1. Философиянын зерттейтін пані Философия



бет4/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Христиандық дін — сүйіспеншілік, төзім діні. Христиандық қасиетті үштік — сенім, үміт және сүйіспеншілік бұл діннің мораль мәселелерін қаншалықты жоғары қойғандығын көрсетеді. "Құдай патшалығы өз ішіңде!" деген сөзде терең мағына жатыр. Күнделікті өмірде ақ пен қара қалай аралас жатса, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен зұлымдық та солай біте қайнасып кеткен. Ал христиан дінінің орталық сенімі бойынша апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бұл күйден арылады. Өйткені жақсы — жақсылық ретінде, жаман — жаманшылық ретінде басын ажыратып, өз жауабын тартады. Сол күйге адамдарды алдын ала даярлау үшін адамзатқа мессия — Иса келді деп есептеледі. Адам-Құдай өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап келе жатқан қиямет-қайымға адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы осы күнәкар әлемге жіберілген.
Құдай адамдардан көрген қиянаттарына қарамастан оларды сүйеді — олар үшін өз жанын пида етеді. Бұл өнегесімен Иса сүйіспеншілік жолы — ауыр жол, бірақ маңызы жағынан оған жетер ештеңе жоқ деген ойды танытады. Егер сүйіспеншілік болмаса, онда қалатыны — жаугершілік. Ал ол дегеніміз — адамзаттың өз басын өзі өлімге тігуімен парапар. Өзің ұнататын жанды, сенің өзіңді кадірлейтін басқаны немесе өзіңе жақын қандасыңды сүю заңды әрі оңай, ал шынайы сүйіспеншілік сенің қарсылас жауыңды немесе дұрыс жолдан тайған пақырды сүйе білуіңнен көрінеді. "Жауыңды сүй!" деп ұрандатқан Иса адамдарға олардың арасында кездесетін қырғиқабақтықты жеңудің бұдан басқа жолы жоқ екендігін айтады.
Христиандық сүйіспеншіліктің сипаттамалары:
Төзімді сүйіспеншілік, өйткені басқа адамдарға кызмет етуді көздейді;
Үнемі әрекет үстінде көрінетін сүйіспеншілік;
Бас пайданы ойламаған сүйіспеншілік, себебі ізгілік, мейірімділік сияқты сүйіспеншілік өз құрметін өз бойында ала жүреді.
Осындай шынайы құрбандық, жанпидалық сүйіспеншіліктің арқасында ғана біз көпке күші жететін зұлымдықтың қолынан келмейтін нәрсені — жауласқан адамдар арасын жақындастыруды мүмкін ете аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет