1. Философиянын зерттейтін пані Философия


Конфици ілімінін философиялык мані жене казіргі Кытай емірінде алатын орны



бет8/11
Дата15.11.2023
өлшемі36,88 Kb.
#123165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
11.Конфици ілімінін философиялык мані жене казіргі Кытай емірінде алатын орны
Ертедегі Қытайда үш түрлі дін болған дейді тарихшылар. Олар: 1) үнділерден келген буддизм, 2) Қытай жерінде туындаған – даосизм, 3) конфуциандық. Бірақ, конфуциандықтың негізін таза дінге жатқызу қиын. Сондай-ақ, оны біз, әрине, кәдімгі философия дейміз. Десек те, бұл ілімде философияның нағыз күрделі мәсе­лелеріне жататын космология, онтология, гносеология, метафизика проблемалары қарастырылмайды. Негізгі қарастырылған мәселелер мыналар. Біріншісі: адамгершілік, «жэнь». Бұл философия, өйткені оның мәні адамға ықыласпен қарау, рақымшылық жасау, былайша айтқанда гуманизм. Екіншісі: «Өзіңе ұнамағанды басқаға жасама», деген қанатты сөз. Осы жағынан ол философияға жатады. Бұл ілімнің негізін салған – нақты адам. Ол б.з.д. VI-V ғ.ғ. өмір сүрген Конфуций (551-479).Кезінде оны Күн-цзи, яғни ұстаз, «ұстаз Күн» деп атаған. Тірі кезінде өте жоғары, үлкен беделге ие болған. Оның тікелей шәкірттері он мыңға жеткен деген дерек тер бар. Солардың 20 шақтысы оның қасынан шықпай, онымен ертелі-кеш бірге болған деседі. Конфуций ілімі ел арасында мол тарағандығынан оны, әрине дін деп те атаған. Ол да себепсіз емес, шындық. Конфуций айтқан өсиеттер Қытай жазуымен бар болғаны 75 қатарға сыйған, ал түсіндірмелері арқылы олар 1546-ға жеткен. Оның айтқан өсиеттері «Луньюй» деп аталады. Мәнісі – нақыл сөздер. Олардың бәрі бір мезгілде айтылған ойлар емес, әр уақытта, түрлі жағдайларға байланысты дүниеге келген пікірлер. Көбінесе ол нақтылы сұрауға жауап болып келеді. Кейін ғұлама дүние салған соң, шәкірттері сол ойларды жинақтап, кітап етіп шығарған. Конфуций пікірінше ғылым мына салалардан қалыптасады: 1) Тарих, кітапта жазған ойлар. 2) Халықтың нақыл сөздері. 3) Әдет-ғұрып.
Конфуций айтқан екен: кейде ғылым (білім) елді басқаруға керек, ақша соны есептеуге қажет деп. Сөйтеді де ал ғылым (білім) жалпы елге керек, қажет дейді. Конфуций өзі туралы: «Мен тек бұрынғыны қайталадым, ешқандай жаңа нәрсе жасаған жоқпын», – депті. Бұл пікір оның өте қарапайым, халыққа жақын болғандығын байқатады. Конфуцийдің айтқандары бүгінгі қытайлықтарға біздің қолданып жүрген мақал-мәтелдеріміз сияқты құнды болатыны сондықтан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет