23. Адам, тұлға, жеке тұлға, даралық.
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды білдіретін термин ретінде де қолданылады. Белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады.
24. Адамның өмірі мен өлімі мәселесі. Өмірдің мәні туралы идеялар.
Өмірдің мәні - қарапайым адам бола білуде, әрбір сәттен ләззат алуда, талпыныс жасауда, әрбір нәрсенің байыбына жетіп қастерлеуде. Бұл негізінде мынадай деп қадап, пішіп, кесіп, қатып қалатын нәрсе емес. Әр адам үшін әр түрлі. Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Кез келген адам баласы жақсы ма, жаман ба, бұл өмірде пешенесіне жазғанын көреді. Ханды да, қараны да, байды да, кедейді де, жақсыны да, жаманды да, үлкенді де, кішіні де, алалап бөліп-жармай қойнына алады, қара жер, суық көр. Яғни, оның аты - өлім! Адам дуниеден кетер алдында, артынан жақсы ұрпақ пен жақсы із қалдыру керек деп ойлаймын
25. Адамдағы биологиялық және әлеуметтік.
Биологиялық ұғым
Бұл көзқарас бойынша, адамның мәні, оның әлеуметтік көріністерінде де, дамудың генетикалық және биологиялық алғышарттарының әсерінен қалыптасты. Әсіресе осы тұжырымдаманы ұстанушылар арасында адамдар қызметін эволюциялық және биологиялық параметрлермен дәл түсіндіретін социобиология танымал. Осы ұстанымға сәйкес адам өміріндегі биологиялық және әлеуметтік табиғи эволюцияның әсерімен бірдей анықталады.
Әлеуметтанулық түсінік
Әлеуметтанушы идеяның өкілдері жоғарыда аталған тұжырымдамаға қарсы болып, әлеуметтік принциптің құндылығының біріншілігін қорғайды. Бірден айта кету керек, осы тұжырымдамаға сәйкес, қоғамның жеке адамнан басымдығы бар.
Адамның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік бұл көзқарас көбінесе рөл мен структурализмде көрінеді. Бұл салаларда, айтпақшы, әлеуметтану, философия, лингвистика, мәдениеттану, этнография және басқа пәндердің мамандары жұмыс істейді.
Адамдағы биологиялық және әлеуметтік жағдайларды түсіндіретін рөлдік теорияның да қызығушылығы кем емес. Бұл ұстанымдағы философия адамның көріністерін оның әлеуметтік рөлдерінің жиынтығы ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |