1. Философия білімнің ерекше түрі және рухани қызметтің ерекше түрі ретінде


Философияның негізгі мәселелері. Философиялық мәселелердің табиғаты



бет9/97
Дата26.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#143863
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
9. Философияның негізгі мәселелері. Философиялық мәселелердің табиғаты.
Философияның негізгі мәселелері
Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

— Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?


— Бізді қоршаған дүние таныла ма?
— Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?
— Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?
Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.
Философияның негізгі мәселелеріне келсек, тарихында мынадай үш мәселені қарастыру олар үшін маңызды:
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды;
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды;
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.
Философтар неге бір бағытта емес, мәселен математиктер, физиктер сияқты. Философтар материалист, идеалист, ал енді біреулері диалектик, антидиалектик, метафизик т.б. болып бөлінеді. Бұл неге байланысты, ол жоғарыда айтып кеткен мәселелерге байланысты және сана мен материя, болмыс пен рухани дүние, идея арақатынасын шешуден туындайды.
Жалпы алғанда дүниегекөзқарас бойынша философтар басты екі үлкен әрі маңызды лагерьге бөлінеді: материалистер және идеалистер. Материяны алғашқы дейтіндер материалистер, ал сананың алғашқылығын мойындайтындар идеалистер. Бұл екі бағыттың адамзат қоғамындағы маңызы өте жоғары.
Адам мәселесі. Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні,табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты - алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы - алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ… Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер
мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Болмыс мәселесі. Болмыс ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философияда ежелден бері және қазір де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниеге көзқарастық және методогиялық басты мәселелердің бірі болып табылады. Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде ол жоқ па? - деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас
пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет