттерінің дамуына көп көмегін
тигізетінін білдім.
Оқу мен тәрбиенің ұштасатындай, білім мен дағдының оқушы бойында қатар
нәр алып, логикалық ойлауының тереңге тамыр жайып өсуіне де ықпалы мол. Өз
білімімді әлі де жетілдіріп, алған білім-білік дағдыларымды, үйренген әдіс-
тәсілдерімді қолдану арқылы құзырлылық танытатын, бәсекеге қабілетті тұлға
тәрбиелеп шығаратыныма сенімім мол.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазакстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына карай 20 қадам». Астана. 2012 жыл.
2. Григальчик Е. К., Губаревич Д. И. Обучаем иначе. Стратегия активного обучения.
- Минск: Современное слово, 2003.
3. Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1989
Аннотация
В статье автор показывает важные методы и приемы, которые необходимо
использовать на уроках математики для повышения качества знаний. Поднимаются
вопросы видов и форм активного метода обучения. Автор статьи показывает
особенности использования стратегия кубизма,послы,элементы светофора и др.
Г.Б. КАЗБАЕВА,
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ,
орыстмектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы
Р.Б. МАКАЖАНОВА,
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ,
орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы
.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕГІ БЛУМ
ТАКСОНОМИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Түйін
Бұл мақалада көтерілген мәселелер қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңа
мазмұнымен байланысты. Өзекті мәселелердің бірі жас ұрпақтың білім деңгейін
халықаралық дәрежеге жеткізу жолдары мен функционалдық сауаттылығын
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
177
дамытудың тиімділігі қарастырылған. Ұстаздар Блум таксономиясы бойынша берілген
тапсырмаларды орындату барысында жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу
жолдарын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөліседі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
деп атап көрсетілсе, Елбасымыз өз жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50
елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп атап өткен. Сондықтан,
қазіргі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін
қойып отыр. Сонымен қатар, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында
Қазақстандағы білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті.
Жолдаудың біздің алдымызға, яғни білім саласы қызметкерлері алдына қойып отырған
басты міндеті – еліміздегі білім берудің ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға
сәйкестендіре отырып, білім сапасын арттыру. Яғни, әркімнің жеке қабілетін ескере
отырып, оның білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру, қоғамның әрбір мүшесінің
толыққанды білім алу үшін тең дәрежеде жағдай туғызу.
Егеменді еліміздің ең басты
мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты
дамыған, рухани бай тұлғаны дамытудың алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің
басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын нақты, әрі көркем
жеткізе білетін, шешен әрі ділмар, сөз құдіретін игерген жеке тұлға қалыптастыру
болып табылады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы жобасында оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз етіп,
қазақстандық білім беру жүйесін халықаралық деңгейге жеткізу мәселесі педагог
ұстазға жүктеліп отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру
жүйесіндегі реформалар мен жаңалықтар әрбір педагог маманның жаңа идеялармен,
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына түрткі болады. Олай болса, білімнің сапалы да
саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагог мамандардың біліктілігі мен
шеберлігіне байланысты. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіне өту– қазіргі таңдағы негізгі
өзекті мәселелердің бірі.
Әрбір педагог маман жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық
қабілеті бар, нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заман
мұғалімдеріне қойылатын талап. Мұғалім әр тұлғаның шығармашылық қабілеттерін
дамыта отырып, ойлау мен интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығуға,
жаңаны түсіне білуге, білімді іздену бағытын қалыптастыруға ұйытқы болатын
тәлімгер. Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог
болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты сапалы білім беру
міндеті мұғалімге жүктеледі. Мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп,
шығармашылықпен айналысып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Білімді
жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ
ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады.
Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім
беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең
қажеттілігіне сәйкестендіру. Осының бәрі қордаланып келгенде, ұстаздар қауымының
тұрақты да, жүйелі қайта даярлануы мен кәсіби біліктілігін көтеріп отырудан хабар
береді. Мұғалімді оқушыға тек қана білім берумен ғана емес, сонымен қатар, әрбір
оқушының бойында шығармашылық қабілеттерін дамытып отырады. Сондықтан,
рөлдік ойындар, талдау, проблемалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың
негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
178
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп
– білім берудің қара шаңырағы болса, мұғалім- оның жүрегі. Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты
өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы өзіндік ерекшелігі - оның
сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Шебер, білімді ұстаз атана
білу-әр мұғалімнің қоғам алдындағы міндеті. Ол өз кәсібін, өз пәнін, шәкірттері мен
мектебін шексіз сүйетін адам.
Қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар:
-бәсекеге қабілеттілігі;
-білім беру сапасының жоғары болуы;
-кәсіби шеберлігі;
-әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Қазіргі заман мұғалімінің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Мұғалімнің ғылым
жаңалығын түрлендіруде жасаған нәтижелі жұмысы білім саласына өз үлесін
айтарлықтай қоса бермек.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты – жан-
жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен
дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды
роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы
материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін
арттыру.
Өзіндік
жұмыстың
негізгі
мақсаты-оқушылардың
танымдық
қабілеттерін
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге
қүштарлығын ояту. Әр ұстаз ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін ізденімпаз,
шығармашыл, кез келген жағдаяттан шебер шыға білетін психолог, білімді, еңбекқор,
кез келген ортаның ұйытқысы болуы керек.
Мұғалім сабақта түрлі әдіс - тәсілдерді
пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға
және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Жаңа
педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –
жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық
идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы
болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән
беруіміз керек.
Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп
отырады. Бұл мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауында
былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы
білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының
негізіне айналуы тиіс». Жаңа технологияның басты мақсатының бірі - баланы оқыта
отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алып, шешім
қабылдай білуге жетелеу. Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа
технологияларды меңгерте отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті
мәселе. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі негізгі талап - сабақта білім берудің жаңа
технологиялық әдістерін қолдана отырып, оқушыларды өздігінен шығармашылықпен
жұмыс істей алатын деңгейге жеткізу. Сондықтан да шығармашылық қабілеті мол,
жан – жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технологиялар
сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне
қарқынды енуде. Бұл технологиялардың басты тиімділігі – ұстаздарға қазақ тілі мен
әдебиет сабақтарындағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың
дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
179
жағдай жасауы. Сондықтан қазіргі жаңа формация ұстазы әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиіс. Ол үшін өзіміздің
шығармашылық қабілетімізді дамытатын тұжырымдама жасап, көп зерттеп, зерделеп,
ізденуіміз керек, яғни біреуден талап етпес бұрын, біріншіден, өзімізге талап қоя
білуіміз қажет. Сондықтан әрбір ұстаздың арманы- өзі игерген, өз бойында
қалыптасқан білімді шәкірт бойына сіңіріп, өмірде тиімді пайдалана білуге мүмкіндік
жасау. Сол себепті педагогикалық шығармашылықты дамытуға бағытталған жаңа
мазмұн мен формаларға негізделген білімді шәкірт бойына сіңіре білу- әр ұстаздың
өмірлік парызы.
Білім беру жүйесіне жыл сайын әр түрлі өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістердің
басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар
етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін білім беру жүйесінде функционалдық
сауаттылықты арттыру қоғамдағы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Функционалдық
сауаттылық–адамдардың бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп,
жетіліп отыруы, яғни, тұлғаның өз бойындағы білімін өмірде тиімді қолдана алуы.
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
дамыту-бүгінгі
заман
талабы. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып
сабақ өтуі- бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ
беретін оқытушының алдын көрген шәкірт-өмір айдынында өз жолын адаспай тауып,
саналы да білімді азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір
мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі–қазақ тілін жаңа технологиялар
арқылы өзге ұлт балаларына меңгерту бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі. Осы
технологиялардың ішінде Блум таксономиясы арқылы оқыту – білім берудің ұлттық
моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізуге, өз
бетімен тіл үйрену жолдарын жетілдіруіне ықпал ететін тиімді жүйе болып
табылады.
Өз тәжірибемізде оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымызды түрлендіріп өткізу
күнделікті дағды болып қалыптасты. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде
меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы технологияның
маңызы ерекше екендігін баса айтуға болады. Олай дейтініміз, бұл әдістер
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге,
қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Блум таксономиясы бойынша берілген тапсырмалар қарапайымнан бастап,
күрделіге біртіндеп өту барысында 6 деңгейге сәйкес, жеке тұлғаның дамуына жағдай
туғызады.
І. Білу. Бұл кезеңде мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай
сақталғаны тексеріледі.
ІІ. Түсіну. Оқу материалын қаншалықты меңгергендері мәтіннен тірек сөздерді
таба білу, сұрақтар құра білу, диалогті толықтыру, сөз тіркестерін теріп жазу
әрекеттері арқылы қамтылады.
ІІІ. Қолдану. Бұл кезең оқу материалын берілген тапсырмаларға сәйкес қамту
және ережелерді теориялық, практикалық тұрғыдан қолдана білуге құрылған. Оқу
нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
IV. Талдау. Бұл кезеңде оқу материалының мазмұнын түсінумен қатар, оны
практикада жіктеп, талдап,
дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты
қорытады.
V. Жинақтау. Бұл кезеңде
ақпараттар жүйеленеді, жинақталады. Мұндай оқу
нәтижелері жаңа мазмұнда шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
180
VI. Бағалау. Оқу материалының маңызын анықтайды, өзіндік пікірін, ойын
білдіреді. Бұл кезеңде алдыңғы тапсырмалардағы жасалған шешімдер мен
қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Блум таксономиясы бойынша құрылған сабақ жоспары:
Қазақстанның белгілі спортшылары
Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына қатысып, нәтижелерге
жетіп келеді.1980 жылғы Мәскеу олимпиадасында қазақтар арасынан тұңғыш рет
Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы болса, боксшы
Серік Қонақбаев күміс медаль алды. 2000 жылы Австралияның Сидней қаласында
өткен олимпиадада боксшылар Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, желаяқ
Ольга Шишигина чемпион болса, боксшы Мұқтархан Ділдәбеков күміс медальді
иеленді. 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өткен VІІ Қысқы Азиада
ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына 32 алтын, 21 күміс және 17 қола
медаль салып, бүкіл әлемге Отанымызды танытты.
І.Білу.Мәтін бойыншасұрақтарғажауапберіңдер.
1. Грек- рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?
2. Қазақстандықтар VІІ Қысқы Азиада ойындарында қандай жетістіктерге
жетті?
3.Сидней олимпиадасының жүлдегерлерін атаңдар.
ІІ.Түсіну. Мәтіннен 7 тірек сөз теріп жазыңдар.
ІІІ.Қолдану. Сәйкестендіріңдер.
1 Азия ойындарында
алғаш рет
қазақстандық 169спортшы
қатысты.
2. Қысқы Азиада
ойындарында
Азиада ойындары өткізілді.
3 Қысқы Азиада
ойындарына
алау эстафетасы
ұйымдастырылды.
4. 2011 жылдың 30 қаңтар
мен 6 ақпан күндері
спорттың 11 түрі болды
ІV.Талдау. Берілген перфокартаны «+» таңбасын қою арқылы толтырыңдар.
Сан есім есептік
реттік
жинақтық топтау
болжалдық
жетінші
онға
жуық
отыз
үшеу
жүзден
V.Жинақтау. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1.Сан есім нені білдіретінін белгілеңдер.
А) Заттың мөлшерін В) Затттың санын С) Заттың атын
Д) Заттың сапасын Е) Заттың қимыл-әрекетін.
2.Күрделі сан есімді белгілеңдер.
А) 10 В) 50 С) 80 Д) 90 Е) 2000
3. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңдер.
А) – дан; В) – тен; С) -нші; Д) – еу; Е) –даған.
4.Сан есімдердің мағыналық түрін анықтаңдар: 2011 жылы Астана мен Алматы
қалаларында VІІ Қысқы Азиада ойындары өткізілді.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
181
А) есептік, реттік; В) топтау, реттік; С) реттік, реттік; Д) реттік, болжалдық; Е)
реттік, бөлшектік.
5.Қосымшасы ұяң дауыссыз дыбысқа басталатын сан есімді табыңдар.
А) біреу В) жетіден С) бес- бестен Д) оныншы Е) жүз
VІ. Бағалау. Қалай ойлайсыңдар, біздің мектебімізде, қаламызда спортпен
айналысуға жағдай жасалған ба?
Жоғарыдағы сабақ жоспарында көрсетілген Блум таксономиясының 6 деңгейі
бойынша құрылған тапсырмалар айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім
әрекеттерін жүзеге асыруға, жан-жақты дамыған, тілін, тарихын, мәдениетін, салт-
дәстүрін жетік білетін тұлға қалыптастыруға бағытталған. Бұл заманауи технология
бойынша берілген тапсырмалар оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі,
ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына
және бағалауына тиімді. Жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу
жолдары мен функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімділігі қамтылады. Бұл -
қазіргі замандағы білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді меңгертудегі өзекті
мәселелерді шешу жолдарының бірі.
Әдебиеттер:
1.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 -
2016 жылдарға арналған ұлттық жоспары
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
3. Журнал Мектеп директорының орынбасары. №2/2015
4. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. №6/2015
Аннотация
Эффективность таксономии Блума в усвоении государственного языка. В этой
работе затронуты идеи инновационного содержания системы образования. Ключевой
идеей является повышение знаний, пути эффективного развития подрастающего
поколения до международного уровня. Учителями разработаны задания по
таксономии Блума для развития личности и создания условий для обучения.
Лариса Евгеньевна КАЛЕГАНОВА,
Достарыңызбен бөлісу: |