1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысы. Фольклорлық стиль



бет130/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

138. Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысы. Фольклорлық стиль.

Демек, көркем жинақтау - фольклордың басты бейнелеу әдістерінің бірі. Ол, сайып келгенде, өмірді, қаһарманды фольклорлық түсінікпен дәріптеуге қызмет етеді және тұтастану құбылысын күшейтеді, өйткені, тұтастанудың өзі, түптеп келгенде, жинақтаудың бір түрі десе де болады, себебі мұнда да тарихи оқиғалар, кейіпкердің өмір жолы мен іс-әрекеттері, оның ұрпағының ғұмыры мен қимыл-ерліктері түгел жинақталып, топталып, біртұтас дүниеге қарайды. Тұтастану да қаһарманды, оның ұрпағын дәріптеуге бағытталады. Ендеше, фольклордағы тұтастану - көркем құралдың, яғни поэтиканың бір бөлігі, тармағы деуге негіз бар.

Фольклордағы тұтастану құбылысы бар екенін Н.А. Добролюбов өткен ғасырда-ақ байқаған. Ол өзінің 1858 жылы жарық көрген «Орыс әдебиетінің даму барысындағы халықтың қатысу дәрежесі» атты мақаласында фольклорға тарихи тұтастану тән екенін біршама анық айтады.

Орыс князьдерінің алауыз болып, өзді-өзі қырқысқан іс-әрекеттерін халық ешбір өлеңге, жырға қоспаған себебін айта келіп, Добролюбов былай дейді: «Шынында да, сонау Владимир заманынан бастап татарлар дәуіріне дейін болған әлеуметтік мәндегі саяси оқиғаларға халық өте селсоқ болған. Тек туған жерге атап төнген кезде ғана халық бұрынғы

ерлікті есіне алды, сөйтіп ежелгі нормандар уақытынан бері сақталып келе жатқан аңыз-жырларды қайтадан жырлады.Енді ол шашыраған аңыздауларды біріктіре бастады, соның

нотижесінде адамдарды, жер мен дәуірлерді шатастырды, бүкіл үш жүз жылғы кезеңді өзіне ұнаған Владимирдің есіміне байланыстырып, соның төңірегіне топтады. Сонымен, Владимирдің батырлары татарлармен соғысты да, Владимирдің өзі Алтын Орданың қаһарлы ханы Этмануил Этмануиловичке салық төледі».

Ескерте кететін жайт – Добролюбов орыс фольклорында татарлар дәуірінен үш ғасыр бұрын өмір сүрген Влaдимир князьді татарлардың шабуылына қарсы ұрыстарға араластырғанын айтқанда, тұтастанудың екі түрін қамтыған. Бірі - тарихи да, екіншісі - бір әмірші төңірегіне батырларды топтау.

Тұтастану құбылысын Шоқан Уәлиханов та аңғарған. Қырғыздардың «Манасы» туралы қысқаша сипаттама берген тұста ол тарихи тұтастану мен бір адамға байланысты топтау (яғни фольклорлық циклге түсу) әдістерін меңзейді. Шоқан былай дейді: «Манас» - энциклопедия, халықтың бүкіл ертегілерінің, әңгімелерінің, аныздарының, географиялық, діни, ойлау дәрежесі мен білімінің, имандылық түсініктерінің бір уақытқа телінген, бір адамның, Манас батырдың төңірегіне топталған біртұтас жиынтығы».

Міне, тұтастану құбылысы фольклордың заңдылығы екенін осыдан-ақ көруге болады. Жалпы зерттеушілер мен жинаушылар интуиция арқылы байқаған бұл заңдылық біздің дәуірімізде де ғалымдар назарын аударып, олар бұл құбылысты арнайы зерттеуге кірісті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет