1. Философиянын зерттейтін пані Философия



бет3/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
философия модуль

Философиялық дүниетаным – бұл әлем жайлы көзқарастар жүйесі және ондағы адам орны, оның шын екендігіне, қоршаған ортаның және өзінің өзіне деген қатынасы, сондай-ақ, осы көзқарастар негізінде пайда болған идеялар мен таным және әрекет ұстанымдары, құнды дүниелер. Философиялық дүниетанымның пайда болуы Ежелгі Шығыс елдерінде құлдық қауымның пайда болған кездерінен, ал оның классикалық формасы Ежелгі Грециядан басталады. Философиялық дүниетаным түрлерінің бастамасы ретінде алғашында материализм, діни дүниетаным ғылыми реакция ретінде пайда болды. Философия өзінің пайда болған кезінен бастап, альтернативтік және бір уақытта диалогтік көріністерді байқата алады. Тарихи-философиялық процесте бұл диалог «полифония», «көпдауыстылық» альтернативті жағдайда – көпжақты философиялық білім, мектеп және бағыттары бар материализм және идеализм, догматизм және скептицизм, рационализм және иррационализм ретінде болад
6.Дуниежізілік
діндер(ислам, христиан, буддизм)Діннін элеуметтік катынастарды реттеушілік манызы
Буддизм рухты мәңгі деп танитын дін. Ол адам өмірінің мәнін не біржақты қызық қуып, ләззат алудан да (гедонизмнен), не біржолата өмірден безініп, тәнін азаптаушы тақуалықтан да (аскетизмнен) таппайды. Өмірдегі ең биік мұратты нирванадан, яғни бүкіл сыртқы дүние әсерлеріне бейтарап, транстық халден тапқан буддизм оған жетудің сегіз жолын көрсетіп, өмірдің төрт анығы, ақиқаты туралы айтады.
Төрт анық мына төмендегілер:
өмір дегеніміз — азап;
азаптың себебі бар, ал азаптың көзі — адамның қалау-тілеуінде, ниетінде;
азаптан құтылу мүмкін, ондай болмыстың өзімен-өзі тендескен бақытты күйін "нирвана" деп атайды;
азаптан құтылу жолы бар, ол жол — "ортадағы тура жол" деп аталады да, оның мәні адам қалауын төрк етуде болып табылады.
Оған жету жолын арийлік сегіз қырлы шартарап деп қарастырамыз. Сегіз қырлы шартараптың мазмұнына тиесілі: саф сенім, ақ ниет, шыншыл сөз, дұрыс әрекет, салауатты өмір салты, қажырлы қайрат, таза жады, адал зейін — жалпы, иманды тіршілік.
Саф сенімге Будданың төрт анығына көз жеткізу жатады. Ақ ниет деп аталған төрт анықты өз өміріңнің бағдарламасы ретінде қабылдап, өмірге байланған қимастық сезімнен ада болуды айтады. Шыншыл сөз ешкімді қараламауды, тіпті көп сөйлемеуді өзіңнен талап етуді керек қылады. Дұрыс амал-әрекет түрі ретінде "ахимса" немесе күш көрсетпеу, күштемеу, күшке салмау көрінеді. Ахимса ұстанымы тек адам баласына ғана емес, жалпы тіршілікке бағышталған. Салауатты өмір салтын дұрыс амал-әрекет ұстанымын жүзеге асыру деп білу керек. Қажырлы қайрат адамға бойкүйездікке ұрынбау үшін керек, ол жаман ойдан аулақ болуды қамтамасыз етеді. Таза жады тек бір нәрсені ғана естен шығармауы тиіс, ол — өмірдің, бұл дүниенің жалғандығы. Адал зейін төрт сатыдан тұрады.
Оларды сипаттап беру өте қиын, себебі адам ол күйді басынан өткізген жағдайда нирванаға жетеді. Бірінші сатыда адам өмірден оқшауланып, өлімге жайбарақат қарау барысында экстаз күйінде болады; екіншісінде жайбарақат қараудан да арыла алған жан ішкі тыныштығынан туындайтын қуанышқа бөленеді; ушінші сатыда жоғарыда аталған тыныштық қуанышынан босану, бүкіл жандық-тәндік сезімдерден құтылу күйіне жетеді; ал соңгы саты — кемелді жайбарақаттық күйі — нирвана.
Дін дегеннен гөрі әлеуметтік-этикалық жүйеге жуық тұрған конфуцийлік ілім бойынша ең маңызды нәрсе — рәсімділік. Конфуций іліміндегі "жень" ұғымы адамсүйгіштік, адам бойындағы шынайы адамдық қасиеттің айғағы болып табылатын адамгершілік дегенді білдіреді. "Женьмен" тығыз байланыста, тіпті ажыратылмайтын байланыста қарастырылатын тағы бір орталық ұғым — "ли" — рәсім, яғни "Жень" — адамгершілік рәсімді қадағалау арқылы жүзеге асады. Конфуцийдің ұлы уағыздарының басты өмірлік қағидасы — ата-ананы құрметтеу мен өзіңнен үлкендерге ізет көрсете білу. Ұлы парызгердің басты құндылығы мен ерекшелігі — оның Шығыс елдеріне тән рухта мемлекеттік және адамгершілік парыздарды бір-бірімен ұштастыра білуінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет