1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


​«Олжабай батыр», «Бекет батыр», «Жанқожа батыр» тарихи жырлары



бет108/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

120.​«Олжабай батыр», «Бекет батыр», «Жанқожа батыр» тарихи жырлары. 

Ер Олжабай – батырлық жыр. Жырда 18 ғасырда Абылай хан тұсында өмір сүргенқазақтың атақты батырларының біріОлжабай Толыбайұлының ерлігі баяндалады. Ел аузынан жазылып алынған, шығарушысыбелгісіз бұл шығарма қазір Орталық ғылымикітапхананың қолжазбалар қорындасақтаулы. Дастанда жырланатын батыр Орта жүз ішіндегі Арғынның Сүйіндік руынаншыққан. Шын аты – Алажақы, халық қойғанлақап аты – Олжабай. Оның жорыққашыққанда мінетін Тайкөк дейтін тұлпарыболған. Алжақы жау шебін бұзарда Олжа-байлап шабады екен. СондықтанАлжақының лақап аты да, ұраны да Олжабайболып, бүкіл Орта жүзге жайылған. Бұлдастанмен бірге атақты батыр өмірінің әркезеңін бейнелейтін аңыз-әңгімелер, жекежыр-өлеңдер де бар. Мыс., Олжабайдыңбатыр атануы атты аңыз-әңгімедеОлжабайдың қалмақ батырын жекпе-жектеөлтіріп, алғаш батыр атануы суреттелсе, Абылай ханның Сарыарқаны алғаны атгыаңыз-әңгімеде қалмақ ханы Қалдан Церенніңәскерін жеңіп қырғынға ұшыратқаныбаяндалады. 

Бекет батыр – тарихи жыр. Жырда қазақхалқының отаршылдыққа қарсы көтерілісіжырланған. Қазірге дейін 7 нұсқасы белгілі. Соның екеуі Қазан төңкерісіне дейінжарияланған (И.В. Аничков Памятники киргизского народного творчества. Киргизская былина о героях Ирьназара и Бекете Қазан. 1896, көлемі 68 жол; Ә. ДиваевБекет батыр Қазан. 1897, көлемі 600 жолдай): Аничков жариялаған нұсқаныңжолма-жол аудармасын Т.Шоханова, әдебиөңдеуін А.Никольская жасап, оны тарихипоэма деп бағалаған. Орыс актрисасы Н.П. Анненкова-Бернар Бекет (1922) атты пьеса жазып, Орынбор губерниясы театрындақойған. Орталық ғылыми кітапхана қорынахалық мұрасын жинаушы М. Құсниұлы 1941 жылы жырдың 190 жолдай көлемде толғаутүріндегі нұсқаны тапсырған. 1936 жылытапсырылған нұсқаның (көлемі 300 жолдай) мазмұны мен оқиға желісі Аничков жариялаған нұсқаға ұқсас. Ал А.Мыңбайұлытапсырған нұсқа 350 жолдай, бұлалдыңғылардан едәуір өзгеше. Бекет батыр кей ретте Ерназар-Бекет болып та кездеседі. 

 Бекет батыр тарихи жыр аталғанымен, фольклорлық шығарманың синкреттілігінбойына сіңірген. Онда лиро-эпостың, балладаның, лирикалық және тұрмыс-салтөлеңдерінің нышандары да ұшырасады. Фольклорлық туынды үшін жыршылардыңбатырлар жырына еліктеушілік ықпалықайшылық тудырмайды. Жыр жөніндеМ.Әуезов, С.Мұқанов, К.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Н.Төреқұлов еңбектеріндеайтылады, Әуезов 1942 жылында осы жырнегізінде 4 актілі драма жазды.

Жанқожа батыр — 19 ғасырдың орта шеніндегі Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан отаршылдығына қарсы күресінсуреттейтін жыр.

Айтушысы — Мысабай жырау, ол Қазалымаңындағы Қаракөл елді мекенінде тұрған.

Жинаушысы – И. В. Аничков. Ол Санкт-Петербург универсbтеті шығыстануфакультетінің түлегі, Сырдариягуберниясының әр түрлі аймақтарында сот қызметін атқарған, Орынбор, Түркістанғылымb қоғамдарының белді мүшесі болған. Аничков жырды 1893 жылы қағазға түсіріп, кейіннен «Қазан университетінің археология, тарих, этнография қоғамыныңхабаршысында» жарияланған. ШығармадаСырдың төменгі ағысындағы қазақтардыңХиуа хандығына, әсіресе, Бабажан сартқақарсы күресі жырланады. Жанрлық тұрғыданкелгенде бұл тарихи жыр.

Онда Кенесары, Төлек, Арынғазы, Есет, Бекет, Бабажан, т.б. тарихи тұлғалар мен Үргеніш, Бұхара, Райым секілді жер-су атаулары көптеп кездеседі. Жекелеген руаттары да көрініс тапқан. «Жанқожа батыр» жырының көлемі шағын, 161 жол. Тілікөркем:

Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,

Көркемдік Жәкең барда еш кемдікті,

Қаласын Бабажанның бұзып алып,

Қазаққа алып берді бір теңдікті

- деген жолдар он бір буынды өлшемгеқұрылған.

Мысабай жыраудан жазылған осы жырүлгісін Сәкен Сейфуллин «Жаңа әдебиет» журналының 1926 жылғы 5-санында араб әрпімен жарияланған. «Жанқожа жайлыөлең» деп аталған жырдың осы үлгісі ТалғатҚоңыратбаевтың «Ертедегі ескерткіштер» (1996) атты зерттеуінде қайта басылған. Қазақстанның орта ғылыми кітапханасында«Жанқожа батыр» жырының бірнеше үлгісісақталған. Олар «Жанқожа батыр», «Жанқожаның тарихы», «Жанқожа батыр мен Бабажан сарт».



Айтушылары – Мысабай, О. Сұлтанов, Л. Шаңғытбаев. Бұл нұсқаулардың біреуі қарасөзбен, өзгелері өлеңмен жазылған. Жинаушылары – М. Ахметов, Баймұхамбетов, С. Бөлекпаев, К. Көрегенов, Қалижанов, Қ. Сұлтанов, Н. Қарабатыров.т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет