Фрейд тұрғысынан адам мен мәдениеттің өзара әрекеті
Зигмунд Фрейд өзінің ой-пікірлері мен дамуларына сүйене отырып, сайып келгенде, жеке тұлғаның мәдени тыйым салуларымен, әсерлерімен және сипаттамаларымен тікелей өзара әрекеттесуінің екі тәсілін шығарды.
Бірінші жол - бұл адам мәдени нормаларды қолдайтын алға қарай қозғалудың өзіндік түрі. Мәдениеттің арқасында адам ақылға қонымды ойлана алады және әрекет ете алады, табиғи ресурстармен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін біледі, қоғам қабылдамайтын және өзін-өзі дамытуға кері әсер етуі мүмкін қоғамға жат әрекеттерден арыла алады.
Екінші жол мәдениеттен бас тартуды қамтиды. Шындығында, елестету өте қиын, өйткені көп жағдайда адам тек бірінші жолды таңдайды. Егер индивид бас тарту жолымен жүрсе, ол сөзсіз өзін өте қиын тіршілікке соттайды. Психиканың тұтастығы мен денсаулығы өзін көрсете алу қабілетіне қарамастан және супер-эго бақылаусыз өмір сүруге қауіп төндіреді. Қазіргі қоғамда бұл қолдау көрсетілмейді немесе бағаланбайды, сондықтан өмірден безіп, өміріңізді түбегейлі бұзу қаупі бар.
Мәдениет озықтыққа ұмтылу ретінде
Зигмунд Фрейдтің пікірінше, мәдениет кез-келген «қажетсіз» түйсіктерді қатаң цензуралайтын механизмнен басқа ештеңе емес. Сонымен бірге мәдени нормалардың, дәстүрлер мен бұйрықтардың тікелей болуы либидоның өңделген (сублимацияланған) энергиясына негізделген. Өмір энергиясының көмегімен мұндай күшейтусіз қоғамдағы мәдениет жай өмір сүруге қабілетті емес.
Психоаналитиктің мәдени тұжырымдамасында:
мәдениет қоятын әділеттілік талаптары;
бостандықты басу және бостандыққа жету туралы бір уақытта бар ойлар;
тазалық пен әдемілік;
бейсаналық туындауы мүмкін хаосты басу арқылы тәртіпке ұмтылу;
әлеуметтік қатынастарды құру;
ішкі қажеттіліктерге қанағаттанбау, ішкі құпия тілектерді жүзеге асырмау.
Бір-бірімен тоғысу, мәдениет туралы барлық ой-пікірлер мен ойлар Фрейдтің көзқарасы бойынша мұндай сала кемшіліктер мен идеалдарға ұмтылу түрі болып табылады.
95. Ұлттық мәдениет қазақтардың ұлттық бірегейлігінің негізі ретінде.
НАЗАР АУДАР!!! Бұл жерде дәстүр деген сөздің орнына мәдениет деген сөзді қолдануға кеңес беремін
Кез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктер ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса ұлттың мәдениеті, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Сондықтан да ұлттық құндылықтар деп мемлекет құрушы ұлттың рухани өмірін, болмысын, мәдениетін жалғастырып, болашағын айқындап отыратын және мемлекет мүддесінің негізін құрайтын, жеке адамды мемлекетімен, ұлттық болмысымен біріктіріп отыратын дүниелерді айтамыз. Ұлттық бірегейлілік санатына дүниетаным, ана тілі, ұлттың ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, ұлттық өнер түрлері, атамекен, осы атамекен жер рухын негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім, ғылым және т.б. жатады. Бір сөзбен айтқанда ұлттың табиғи ортасына сай өмір сүрудегі қол жеткізген тәжірибелері мен игіліктерін ұлттық бірегейлілік дейміз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазақстандықтарды елең еткізген еді. Алты бағытты қамтитын мақаладағы негізгі мәселенің бірі – ұлттық бірегейлікті сақтау. Яғни, ұлттық бірегейлікті сақтап, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеология – мақаланың ұстыны болатын. Мұның арғы жағына тереңдесек, ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық негіздер, латын жазуына көшу сияқты сүбелі мәселелер шығады.
Кез-келген халықтың рухани деңгейі арқылы ұлттық бірегейлік көрініп, жүзеге асып отырады. Әрине, бұл ретте ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, тарих, интеллектуалдық қызмет, мәдениет, өнер, білім, еңбекқорлық секілді мәселелердің міндетті түрде бірге жүретіні анық. Қысқа қайырғанда, ұлттық бірегейлік ұлттың өркендеу мүмкіндігінің барометрі.
Бұл ретте, әлемдегі жаңалықтың адамзат қоғамына ықпалын тигізбей қоймайтыны анық. Сол себепті, өркениет өрісіндегі әрбір ел өзінің дербестігін сақтап қалу, нығайту үшін мемлекеттің ішкі өмірінде ұлттық бірегейлік сақталуы тиіс. Заманның ағысына қарай мәдениет, адамзат өзгеріп, түрлі топтар, секталар пайда болуы мүмкін. Яғни, мемлекетті әлсірету арқылы ұлттық бірегейлікті ыдыратуға болады.
Дегенмен, өркениеттің игілігінен бас тартып, толық тұмшаланып тірлік кешу – қиынның қиыны. Бәлки, мүмкін емес болар. Қалай болғанда да, жүрегі құлқын емес, ұлтым деп соғатын әрбір жан өз ұлтын мақтан тұтып, ұлтқа тән бар ізгі қасиетті бойына жия білгені жөн. Себебі, дінін, білімін дәстүрге, қоғамға, тарихқа, мемлекетке қарсы қою – ұлттық бірегейлікті жояды.
Қазірге дейін қазақ руханиятындағы елдік, ар-намыс, қайырымдылық, жауапкершілік, кішіпейілді болу, төзім, қанағат, мейірімділік сынды ізгі қасиеттер – ұлттық бірегейліктің негізгі тұтқасы. Алаш тұлғаларының ұстанымына айналған бұл құндылықтар арқылы қазақтың отбасында, қоғам өмірінде бірлік, түсінік, төзімділік, қайырымдылық сақталған. Адал еңбекпен күн кешуді мақсат ету – бірегейлікті сақтаудың алғышарты.
Ал ұлттық бірегейліктің негізгі белгілері: ұлттық дәстүр, ұлттық тәрбие, діннің таза күйінде сақталуы, тарих, тарихқа құрмет, ұлттық өнер, туысқандық дәстүр, қоғамда, отбасында ұлттық құндылықтардың сақталуы, заман талабына сай икемділік, білімділік, ғылымның мемлекетке тигізер пайдасы бағалау және т.б.
Атам қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген керемет мағыналы сөз бар. Бұл аталы сөз ұлтты ұйыстыруға ұлттық бірегейлікке, елдік пен ауызбіршілікке үндейді. Себебі, ұлттық бірегейліктің түп-тамыры әрбір отбасындағы ұлттық дәстүрден бастау алады. Әрине, жаһандану дәуірінде ұлттық болмысты жоғалтпай, бабадан балаға мирас болып жалғасқан ата дәстүрді ұмытпаған абзал.
Ал ұлттық бірегейлік болмаса не болады? Ұлттық бірегейлік болмаса, тұлғалық бірегейлік болмайды. Тұлға болмаса, тарих та болмас еді. Яғни, ғасырлар бойы қалыптасатын мемлекеттің негізгі құндылықтары – дәл осы тұлғалық қасиет пен ұлттық құндылықтан тұрады.
Ұлт мәдениетінің, мемлекеттің дамуы қашанда өзінің дәстүрлі эволюциялық жолымен жүзеге асып отырған. Қоғамның тарихи және әлеуметтік мәдени даму жолында мемлекет иесі ұлт ұрпақтың болашағына қажетті игіліктерді қалыптастырып отырады. Бұл игіліктер мемлекеттің дүниесіне, ұлттың меншігіне айналған дүниелер. Мемлекет пен ұлт болмысының эволюциялық даму жолы алдыменен қоғам өмірінде ұлттық бірегейліктің сақталып отыруымен тығыз байланысты. Ұлттық бірегейлік ұлттық құндылықтардың ұрпақ болмысының бойында бірігуінен шығады. Ұлттық бірегейлікті ұлттың болашағын айқындап отыратын құндылықтардың жиынтығы деп түсінген ұрпақ, алаш зиялыларының сөзімен айтсақ тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, иман дәрежесіне көтереді. Ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрінің ата дініне қайшы келмейтіндігін біледі. Бұны айтып отырған себебіміз, қазіргі таңда әлемде болып жатқан түрлі саяси құбылыстар, әсіресе дәстүрден тыс қалыптасқан діни ағымдар, түрлі діни секталар кез келген мемлекеттің рухани өмірінде алдыменен халықтың болмысындағы ұлттық бірегейлікті жою амалдарымен көрінуде.
Ұлттық құндылықтардың халық танымында, әсіресе жастардың ой өрісінде орын алуы ұлттық бірегейліктің сақталуына ықпал етіп отырады. Ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, сақтап отыратын тарихи сана, тарихи сана негізінде қалыптасатын ұлттық сана. Ұлттық сана тарихты тегістей білуден шығады. Сондықтанда ұлттық құндылықтар дегеніміз ұлттың дүниетанымында, ұрпақтың ұлттық ойлауы негізінде өмір сүріп отыратын нәрселер. Ұлттың рухани мәнге ие төл дүниелерінің ұлттық құндылыққа айналып отыруы адыменен халықтың рухани деңгейіне тәуелді.
Халқымыз тарихта небір қиындықтарды басынан өткізгенімен ұлттық құндылықтарынан қол үзбеген, ұлт руханиятын сақтау арқылы ұлттық бірегейлікті жоғалтпаған. Соның негізінде қазақ руханиятының бойында ұлттық құндылықтар туралы тарихы ұғымдар сақталып отырған.
Қазақ руханиятында ұрпаққа кеңінен насихатталатын игіліктер халықтың бейбіт өмірін, тәуелсіздік, ұлттың өсімі, мәдениеттілік, ақылды, парасатты, білімді және өнерлі болу, осы жолда жігерлі болу, елдің мүддесін қорғауда жан-жақты болу, дінді таза ұстау, ана тіліңді сақтау, дәстүрді, тарихтың тағылымын дәріптеу және т.б.
Ұлттық құндылықтарды бағалау атамекенді, мемлекеттің мүддесін қалыптастырушы ұлттың тағылымын және ұлт тұлғаларының ерлігін түсінуден шығады. Бағалау тарихты білуден, оның рухын бойға сіңіруден, тағылымын ұғынудан басталған. Дініміздің өзі ұрпаққа осы дүниелерді үйретеді. Жаратылыс ақиқатын ұғынуда ата-ананың еңбегін, адамзаттың, халықтың игіліктерін ұмытпау, оған адал қызмет ету, білімді, өнерлі, қайырымды болу, еңбекті құрметтеу, әділетті болу дініміздің бізден талап ететін дүниелерінің бірі. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақ халқының өмір сүру тәжірибесі, дәстүрі, мәдениеті, дүниетанымы, тарихы және сол тарих өрісіндегі тұлғалар тағылымының еш уақытта да дінге қайшы келмегендігін бүгін бізге тарих көрсетуде.
Дәстүрден тыс теріс ағымдардың, түрлі діни секталардың көздейтіні, бүлдіруге күш салатыны жастардың жаңа қалыптасып келе жатқан санасы, ой өрісі. Жастадың санасында жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт игіліктері туралы түсінікті өшіру арқылы тарихына, мәдениетіне, өскен ортасына қарсы қою арқылы қоғамынан ажыратып алу олардың тарапынан жасалатын басты әрекеттердің бірі екендігі белгілі. Бұндай теріс идеологияның ықпалында қалған адамның ұстанымы, түсінігі, көзқарасы өзгереді. Әсіресе ұстанымы әлеуметтік ортасына қайшы келе бастайды. Осындай жағдайлардың қоғамнан орын ала бастауы жекелеген адамдардың арасындағы азаматтық бірегейлікті жойып жібереді. Бұның артынша қоғамдағы ұлттық бірегейлік әлсірей бастайды.
Адамзат баласының ғасырлар бойғы игілік тақырыбындағы ізденістерінің мәні мен себеп-салдары ағартушылық деңгейімен көрінеді. Себебі игілік ұғымын зерделеуде адам баласы көптеген білім түрлерін қалыптастырған. Дәстүрлі ата дініміздің өзі білімді, сауатты, мәдениетті болуды қашанда ұрпақтан талап етіп отырған. Міне ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді сақтау арқылы жаһандану кезеңінде әлемдік мәдениеттен ойып тұрып орын алуға мүмкіндік аламыз.
96. «Рухани жаңғыру» жобасы аясындағы Рухани жаңғыру мәселесі.
Рухани жаңғырту мәнмәтінінде жастардың денсаулыққа және салауатты өмір салтына қатынасымен байланысты сұрақтар айрықша өзекті болып табылады. Қоғамның айрықша маңызды әлеуметтік тобы ретінде жастар денсаулығының жағдайы халықтың әл-ауқатының көрсеткіші және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылады. Бүгінгі таңда жастардың әлеуметтік, психикалық және репродуктивті денсаулық еліміздің зияткерлік және мәдени капиталы ретінде өзекті мәселелер болып қалады. Әлеуметтік әл-ауқат пен тұрақтылыққа төнетін күрделі қауіп жастардың арасындағы әумесерлік мінез-құлықтың өсуі болып табылады. Руханиадамгершілік тәрбиелеу үрдісі әумесерлік мінез-құлықтың дамуына және жас қазақстандықтарды жасампаз қызметке ынталандыруға ықпал ететін теріс әлеуметтік құбылыстарды реттеуі және жоюы тиіс. Осылайша, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу тұтасымен алғанда мемлекет пен қоғамның дамуының басымдылығы болып табылады. Бұл мәдениет, өнер, білім беру және технология саласындағы заманауи тенденциялар мен алдыңғы ұрпақтың тәжірибесінің үйлесімділігіне негізделуі тиіс кешенді үрдіс
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижелері, Қазақстанның жас ұрпағы өзінің қоғамдықсаяси көзқарастарында саясатқа қарсы және әлеуметтік өзгермелі екендігі басым. Аталған жағдай, көшпелі қоғамға сай, жалпы қазақстандық саяси мәдениет салдары болып табылады. Сондықтан да мұндай жағдайларда патриотизм мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған заманауи жастардың патриоттық сезімдерін дамыту өзекті. Патриоттық тәрбиелеу оқушыларда олардың көңіл күйлік психологиялық қабылдаулары шамасында таратылуы қажет. Патриотизмді тәрбиелеу бойынша шараларды үш құраушы бөліктерге бөу қажет: біріншісі – бұл мектептегі жұмыс: белгілі бір пәндер аясында тарихи маңыздылығы бар орындарға баруларды ұйымдастыру. Екіншісі – бұл патриоттық бағыттағы түрлі шараларды өткізуге бейінделген елдің студент жастарымен жүргізілетін жұмыс. Үшіншісі – бұл жұмыс жасайтын жастар санатына мақсатталған патриотизм идеясын тарату мен ұлттық бірегейлікті сақтау бойынша ақпараттық- үгіт-насихат жұмысы.
Еңбек санаты «Рухани жаңғыру» тұжырымы аясында орталық жағдайды иеленуде. Кәсіби қызмет ретінде еңбек қана «қоғамдық сананы жаңғыртудың» негізін құрауы қажет. Осыған байланысты, сәйкес ұйымдар бойынша жастарға кәсіби білім беру міндеті алға қойылады. Сондықтан да елдің жас буының тірбиелеу екі мақсатты ұстанады: бір жағынан, бұл «төртінші өнеркәсіптік төңкеріс» саяси-экономикалық дамудың заманауи уақыт талаптарына жауап беретін еңбек құндылықтарын тәрбиелеудің күрделі әлеуметтік үрдісі, ал екінші жағынан – бұл жастардағы еңбек тіртібіне тірбиелеуге бағытталған бірқатар шаралар. «Еңбек» санатын түрліше талқылауға болады: жастардың заман талабына сай болуы, және жұмысқа деген жауапкершілікті және тәрбиелі қатынасты білдіреді.
Отбасылық қатынастың тоқырауы заманауи жастар ортасында өзекті тақырып болып табылады. Ол жастар қауымына кездесетін моралдыққұндылықты бейіндер және қаржылық-материалдық мәселелерге дейінгі түрлі әлеуметтік аспектілерді қамтиды. Аталған тоқырау, кең таралған әлеуметтік құбылыс ретінде постиндустриялық қоғамның тұрақты әлеуметтік тенденцияларының бірі болып табылды. Ажырасулардың мебептері көптеген негіздерге ие, себебі • "Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс" туралы Президент тезисінің мәнмәтінінде еңбектің маңызын түсіндіру бойынша "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бірқатар шаралар атқару. еңбек әлеуметтік институт нысаны ретінде. еңбек құндылығы бойынша шараларды қазақ тілін латындандыру шараларымен салыстыруға болады. Рухани жаңғыру
• ІТ-технологиялар саласы мәнмәтініндегі технологиялық мамандықтарды гранттармен ынталандыру;
• Технологиялық және роботтық-техникалық әзірлемелер бойынша студенттік топтарға ЖОО тарапынан қолдау көрсету;
• ақылды және бастамашыл жастарды тартумен одан әрі ғылыми-талдаулық орталықтар ұйымдастыру мүмкіндігі. Білім беру
• жастардың әлеуметтік құндылықтары жүйесіндегі еңбектің рөлі мен орнын зерттеу және одан әрі ұсынымдар беру.
Мемлекеттік құрылымдар 50 постиндустриялық қоғамның құрылуы қарсаңында адамның әлеуметтік мінезі өзгеріп, адамдардың мінездері мен олардың әлеуметтік дағдылары технологиялық араласулар арқасында қалыптасады. Сондықтан, қазіргі таңда отбасын жоспарлау үшін жаңа әлеуметтік және мәдени әсерлерді ескеру қажет деп танылады. Индивидуализация адамдардың әлеуметтік ойлау аясындағы жетекші заманауи тренд болып табылды. Аталған тұжырым британдық социолог Зигмунд Бауманмен келтірілді. Қоғам өмірінің индивидтеуінің негізгі әлеуметтік аспектілері, адамдарды жеке тұлға ретінде өз өмір сүрулерін жекеше жүзеге асыра алатындығына бағытталады, сондықтан әлеуметтік тәуелсіздік факторы қазіргі заманғы қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылды.
Жастар денсаулығы – бұл қоғамның қалыпты қызмет етуі, еңбекке қабілетті азаматтарды физикалық және моралды-психологиялық жағдайда қолдауға бағытталған әлеуметтік-демографиялық ұлт әлеуеті. Салауатты өмір салтын танымал ету бойынша ұсынымдар жүзеге асырылуы жүйелік сипатқа ие бірқатар шараларға бөлінеді. СӨС қолдау өз денсаулығының жағдайына жуапкершілік сезімнің қалыптасуында маңызды рөль атқарады, бұл өз кезегінде, азамат пен патриот идеалына және құндылықтарға мойынсұнған әлеуметтік-зиялы тұлғаның қалыптасуына көмектеседі. Мемлекеттік шаралардың міндеттері «денсаулық» санатын әлеуметтік-маңызды құндылық нысанына келтіру, себебі жастар денсаулықты – жастық шақтың бір бөлігі деп ойлайды [22]. Сондықтан да салауатты өмір салтын насихаттау МНШ әлеуметтік бағытталуын жүзеге асырудың басым бағыттарының бірі болып табылады. СӨС танымалдығы жағдайында жұмыстарды жастардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлу қажет: жасы 14 тен 17 жас аралығындағы жастардың бірінші санаты – мектеп оқышылары; 18 ден23 жас аралығындағы екінші санат – студенттер, 24 пен 29 жас аралығындағы үшінші санат – жұмыс істейтін жастар. Мектеп, университет сияқты әлеуметтік институттардың тікелей әсеріндегі алғашқы екі санаттағы жастаркөп жағдайда салауатты өмір салтын насихаттауға тартылулары мүмкін. Жастардың үшінші санаты өз еңбегі, кәсіби қызметі бағытында және уақыт тығыздығына байланысты аз деңгейде мемлекеттік институттар жүйесіне тартылған. Сондықтан да аталған санаттағы жас қазақстандықтарды спорттық шараларға тарту қажеттігі арта түседі
97. Адамзат тарихы: өткен-қазіргі-болашақ.
Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс-әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан-ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.
Адамның дүниеге қарым-қатынасының мәнін ашу – негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан-жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған.
Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі – әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды, әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.
Әлеуметтік философия дегеніміз – қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.
Әлеуметтік философия мен социология бірін-бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен, қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі көріністерге өте бай. Оның терең қабаттарына бойлай отырып, заңдылықтарын анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл-ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт қажет.
«Өмірдегі ең дана нәрсе – уақыт» - деген қазақ халқы түйіндеген пікір кездейсоқтық емес. Мұны қоғамның күрделі, қат-қабат болмысы айқын дәлелдейді. Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары XIX – XX ғасырлардың алып ойшылдары Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған.
Қоғам – материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам еңбегімен жасалған болмыс қоғам деп аталады.
Адам тарихта екі түрлі «ипостась» немесе қырда өмір сүрді. Ол – бір жағынан, тарихтың алғы шарты, екінші жағынан оның нәтижесі. Өйткені алғашқы тарихи іс-әрекеттің иесі – пенде. Оны іс-әрекетке итермелейтін негізгі күш – қоршаған ортадағы өз болмысын сақтау, ұрпақ жалғастыру, тағы басқа қажеттіліктер, оның терең тамыры өмір сүру мен дамуға жұмсалған қуаттың орнын толтыруда жатыр. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан кейінгі маңызды секіріс адамның қоршаған дүниені жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбегінен туындайтын оған тән қажеттіліктер жүйесінің қалыптасуы десек артық айтқандық болмас еді.
Адам жетілген сайын оның қажеттілктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың бір-бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтың, ақиқатқа, мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам дамуымен тығыз байланыста. Мысалы, барынша қара дүрсін шаруашылық шеңберінен шыға алмаған орта ғасырлық адамның тіршілігінің ғылыми-техникалық прогресс өркендеген, электроника мен роботтар жұмыс істейтін қуатты демократиялық қозғалыстар, ақпарат тасқыны дүниесінде өмір сүретін осы замандағы адамдар тіршілігінен сапалық айырмашылығы бар.
Әлеуметтік философиядан көрнекті еңбек жазған С.Э.Крапивенский адамды белсенді іс-әрекетке итермелейтін негізгі қажеттіліктерді төрт топқа бөлген. Ең алдымен, материалдық және рухани қажеттіліктер. Материалдық қажеттіліктер рухани қажеттіліктерден бұрын пайда болған. Өйткені адам шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінен рухани ләззат алу үшін өзіне қажетті материалдық игіліктермен, яғни, өзін тамақтандырып, киіндіріп, қозғалыс құралдарымен қаруландыруы қажет еді.
Екіншіден, қоғамдық және жеке адам қажеттіліктері. Бұл екеуі бір – біріне тең болмайды, тіпті олардың арасында қайшылықтар жиі туындап отырады. Тарихи процестің әрбір субъектісі өз мүддесінен қоғам мүддесін жоғары қояды, соған өз іс - әрекетін бейімдейді деу тарихи аңқаулық, тіпті ақиқаттан алшақ кету болар еді.
Үшіншіден, түпкі стратегиялық, ұзақ уақытқа бағытталған, сонымен қатар, кезеңдік сәттік қажеттіліктер. Адам да, қоғамда өз өмірін жоспарлап тіршілік етеді. Жоспарлау дегеніміз – ауқымды және қосалқы, жеке және жалпы міндеттерді анықтау деген сөз. Мысалы, ауқымды қажеттеліктерге қоғамның болашағын ғылыми түрде бағдарлай отырып, оның өркениет жолында дамуына жағдай жасайтын мүдделерді анықтап отыру жатады. Сонымен қатар, қоғамда кезек күттермейтін бүгінгі таңда шешуді керек ететін мүдделер де бар.
Төртіншіден, адам мен қоғамның дамуынан тікелей туындамайтын, бірақ оған қажет кейбір қызығу объектілері. Адамдарда бұлар көпжақты болатыны соншалықты, кейбіреулері оның өмір сүруіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайдың мысалы ретінде маскүнемдік, нашақорлық сияқты әлеуметтік ауруларды атауға болады.
Адамдар өзін қоршаған ортадағы табиғат күштері мен заттарын ғана өзгертіп отырмайды, олар өздерінің бір – біріне қатынастарын да өзгертіп, қайта жасайды.
Маркстың ілімі бойынша, қоғамдық өмір – практикалық өмір. Өйткені, адамдардың тіршілігінің кез келген саласы нақты қимыл - әрекеттерден тұрады.
Қоғамдық практиканың бастапқы түрі – материалдық өндірістік іс - әрекет. Бұл іс - әрекет әлі де басқа практикалық іс - әрекеттердің негізі болып келеді. Бірақ, оның мүмкіндігі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Байырғы еңбек құралдарын жетілдіре, дамыта отырып, соған сүйене отырып, адам өз талабына сай жасанды ортаны дүниеге келтірді, оны өзінің эстетикалық, этикалық талғамдарына сәйкес етіп ұйымдастырды. Материалдық құндылықтарды өндіруші ретінде адамның өзі де өсіп, нығайып отырды, оның кәсіптік шеберлігі артып, жалпы білімдік деңгейіне қойылатын талаптар да кеңейе түсті, жалпы мәдениет өрісі кеңи бастады. Материалдық өндірістік қатынастарды нығайту, ұлғайту процесінде әлеуметтік практика қалыптасып, дамыды.
Қоғам идеясы адамның өзіне о бастан – ақ орын тепкен. Өйткені, ол – қоғамдық жан. Егер адамның мәнін түсінсең, қоғамның мәні де айқын болады. адам тарихының алғашқы шарттары тірі пенделердің тіршілік етуі деп – К.Марск пен Ф.Энгельс бекер айтпаса керек.
Қоғам дегеніміз – жалпы қажеттіліктері, қызығушылықтары мен мақсаты бір адамдардың мәдени өмірі мен іс - әрекетінің белгілі бір заңдылықтарға негізделіп ұйымдастырылған формасы. Адам қоғамының негізгі сипаттары:
- біртұтастық – элементтер мен жүйелер бір құрылымға біріктірілуі;
- өзіндік ұйымдастырушылық – ішкі күштердің дамуы мен өмір сүруіне ықпал етуі;
- динамизм - әлеуметтік құрылымдар мен формалардың қозғалып, өзгеріп отыруы;
- заңдылық – қоғамның дамуы белгілі заңдылыққа бағынуы.
Әлеуметтік философияда қоғам материяның бізге белгілі қозғалысының ең жоғарғы түрі болып сипатталады.
Қоғам күрделі жүйе, оны бірнеше салаға бөлуге болады.
Біріншіден, бұл – экономикалық сфера немесе материалдық өндіріс әлемі. Адамға қажетті материалдық игіліктерді білім мен арнайы еңбек құралдары – техниканың көмегімен жасау. Экономика қоғамдық прорестің қозғаушы күші, қоғамдық өмірдің негізгі шарты.
Екіншіден, бұл әлеуметтік сфера немесе әлеуметтік топтар әлемі. Ол нақты тарихи – экономикалық негізде қалыптасып дамиды.
Үшіншіден, бұл саяси немесе басқару сферасы. Бұл адамдардың мемлекетті, басқа да әлеуметтік институтты басқару жолындағы іс - әрекеттері.
Төртіншіден, қоғамда рухани сфера, яғни сезімдер мен идеялар әлемі бар. Ол тарихи процестің саналы факторына ықпал ете отырып, қоғамда аса маңызды роль атқарады.
Қоғамдық дамудың заңдары – табиғат заңдары сияқты объективті өмір сүреді. Өйткені, олар адамдардың сана – сезімінен тыс қалыптасады, дамиды, өрістейді және өз уақыты келген жағдайда тарих көшінен өтіп отырады немесе ығысады.
Қандай заңдылықтардың қай уақытта қалыптасатыны әлеуметтік алғы шарттарға байланысты болады. Кезінде құл иеленушілерге, сонан кейін феодалдарға өз ыңғайына сай келетін қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мүмкіндігі болмады. Өзі пісіп – жеткен жағдайда кез келген қоғамдық қатынастар өзінен - өзі ығысып, басқа қоғамдық қарым – қатынастарға орын беріп отырады. Бұл – тарихтың бұлжымас заңдылығы. Табиғат пен қоғамдық қатынастардың заңдылықтарында бір ұқсастық бар. Бұл - өте маңызды іргелі ұқсастық. Өйткені, олардың заңдылықтары адамнан, оның іс - әрекетінен, еркінен тыс өмір сүреді. Мысалы, өз еркімізге сүйеніп, зат пен денелердің еркін түсуі немесе Архимед заңын алып тастай алмаймыз, сол сияқты біз қоғамның дамуындағы материалдық қатынастардың шешуші ролі туралы, құн туралы заңды өзіміз біліп алып, сонан соң жойып жібере алмаймыз.
Материалдық игіліктер өндіру адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізін құрайды. Бірақ, табиғат пен қоғамдық дамудың заңдылықтарының өте маңызды бір айырмашылығы бар: ол – олардың іске асу механизмінде көрініс табады. Табиғат заңдары адамның іс - әрекетінен тыс іске асырыла береді. Ал қоғамдық заңдылықтарда өзіндік ерекшелік бар. Өйткені, біз жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамдық дамудың заңдары тек қана адамның іс - әрекеті арқылы іске асады.
Егер адам немесе адамдар арасындағы қарым – қатынастар болмаса, ешқандай да социологиялық заңдар, іске асырылып, қажетке жаратыла алмайды. Табиғат пен социологияның заңдарының осы бір ұқсастығын еске ала отырып, К.Маркс қоғам дамуы табиғи – тарихи процесс деп анықтады. Қоғамның дамуы, бір жағынан, табиғи процесс, өйткені ол табиғат сияқты қажетті және объективті. Сонымен бірге, қоғамның дамуы тарихи процесс, өйткені, ол – адамдардың іс - әрекетінің жемісі.
Социологиялық заңдардың ерекшелігін қарастыру мәселесі біздерді олан әрі тереңдей түсуге мәжбүр етеді. Басқа сөзбен айтсақ, әрбір тарихи оқиғаның объективті жағдайлары және оларды іске асырудың субъективті факторлары бар.
Тарихтың объективті және субъектвті факторлары – қоғамдық дамудың екі түрлі шарты. Адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты иен ауқымын көрсететін шарттар объективті фактор болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, материалдық, саяси қажеттіліктері осы шарттарға жатады. Субъективтік факторға бұқараның, топтардың, партиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс – әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс – қимылға бейімделігі жатады. Объективті факторлар әруақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективті фактордың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективті факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда шешуші роль атқара алады. Өзінің бағыты бойынша субъективті фактор прогрессивтік, консервативтік немесе реакциялық болуы мүмкін. Объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың өзара қарым – қатынасы, тарихты адамдардың өздері жасайтындығын айқын көрсетеді, бірақ қалай болса солай өз еркіне сүйеніп емес, керісінше, тарихи дамудың объективті заңдылығына иек артып отырады. Субъективті фактордың құрамында ұйымдастыру және идеологиялық элементтері болады. Адамдар өз іс - әрекеттерін терең және жан – жақты ұйымдастырған сайын, олар өз алдарына қойған мақсаттарын айқын түсіне алады. Мұның өзі оларға қажетті практикалық іс - әрекеттерді дәл тауып, дұрыс пайдалануына жол ашады. Еркіндік дегеніміз – қажеттілікті жан – жақты тану. Тарихи процестің осы маңызды екі жағын әруақытта еске алып дұрыс түсіндіру оңай емес. Сондықтан да біржақтылыққа ұрынып отыру жиі кездесіп отырады. Сондай біржақтылықтың бір көрініс – волюнтаризм болып табылады. Волюнтаризм – ақиқат атаулының бастапқы негізін ерік деп танитын, қоғамдық дамудағы объективті заңдарды мүлдем жоққа шығаратын субъективті идеалистік бағыт. Адамның еркін абсолютке айналдырып, оның іс - әрекетінің объектвиті заңдылықтырға тәуелдігін жоққа шығарады. Революциялық қозғалыстар тарихындағы Ресейдегі халықшылдар, эсерлер, қазіргі уақытта батыстағы кейбір анархистер волюнтаристерге жатады. Біздің еліміздің тарихында волюнтаризм элементтері көп болғанын мойындауымыз қажет. Волюнтаристік қимылдардың айқын көріністері Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романында бейнеленген. Тарихқа волюнтаристік көзқарастардың терең тамырларын антикалық, орта ғасырлық дәуірлерден көруге болады. Волюнтаризм қазір де жан – жақты дамып отыр. XIX ғасырдың екінші жартысында позитивизмнің ықпалы нәтижесінде тарихтың объективті заңдылықтарын теріске шығаратын бірқатар мектептер қалыптасты. Германияда бұл В.Виндельбанд, Г.Риккерт, М.Вебер; Англияда- Б.Рассел, С.Федерн, А.Тойнби; Америкада – Д.Дьюи, Э.Богардус, Г.Беккер – Чейз. Мысалы: Арнольд Тойнби тарихи заңдар – осы уақытқа дейін дәлелденіп келген болжамдар деп пайымдайды. Тойнби Юмның себеп – салдарлық қатынастардың объективті табиғатын теріске шығаратын теориясын қайталайды. Тарихи заңдылықтарды мүлдем мойындамайтын ойшылдар өте сирек. Олардың көбісі тарихтың өткен жолындағы бұрынғы тәжірибелеріне көбірек көңіл бөліп, оларды болашақта түсіндіруге пайдалануға көңіл бөледі. Тарихи заңдылықты теріске шығару, тарихтағы аналогияны мойындаумен алмастыралады. Волюнтаризмге қарама – қарсы теория фатализм – деп аталады. Фатализм – адам іс - әрекетінің еркіндігін жоққа шығарады, дүниеде болатын барлық процестер бостандыққа, шығармашылыққа орын қалдырмайтын қажеттіліктің үстемдігіне бағындырылады. Теологиялық фатализм – тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің құдайдың құдіретімен анықталатынын негізге алады. Фатализм - өте көп дамыған құбылыс, оны философия тарихынан, әдебиеттен жиі кездестіруге болады. Мысалы, атақты ойшыл – жазушы Л.Н.Толстой фаталистік нанымдарды уағыздаған.
Тарихнамада және әлеуметтік философияда, тарихтағы кездейсоқтықты рөлі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, Демокрит, Спиноза, Гоббс, XVIII ғасырдың материалистері оны мүлдем жоққа шығарады, ал Вольтер, француз ағартушысы, тарихты кездейсоқтықтың ойыны – деп қарастырды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық өмірде қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық тарихи қажеттілікте өмір сұріп отырады. Кездейсоқтық тарихи қажеттіліктің формасы болып табылады. В.Г.Белинский шығармаларында мынандай мысал бар. Теңізге шығу Россияның одан әрі дамуы қажеттілігінен тікелей туындаған. Ал I – Петрдің Балтық теңізінің Нева өзенінің бас жағына шығуы кездейсоқтық болып табылады. Егер ол Балтық теңізінің басқа жағынан шыға алса, онда басқа қала салынуы мүлдем ықтимал еді. Әлеуметтік философия көп уақытқа дейін социумның негізгі элементін анықтау мәселесімен жан – жақты айналысып, әртүрлі пікірлерді салыстырумен болды. Мысалы, социумның негізгі элементі, индивид немесе отбасы деп қарастырылды. Бірақ жеке алынған индивид те, отбасы да әлеуметтік құбылыс бола алмайды. XIX ғасырдың ортасында және XX ғасырда ақиқатқа жақын екі бағыт қалыптасты. Ол Карл Маркс және Питирим Сорокин мектептері еді. Оның бірнішісі қоғамдық байланыс пен соның нәтижесінде қалыптасатын адамдар арасындағы қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Кейбір айырмашылықтарына назар аудармай – ақ, тоқ етеріне тоқталсақ, Питирим Сорокин да осындай пікірге келеді. «Индивид тек физикалық, биологиялық немесе психологиялық феномен, ал әлеуметтік қасиет адамның маңызды қарым – қатынасын қажет етеді» - деп жазады Питирим Сорокин. Екі ғалымның ізденістері бір ғана ойды дәлелдейді. Қоғамның негізгі бөлігі, өзегі қоғамдық байланыстар, қарым – қатынастар. Адам өзі қалыптасып, тарихи дамудың негізгі субъектісіне айнала бастағаннан бері көпжақты және көпмәнді қарым – қатынастарға түсе бастады. Адамдардың кез – келген өзара қарым – қатынасы қоғамдық мәнге ие болып отырады. Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасқан қатынастар. Адам өз өмірінде көптеген жүйелік қатынастарды басынан кешіріп отыратын болғандықтан, ол әмбебап субъект болып табылады. Адамның іс - әрекеті оның қоғамдық қарым – қатынастарының негізі. Барлық қарым – қатынастарды үлкен екі топқа бөлуге болады: материалдық және рухани қарым – қатынастар. Материалдық қарым – қатынастар сияқты рухани қатынастар да объективті. Объективтілік дегеніміз – заттық түрде өмір сүру ғана емес, мәселен көптеген материалдық қарым – қатынастарда заттық белгі жоқ. Объективтілік кез келген зат, құбылыс адам санасында бейнелене отырып, одан тыс өмір сүретіндігін білдіреді. Сондықтан да әр дәуірге лайық өмір сүретін рухани қарым – қатынастар біздің сана сезіміміз үшін объективтілік болып табылады, өйткені олар бізден, біздің қоғамдық санамыздан тыс өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың негізі – қоғамдық сана және оның жүйелік құрылымы, одан қоғамда моральдік, саяси құқықтық, көркем өнер, философиялық, діни қарым – қатынастар туындайды. Саяси қарым – қатынастар саяси іс - әрекеттің субъектісі таптың, ұлттық қозғалыстардың, партияның, мемлекеттің көзқарастары мен идеяларын бейнелейді, сондықтан олар рухани қарым – қатынас болып табылады, сонымен бірге олар саяси практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасып отырады. Сөйтіп, бір қарым – қатынастың өзі екі түрде көрінеді рухани әрі материалдық.
Қоғамдағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас жалпы қоғамдық қарым – қатынастардан өзгеше. Ол – жеке адамдардың өздерінің арасында қалыптасатын қатынастар. Олар этикалық өлшемдерге негізделеді, өйткені адам өзінің жеке өмірі қарым – қатынастарын адамгершілік талаптарына сүйеніп, құрады. Өзіне көңілі жақын адамдардың ұлтына, кәсібіне, әлеуметтік статусына онша мән бермейді. Өйткені, тұрмыстық қажеттіліктер мен уақытты бірге өткізу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл жағдайда адамдардың рухани – мәдени деңгейлері маңызды роль атқарады. Қоғам деңгейінде бір – бірімен әрекеттесетін пенделердің саны әр түрлі, көпжақты болады. Мысалы, П.Сорокин осы белгілеріне сүйеніп, қоғамда төмендегідей адам аралық қарым – қатынастар болады деп пайымдаған: а) екі пенде арасында (ері мен әйелі, оқытушы мен оқушы, екі дос); б) үш пенденің арасында (әке, шеше және бала; ері, әйелі және ашына); бес және одан да көп кісілер арасында (әртіспен немесе шешенмен оның тыңдаушылары арасында; көппен көптің арасында (мысалы, ұйымдаспаған топтың арасындағы).
Халықтың екі тобында – жастар мен зейнеткерлер арасындағы қалыптасатын қарым – қатынастар аса үлкен роль атқарады. Зейнеткерлер - әлеуметтік дамудың барлық сатысын басынан өткеріп, оның ыстығы мен суығын жеке өмірінде көрген, тәжірибесі мол, азаматтық дүниетанымы берік адамдар, ал жасөспірімдер мен жастар әлі пісіп – жетілмеген, буыны қатпаған, әлеуметтік тәжірибесі әлі қалыптаспаған топ. Жастардың зейнеткерлерден артықшылығы – олардың жастық энтузиазмы, қайраты, күші және болашаққа деген сенімі, өмірден күтетін дәмесі мен оларды алға жетелейтін үміті.
Осы екі үлкен топты біріктіретін маңызды фактор – олардың қоғамдағы әлеуметтік топтар мен таптар қарым – қатынасынан тысқары, алшақ өмір сүру жағдайы. Жастар әлі қоғамның негізгі әлеуметтік өміріне белсене араласа қоймаған, ал қариялар қоғамдық өмір қатынастарынан ығыстырылу жағдайында тіршілік етеді. Сондықтан, осы екі топта жеке адам аралық қатынас кеңінен орын алады. Түптеп келгенде, қоғамдық қатынастардан адамаралық қатынастарды бөлектеу салыстырмалы сипатта болады. Өйткені, кез – келген, адамаралық қатынас қоғамдық қатынас болып табылады.
98. Тарихи процестегі эволюциялық және революциялық.
Революциялық қозғалыстың көптеген теоретиктері, ең алдымен В. И. Ленин өз еңбектерінде атап көрсеткендей, революцияның басталуына ең қолайлы елдегі жағдай революциялық жағдай болып табылады. Оның өзіне тән белгілері бар, олардың ішіндегі ең таңғаларлықтары – жаппай революциялық көңіл-күй және қалыптасқан жүйені құлатуға бағытталған күреске езілген таптардың ең кең топтарын қосу. Революциялық жағдайдың болуының өзін алдыңғы қатарлы таптың билікті басып алуы үшін әлеуметтік-саяси жағдайлардың пайда болуы ретінде қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |