1. Философиянын зерттейтін пані Философия


Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары



бет2/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4.Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Менің бұл өмірге неістеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса « Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең- ақ, бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой- өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады. Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos – грек сөзі, баян, аңыз, logos- грек сөзі, ілім деген мағына береді ).
5.Миф дін философия жене олардын ерекшеліктері
Миф- Табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasia- грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі- мифтердің Дүниеге келунің қайнар көзі болып табылады.Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне байланысты болса керек.
Миф – тарихи дүниетанымның ең көне түрі, қоғамның алғаш қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында, яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен табиғат жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы сұрақтарға жауап берілген. Мифологияның көп бөлігін космологиялық мифтер, әлемнің құрылымы жайлы түсінік қамтиды. Мифте адамның өмір сүру түрлері, өлім мен өмір құпиясы, адамдар күтетін түрлі сынақтарға қатты көңіл бөлінген. Ерекше орынды «батырлық» жайлы мифтер және «тұрмыстық» мифтер алады, адамдардың жетістіктері: отты жағуы, құралдарды ойлап табуы, егін шаруашылығының дамуы, жабайы жануарлардың қолға үйретілуі, ал біздің заманымызда – қоғамдық мифтер. Мифологияда дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі ұстанымы генетикалық болатын. Дүниенің алғаш пайда болуы жайлы, табиғат құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды, «кім нені жаратты?» деген аңыздан құралды. Гесиодтың «Теогониясында», Гомердің «Иллиада» мен «Одиссейінде» дүние келесі жағдайда пайда болды деп жазылған. Алғашында тек мәңгі, шексіз, қара Хаос, онда дүние жаратылысының көзі жатты. Шексіз Хаостан бүкіл дүние мен мәңгі тірі Құдайлар, жер Құдайы – Гея пайда болды. Хаостан өмір нәрі, күшті, бәрін тірілтетін махаббат – мейірімнің шындықтың, сұлулықтың жоғары түрі пайда болды.
Дін – дүниетанымның екінші тарихи түрі, ол мифологиямен тығыз байланысты. Діни дүниетанымның өзіндік ерекшелігі – табиғаттан тыс күштерге, қасиетті басқа сену. Діни дүниетаным әрқашан мифологиядан тұрады, себебі онда түрлі мифтер, әулиелер мен Құдайлар өмірі жайлы баяндалатын аңыздар қатысады. Әр дін өзіне соқыр сенімдердің, ырымдардың әсері және ырыми мекемелердің жүйесін, ғаламның құрылымы – ғылымдардан тыс түсініктемелермен түсіндіріледі.
Адамзат тарихында дін, діни Шығыс пен Батыста түрлі жағдайда болды. Әр діни дүниетанымның орталығында жоғары құндылықтың ізденісі, өмірдегі адал жолды, тіпті, мақсаттар мен олардың транцеденттік саласы, жер емес, «мәңгі» өмір делінді.
Діннің негізгі қызметі адамның өмір қиындықтарын, өткен қиын кезеңдерін жеңе отырып, оны абсолютті мәңгі етіп көтеру. Философиялық тілмен айтқанда, дін адам бойындағы транцедентті (сананың арыдан шектен шыққанын табатын) «орнықтыру» үшін шақырылған. Дін жүрекке үміт ұялатып, бар болмысымен адамдардың қарекетіне мағына береді, демек, адам өміріне тұрақталады. Діни сенім соқыр сенімді, ол мәртебелі пайғамбарлардың, шіркеу әкелерінің, қасиетті жазбалардың негізінде құралған. Ол сенімнің білімнен асқақ екендігін жариялады.
Діни дүниетанымның ерекшеліктері:
- діни мәртебелер мен табиғаттан тыс күштерге соқыр сенім;
- өмірді жердегі өмір, табиғат, аспан өмірі, табиғаттан тыс күштерге бөлу;
- сананың дамуына шек қою;
- иман деңгейінің қалыптасуы.
Тұрмыстан айырмашылығы мифтік, діни, философиялық дүниетаным адам мен дүниенің рационалды санасына, олардың арақатынасы мен өзара әрекетіне бағытталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет