1. Философия білімнің ерекше түрі және рухани қызметтің ерекше түрі ретінде


Философия және дүниетаным. Дүниеге көзқарастың тарихи формалары



бет2/97
Дата26.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#143863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
1-150 философия

2. Философия және дүниетаным. Дүниеге көзқарастың тарихи формалары.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы – ол философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады. Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
«Дүниетаным» – дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс. Кез келген адам күнделікті өмірде өзіне қажет көптеген мәселелерді шешуі қажет. Ол үшін адамда ерекше білімдер жүйесі қалыптасуы керек. Айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамдардың орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы білімдердің, көзқарастардың жүйеленген жиынтығы дүниеге көзқарас немесе дүниетаным деген ұғымды білдіреді.
Дүниетаным – адам санасының, танымының қажетті құрамдас бөлігі. Ол адам танымының бір элементі емес, оның күрделі өзара әрекеттесуі. Түрлі білімдер, адамның сезімі, көңіл-күйі, үміті, ұмтылысы, мақсаты – бәрі дүниеге көзқарасқа бірігіп, адамның өзін және дүниені толығымен түсіндіреді.
Дүниеге көзқарас – объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар:
Мифология;
• Дін;
• Философия.
Мифология – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
• Әлем, жер және адамның пайда болуы;
• Табиғи құбылыстарды ұғыну.
Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Дін мына мәселелерді қарастырады:
- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті:
- космоцентризм;
- теоцентризм;
- антропоцентризм.
Дүниетаным – бұл назардың әлемге деген объективті жүйесі және адамның әдүниедегі орны, қоршаған дүниемен адамдардың өзіне деген көзқарасы, және де осы көзқарастың негізінде қалыптасқан көзқарастар, идеялар,танымның және қызметтің ұстанымдары, бағалы бағдарламалар.
Адам қоғаммен белгілі бір қатынаста: отбасына, ұжымға, ұлтқа, әлемге қатынасты өмір сүреді. Адамда әрқашанда дүние туралы көзқарас қажеттілігі болады, ол өмірдің әмбебап кескіні деп аталады.
Өмірдің әмбебап кескіні адамдардың ғылыммен және тарихи тәжірибемен жинақталған білім деңгейі. Әр дәуір, әр қоғам, демек әр адам адамзатты толғандырған сұрақтарға анық немесе болжай жауап бере алады. Бұл жауаптардың жүйесін шешу жолы мен шешімі – дүниетанымның бүкіл дәуірдің және жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.
Адам ортақ білімдерге ие болып, өзінің осы дүниедегі орнын, өзінің әрекеттерін қадағалап, өзі үшін ортақ және жеке мақсаттары анықталған дүниетанымның негізінде таниды.
Дүниетаным – ол адам ақылының іргетасы. Алған білім, қалыптасқан иман, ойлар, сезімдер, көңіл-күй бір жүйеге бірігіп, адамның өзін-өзі және бүкіл дүниені тануына көмектеседі. Дүниетаным – интегралды білім, адамның тәжірибесінде жекеленген кластар. Ол, біріншіден, жекеленген білім, тәжірибенің қызметі. Екіншіден, рухани байлық, адами, эстетикалық идеялдардың қалыптасуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет