4)Системогенез. Тіршілік процестерін жүйелік кванттау. 100% Жүйенің дамуы, системогенез – Анохиннің анықтамасы бойынша, организмнің функциялық жүйелерінің пісіп жетіліп, дамуы. Әрбір адам системогенез барысында негізгі 3 этаптан өтеді:
Бірінші аумалы қатерлі кезең – балалардың 2,5-3 жасында өтеді. Бұл тұста балалардың қозғалыс белсенділігі артып, сөздік қоры кеңейеді, травма алу қауіпі артадаы, психикалары тым нәзік болып келеді.
Екінші кезең – 6-8жасты қамтиды. Бұл кезең балалардың мектепке бару уақытымен сәйкес келеді. Оларға психикалық жүктемелер мен жауапкершіліктер арта түседі, тез шаршайды, жаңа адамдармен аралса бастайды. Бұл тұста оларға жол-көлік апаттарынан травма алу қауіпі артады.
Ең соңғы кезең, балиғаттық шақ – 11-15 жасқа сәйкес келеді. Организмде бұл кезеңде жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің функциялары дамып, өзгеріп, тепе-теңдегі өзгереді. Жүйке жүйесіні аурулары осы жастағы балаларда жиі кездесе бастайды.
Системогенез әрбір адамда әртүрлі өтеді. Біз оның баяу және жедел түрлерін ажыратамыз. Жедел даму – акселерация, баяу даму – ретардация деп аталынады, бұл процесстер жүйке жүйесінің, репроуктивті жүйесінің дамуынынң қарқынымен ерекшеленеді.
Системогенез барысында адамның барлық өмір сүру кезеңі сипатталмайды, және медицина саласы мен педагогика салысындағы жіктелулер бір-бірне сәйкес келмейді. Сол себептен, адамның онтогенезінің 2 сатысында қоса, жаңа классификация енгізілді. Ол бойынша адамның даму кезеңдері негізгі 3 шаққа, және әрбір шақ бірнеше кезеңге жіктелген.
І. Антенаталдық, құрсақтағы шақ – эмбриогенез 2айға дейінгі ұрықтың дамуы мен фетогенез 2-9 ай аралығындағы даму кезеңдерінен тұрады.
ІІ. Постнаталдық – туғаннан кейінгі шақ. Ол өз кезегінде бірнеше кезеңдерден тұрады:
Неонаталдық кезең – нәрестенің туылғанынан бастап, 4 аптасына дейін жалғасады. Бұл кезеңнің алғашқы бірінші аптасы – тез бейімделі сатысы деп аталады.
Бөбектік кезең – нәрестенің емізулі кезеңі, өмірінің алғашқы 1жылын қамтиды.
Естиярлық кезең – бірінші балалық шағы, 4-7 жас аралығын қамтиды.
Бүлдіршіндік кезең – екінші балалық шағы, қыздар үшін 8-11 жас, ұлдар үшін 8-12 жас аралығында өтеді.
Пубертаттық кезең – балиғаттық кезең, қыздарда 12-15жас, ұлдарда 13-1 жасты қамтиды.
Бозбалалық кезең – жасөспірімдік кезең, бойжеткен қыздар үшін 16-20 жас, бозжеткен ұлдар үшін 17-21 жасты құрайды.
ІІІ. Ересектік шақ , өз кезегінде бірнеше кезеңнен тұрады:
Кәмелеттік жас – кемел жастың 2 кезеңінен тұрады.
Алғашқы кемел жас – организмнің өсуі тоқтап, оның құрылымы мен қызметі толық қалыптасып аяқталады. Ерлерде 22-35, әйелдерде 21-35 жасты құрайды.
Екінші кемел жас – жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйелерінде өзгерістер пайда болады, ерлерде 36-60, әйелдерде 36-55 жасты құрайды.
Егде жас – организмнің қартая бастауы, адамдардың жиі ауруға ұшырай бастайтын кезеңі. Ерлер үшін 61-74, әйелдер үшін 55-74жасты қамтиды.
Кәрілік жас – организмде инволюция, кері даму орын ала бастайды. Адамның жасы 75тен асқаннан бастап, кәрілік жас басталады.
Қарттық кезең – ұзақ өмір сүрушілер кезеңі деп те аталады, жас 91ден асқаннан кейін басталады. Тірек-қимыл аппараты әлсірейді, зат алмасу төмендейді, ұйқы бұзылады, жүйке қажи бастайды, анализаторлардың жұмысы тежеле бастайды.
Адамның осы жастарын 2ге бөледі – биологиялық жас және куәліктік жас. Куәліктік жас – туылған сәттен бастап есепке алынса, биологиялық жас – организмнің даму сатыларымен өлшенеді.