1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


​Тарихи жырлардың нұсқалылығы. Эпос пен тарихи жырдың сабақтастығы, ерекшелігі



бет106/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   148
118.​Тарихи жырлардың нұсқалылығы. Эпос пен тарихи жырдың сабақтастығы, ерекшелігі

Қазақ фольклорындағы  тарихи  өлеңдердің зерттелу  мәселесі ХХ ғасырдың басындақолға алынып, көптеген ғалым-зерттеушілерхалқымыздың ауызша тараған өлең-жыр, дастандарын мұрағаттардың сақтамақорынан жарыққа шығарды.  Тарихикезеңдер шындығын беруде халық ауызәдебиетіміздің қайнар бұлағы болған тарихиөлеңдерден қазақ халқының басынан кешкен«Ақтабан шұбырынды…» заманы мен «азаттық жолындағы күрес» оқиғаларытарихи шығармаларға арқау болғандығынкөреміз. Тарихи өлеңдерден халықтыңқалыптасу, даму тарихымен тығызбайланысты екенін аңғарамыз. 

    Едіге Тұрсынов «Тарихи жыр, өлеңдердіңтегі мен дамуы» атты мақаласында тарихижырлардың қалыптасу эволюциясы сөзболып, автор екі жанрды бірлікте қарайды. Оған дәлел: тарихи жыр мен тарихи өлеңгеарқау болған тақырыптың бірлігі, халықтыңбасынан өткерген қайғы-қасіреті мен мұң-қайғысының тарихи өлең мен тарихи жырдаорын алуы екі жанрдың тұтастығынкөрсетеді.      Тарихи өлеңдердің ертедәуірден бізге жеткені ел-жұртпен қоштасу, атамекенді жоқтау, халықтың көсемдері мен батырларын мадақтау түрінде кездеседі. Қазақ халқына байланысты туған тарихиөлеңдер Қазақ хандығының кезеңіненбасталады. Тәуелсіздік жолындағы күрес ісішын мәнінде тарихи өлеңдерден бастауалады. Тарихи өлеңдердің негізгі арқауы ел мен жердің азаттығы, халықтың арманы мен мұраты болып отырады.     Тарихи жырда ерлік мәселесі кең көлемдеалынып, азаттық жолындағы қаһарманныңбейнесі сомдалады.

    Тарихи өлеңде жалпы халықтың мұң-зары, қайғы-қасіреті, салт-дәстүрі, заман тудырғаналасапыран оқиға негізінде бейнеленеді.

    Тарихи жыр мен тарихи өлеңнің бастыайырмашылығы осыдан көрінеді. Тарихиөлеңді айтушылар оқиғаны көзбен көріп, көңілмен сезген сөз сүлейлері болған. Тарихи өлеңдер лирикалық өлеңгежатпайды. Себебі тарихи өлеңдер қоғамөмірінің әр кезеңінде жедел туып, халықтыңмақсат-мүддесіне сай қызмет етіп, тарихиоқиғаны дәлме-дәл беруі жағынан эпикалықтүрге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет