139. «Халық ауыз әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары.
Әдебиеттің теориясының көркемдегіш құралдары
Әдебиетте көбінесе суреттеу тәсілдері қолданылады. Суреттеу тәсілдеріне мінездеу, портрет, бейнелеу, пейзаж жатады. Суреттеуде көріністі, бет-әлпетті, қимыл-әрекетті, әдетті нақтырақ көз алдымызға келтіре отырып сөзбен баяндайды.Суреттеу әсерлі болса, шығарма да тартымды болады.
Портрет - адамның түр-сипатын киген киімі, қылығымен бірге суреттеу.
Пейзаж - табиғатты суреттеу. Кей шығармаларда табиғат кейiпкерлердiң қуаныш-қайғысымен байланысты суреттеледi.
Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру.
Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі:
1. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы;
2. -ша, -ше жұрнақтары арқылы;
3. секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен;
4. бейне сөзінің көмегімен;
5. тең сөзінің көмегімен;
6. ұқсас сөзінің көмегімен.
Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар.
Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Айтайын деген ойдың әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі керек. «Құбылту – сөздердің тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті ойды өңін айналдырып айту.
Метонимия - зат не құбылыстың қасиет, сапасын, түр-түсін алмастыра суреттеу. Алмастырылған заттың белгілеріне қарап, нені сөз еткенін ұғуға болады. Метонимияны алмастыру деп те атайды. «Байтал шауып, бәйге алмас»деген мақалдағы байтал әйел бейнесінде.
Гипербола – затты, нәрсені өз шамасынан ұлғайтып, асыра суреттеу.
Литота - затты, нәрсені өз шамасынан төмендетіп, кішірейте суреттеу.
Егіздеу - екі нәрсені, құбылысты не ұғым мен сезімді қатар қойып, ұқсата, салыстыра суреттейтін тәсілдер. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде егіздеу тәсілі қолданылған.
Достарыңызбен бөлісу: |