1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі



бет131/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   148
Тұтастанудың түрлері

Сюжеттік тұтастану. Ол, ғалымның ойынша, негізінен орыс былиналарына тән. В. Жирмунский эпикалық сюжеттің тұтастануы деп әуел баста батырдың бір ғана ерлігі хақында шағын өлеңге бірте­бірте басқа да қаһармандық эпизодтардың жіпке тізілген маржандай бір­біріне жалғана келіп, бәрі бірігіп, жаңа, біртұтас шығармаға айналуы процесін айтады.

Екіншісі – ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану. Оған, оқымыстының пікірінше, тыңдаушылардың батырға, оның өмірбаянына деген ынтықтығы негіз болған. Бұл тәсіл бойынша, эпос батырдың туғанынан өлгенге дейінгі ғұмырын баяндайды. Әрине, өмірінің әр кезеңін әр түрлі әңгімелейді. Мысалы, ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстарын кең түрде, көтермелеп, пафоспен суреттейді.

Тұтастанудың үшінші түрі – шежірелік (генеалогиялық) сипатты болады. Бұл шарт бойынша, эпос батырдың өзін ғана емес, оның ұрпақтарын да жырлайды. Сонымен қатар эпоста батырдың бабалары да жырланады, сөйтіп бір көлемді эпопея құрылады. Бұл көп жағдайда тыңдаушылардың қалауы бойынша жасалады.

Тұтастанудың ендігі бір түрі – бір орталыққа топтасу, яғни ұлы батырдың бірнеше батыры болады, эпос солар туралы баяндайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет