1. Философиянын зерттейтін пані Философия


Миф жане онын тарихи турлері(тотемизм фитишизм анимизм)



бет6/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7.Миф жане онын тарихи турлері(тотемизм фитишизм анимизм)
Тотемизм Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғаммен бірге дінде дамыды. Алғашқы діндердің бірі тотемизм немесе табыну. Тотемизм - адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы.
Анимизм (лат. аnima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин немесе жансыз дүниенің жаны бар деп түсіну және соған табыну. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б.Тайлор (1832-1917) енгізген. Фетишизм – (французша тұмар, қасиетті күші бар зат дегенлі білдіреді) жансыз материалдық заттар тасқа, ағашқа, сүйекке, малдың бас сүйегіне, тіске, тағы басқаларға табыну, оларды қамқоршы көру. Көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, көне мәдениеттерге тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Кейінірек тас мүсінді құдай, пұттар, ескерткіштер жасап соларға табыну. Магия (сиқыр, аяр, жады). Жаратылыстан тыс күш шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі –магия немесе тылсым. Магияның тарихи және дүниетанымдық эволюциясын зерттеген Дж.Фрезер. «Алтын бұтақ» еңбегінде магияны көне дін емес, қарапайым ойлау тәсілі, наным деген тұжырым жасайды.
8.Философиянын когамда аткаратын функциялар
Философияның негiзгi мәселесiнiң мәнi шындықтың екi жағынан туып тұр-объективтiк,материалдық және субъективтiк,идеялық; ойлаудың болмысқа қатынасы немесе сананың материяға, рухтын табиғатқа қатынасы деуге болады.Бұл мәселенiң екi қыры барбiрiншi қыры нақтылықтың бастақы себебi неде,дүниенiң негiзi ретiнде ненi алуға болады; ал екiншi қыры дүниенi танып бiлуге болама деген сұрақ. Ф.н.м.бiрiншi жағынаң-дүниенiң мәнi,табиғаты туралы-онтологиялық мәселеден екi қарама-қарсы көзқарастар туып отыр,олар идеалистер мен материалистер. Бiрiншiлер дүниенiң бастамасы,негiзi абсолюттi рух, дүниежүзiлiк ақыл-ой, адам санасынаң тыс және тәуелсiз материалды емес тек рухани, идеалды субстанция, Құдай немесе адамның өзiнiн санасы. Ал екiншiлерi, дүниенiң бастамасы, негiзi тек материалды субсанция ғана,өйткенi ол мәнгi, жасанды емес, және жойылмайды су, ауа, жар, от,атом; механикалық санауда болатын зат; сан алуан түрлi объективтiк нақтылық. Ф.н.м. екiншi жағы- дүниенiң танымалдығы туралы-гносеологиялық мәселеге келетiн болсақ,бұл сұраққа көптеген философтар мақұлдаған жауап бередi. Бiрақ,дүниенi танып бiлу адамның танымдық мүмкiндiктерiмен шектеледi, немесе «өзiндiк» заттарды объективтi танып бiлу мүмкiн емес дейп есептейтiн ойшылдарда болды.
Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- таным туралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм, әлуметтiк философия- қоғам өмiрiнiң болмысы туралы iлiм, этика- әдептiлiк мәселелерiн зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен сұлулы туралы iлiм, антропология- адам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм, логика-адамның ойлау процесiн зерттейтiн iлiм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет